18
ҚАЗАҚША
ЭЛЕКТРҚЫСҚАШТАР VT-2527
Құрылғы шашты «толқын» типте сәндеуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Ілуге арналған ілмек
2.
Жұмыс тілімдерінің бекіткіші
3.
Іске қосу/сөндіру түймесі « »
4.
Жұмыс пластиналарының температурасын орнату
түймелері «
+/-
»
5.
Дисплей
6.
Жұмыс тілімдері
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Суы бар ыдыстардың қасында бұл құрылғыны пайда
ланбаңыз (қолжуғыш, ванна және т.с.с.).
• Құрылғыны жуыну бөлмесінде пайдаланған кезде, оны
пайдаланып болғаннан кейін, аспапты желіден сөндіру,
яғни желілік баудың айыртетігін ашалықтан ажырату
керек, себебі судың жақындығы құрылғы сөндіргішпен
сөндірілген жағдайда да қауіп төндіреді;
• Қосымша қорғаныс үшін жуыну бөлмесіндегі
қоректендіру тізбегіне қорғаныс ажыратылу құрылғысын
(ҚАҚ) 30 мАден аспайтын номиналды іске қосылу
тоғымен орнатқан дұрыс; орнатқан кезде маманға
хабарласқан жөн;
• Электрқысқашты орнықты, түзу, термотөзімді бетке
орналастырыңыз. Жұмыс тілімдері мен сыртқы жұмыс
беттері жылдам балқитын немесе тез тұтанатын
заттармен (пластмасса, полиэтилен, синтетикалық
материалдармен ж.с.с.) жанаспауын қадағалаңыз.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз және
оны анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс
пайдаланбау оның бұзылуына, пайдаланушыға немесе
оның мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
• Іске қосу алдында, электр желісінің кернеуі құрылғының
жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
IM VT-2527_70x130.indd 18
10/23/20 4:01 PM