10
ҚАЗАҚША
ЖЕЛДЕТКІШ VT-1903
Желдеткіш үй-жайларды жасанды желдету үшін
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Басқару панелі
2. Алдыңғы панель (ауа шығысымен)
3. Артқы панель (ауа тартқыш тормен)
4. Едендік түпқойма
5. Желі бауы
6. Бекіткіш ысырмалар
7. Пультке арналған ойықша
8. Түпқойманың отырғызу тесігі
9. Қосқыш бекітпелер
10. Бекіткіш сомын
11. Желілік бауды салуға арналған арна
12. Дисплейі
Басқару панелі (1)
13. Ау ағыны режимдері батырмасы
14. Таймер жұмысы уақытын белгілеу
батырмасы
15. Қосу/сөндіру батырмасы
16. Жылдамдық режимі батырмасы
17. Бұрылу режимі батырмасы
18. Қашықтан басқару пульті
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Желдеткішті алғаш пайдалану алдыда берілген
пайдалану бойынша нұсқаулықты зейін қойып
оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
•
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсатына сай ғана пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
сынуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлігіне зиян келтіруге әкелуі мүмкін.
•
Алғашқы қосу алдында, электр желісіндегі
кернеу құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
•
Желдеткішті пайдаланбас бұрын желі
бауын мұқият тексеріп шығыңыз және
оның бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз
желі бауының зақымдалуын байқасаңыз,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Желдеткішті үй-жайлардан тыс пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны түзу, құрғақ және тұрақты бетке,
жылу және ашық жалын көздерінен алыс
жерге орналастырыңыз.
•
Құрылғыны су құйылған ыдыстардың қасында,
асүйлік раковинаның тікелей қасында
және сыз жертөле үй-жайларында немесе
хауыздың қасында пайдаланбаңыз.
•
Желдеткішті, желі бауын және желі бауының
айырын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
•
Құрылғы корпусын және желі бауының айырын
сулы қолмен ұстамаңыз.
•
Егер желдеткіш суға түсіп кетсе, оны судан
шығарғанға дейін, желі бауының айырын
электр розеткасынан суырыңыз, және содан
кейін ғана желдеткішті судан шығаруға
болады. Желдеткішті тексеру немесе жөндеу
үшін кепілдеме талонында және www.vitek.ru
сайтында көрсетілген байланысу мекен-
жайлары бойынша кез-келген авторланған
(уәкілетті) қызмет көрсету орталығына
жүгініңіз.
•
Желі бауының ыстық беттерге және жиһаздың
үшкір жиектеріне тиюіне жол бермеңіз.
•
Құрастырылмаған желдеткішті іске қосуға
тыйым салынады.
•
Жарақаттар алуға немесе құрылғының
бүлінуіне жол бермеу үшін желдеткіштің
қорғаныс торларының саңылауларына бөтен
заттарды салуға тыйым салынады.
•
Желдеткіш жұмыс істеп тұрған уақытта
айналатын қалақтарды ұстауға тыйым
салынады.
•
Желдеткішті
перделер,
шымылдықтар
немесе бөлме өсімдіктеріне жақын жерге
орналастырмаңыз.
•
Желдеткіштен шығатын ауа ағыны астында
ұзақ уақыт бойы тұруға болмайды (әсіресе
балалар мен қарт адамдарға).
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Желдеткішті тазалау, сонымен қатар егер
сіз оны пайдаланбасаңыз немесе оны
жаңа орынға апарып қойғанға дейін электр
желісінен ажыратыңыз.
•
Желдеткішті электр желісінен ажыратқанда,
желі бауынан тартпаңыз, желі бауының
айырынан ұстаңыз.
•
Құрылғыны уақтылы тазалап тұрыңыз.
•
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
•
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайда ланылатын
полиэтилен қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірмен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі бар!