16
ҚазаҚша
Түнгі режимді іске қосу/сөндіру
батырмасы (18)
–
Түнгі режимді іске қосу үшін батырмаға (18)
қол тигізіңіз, осы кезде дисплейде (2) жұмыс
режимдерінің таңбалары жолағында (22)
түнгі режимнің таңбасы жанады.
–
Түнгі режимді сөндіру үшін батырмаға (18)
тағы да қол тигізіңіз
Ескерту:
түнгі режим кезінде құрылғы
«бу» шығаруды жалғастырады. Түнгі режим
дисплейдің көмескілеуін ғана сөндіреді және ол
Сізге ұйықтауға кедергі жасамайды.
Судың жеткіліксіз көлемінің көрсетілімі
–
Сауытта (6) су біткенде, құрылғы
сөнеді, дыбыстық сигнал шығады, осы
кезде дисплейде (2) жұмыс режимдері
таңбаларының жолағында (22) қызыл түспен
сауытта судың
бітуінің таңбасы жанады.
–
Құрылғыны батырмамен (13) сөндіріңіз,
шүмекті (7) және сауытты (6) шешіңіз.
Сауытты (6) сумен толтырыңыз («Ауа
ылғалдатқышын пайдалану» тарауын қар.).
Ылғалдатқыш корпусына (12) алдымен
толтырылған сауытты (6), содан кейін
шүмекті (7) орнатыңыз.
–
Құрылғыны келесі пайдалану үшін іске
қосыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
САҚТАНДЫРУ!
Тазалау алдында міндетті
түрде аспапты сөндіріңіз және оны электрлік
желіден ажыратыңыз.
Кермек су жұмыс камерасында (4) және
сауытта (6) минералды шөгінділердің пайда
болуын тудырады, бұл аспап жұмысының
нашарлауына әкеледі. Бұған жол бермеу үшін:
–
тұрмыстық сүзгімен тазартылған суды,
қайнатылған және тұндырылған суды
пайдаланыңыз. Егер су құбыры суы
кермек болса, онда оны дистильденген
сумен 1:1 қатынасында араластыру
ұсынылады. Өте кермек су болғанда оны
дистильденген сумен 1:2 қатынасында
араластырыңыз немесе тек дистильденген
суды пайдаланыңыз.
–
Сауыттағы (6) суды аптасына екі рет
ауыстырыңыз.
–
Жұмыс камерасы (4) мен сауытты (6)
бейтарап жуғыш заттың ерітіндісімен
аптасына екі рет жақсылап жуыңыз.
–
Жұмыс камерасын (4) тазалау алдында
қыздырғыш элементтің қорғаныс қақпағын
(5) шешіңіз.
–
«Шашыратқышты» тазалау үшін оған
5-10 тамшы тазартқыш затты тамызыңыз,
шамамен 10-15 минут күтіңіз. Жұмсақ
қылшақпен «шашыратқыш» бетінен өңезді
жойыңыз, содан кейін жұмыс камерасын
(4) бейтарап жуғыш заттың ерітіндісімен
жуыңыз.
–
Жұмыс камерасын (4) және сауытты (6)
бірнеше рет шайыңыз. Жұмыс камерасын
(4) жұмсақ матамен сүртіңіз.
–
Ылғалдатқыш корпусын (12) жұмсақ сәл
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
–
Ластанған сайын ауатартқыш торын (1)
шешіңіз және тарзартыңыз.
Ескерту:
–
Ылғалдатқыш корпусын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға матырмаңыз;
–
«Шашыратқышты»
тазалау
үшін
қажайтын тазалағыш заттарды және
еріткіштерді пайдаланбаңыз;
–
«Шашыратқышқа» арналған тазалағыш
зат ретінде шайнектердегі қақты жоюға
арналған затты пайдалануға болады,
берліген затты пайдалану бойынша
нұсқаулықтағы ұсыныстарды қатаң
сақтаңыз.
Минералды сүзгі (10)
Минералды сүзгі суды қоспалардан, ауыр
металлдар иондарынан, бактериялардан және
т.б. тазартады.
Минералды сүзгіні тазалау
–
Минералды сүзгіні (10) мезгілімен жуу және
тазалауды жүргізу, әсіресе «кермек суды»
пайдаланған кезде ұсынылады.
–
Сауытты (6) шешіңіз, қақпақты (11) бұрап
алыңыз және оны шешіңіз, минералды
сүзгіні (10) сағат тіліне қарсы бұрап, оны
бұрап алыңыз.
–
Сәйкес ыдысқа бөлме температурасы
бар суды құйыңыз, тағамдық сірке суын
(шамамен 1 ас қасық) қосыңыз және
минералды сүзгіні (10) шамамен 10 минутқа
салып қойыңыз,
–
Минералды сүзгіні (10) шығарыңыз және
оны ағын судың астында жуыңыз.
–
Минералды сүзгіні (10) қайтадан қақпаққа
(11) сағат тілі бойынша бұрап орнатыңыз.
IM VT-2335.indd 16
27.02.2017 17:35:48