18
ҚазаҚша
Сүзгіні тазалау
• Сүзгіні (12) тазалауды ол арқылы шамамен 1000 литр
су өткеннен кейін жүргізіңіз, ал кермек суды қолданған
жағдайда немесе жиһаз заттарында «ақ іздер» пайда
болған жағдайда жиірек жүргізу керек.
• Суға арналған резервуарды (13) корпустан (18) алып
тастаңыз.
• Резервуарды (13) төңкеріңіз, қақпақты (14) сағат тіліне
қарсы бағытта бұрап алып тастаңыз, сүзгі-картриджді
(12) сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
• Сүзгі-картриджді (12) 10 минутқа асханалық сірке суы
бар ыдысқа орналастырыңыз, сүзгі-картриджді (12)
алып шығыңыз және оны ағын судың астында жуыңыз.
• Сүзгі-картриджді (12) қайтадан қақпаққа (14) сағат
тілімен бұрап отырып орнатыңыз.
Сүзгі-картриджді айырбастау (12)
Сүзгі-картриджді (12) айырбастауды қажеттілік көлеміне
қарай жүргізіңіз.
Сақтау
• Егер сіз құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын
болып шешсеңіз және оны жинап тастағыңыз келсе,
оның бүріккіштің жұмысшы бөлігін қосқанда, барлық
бөліктерінің құрғақтығына көз жеткізіңіз.
• Резервуарында және бүріккіштің жұмысшы бөлігінде
суы бар құрылғыны сақтамаңыз.
• Сүзгі-картриджді сақтауға жинар алдында оны
тазалауды жүргізіңіз және кептіріңіз, сүзгі-картриджді
салқын, қараңғыланған жерде сақтаңыз.
• Ылғалдағышты балалардың қолы жетпейтін, құрғақ
салқын орындарда сақтаңыз.
Ескертпе:
Егер бүріккішті минералды шөгінділерден тазалау
ережелері сақталынбаса, онда ылғалдағыштың
жұмысының тиімділігі төмендеуі мүмкін. Бұл
жағдайда құрылғыны тазартуды жүргізіңіз. Егер
қолданылатын су құбырының суы өте кермек болса,
онда қосымша суды тазалауға арналған тұрмыстық
сүзгілерді пайдаланыңыз немесе су құбырының суын
сүзгіленген сумен 1:1 қатынасында араластырыңыз.
Жеткізу жинақтамасы
Ылғалдағыш – 1 д.
Шүмекті алынбалы қақпақ – 1 д.
Суға арналған алынбалы резервуар – 1 д.
Резервуардың алынбалы қақпағы – 1 д.
Резервуардың жоғарғы қақпақшасының алынбалы
қақпағы – 1 д.
Нұсқаулық – 1 д.
Техникалық сипаттамалар
Электр қуат көзі: 220–240 В ~50 Гц
Максималды қуаттылық: 140 Вт
Суға арналған резервуардың сыйымдылығы: 6 л
Су шығыны: ≥ 400 мл/с
Ылғалдану ауданы: 50м
2
-ге дейін
Өндіруші құрылғының дизайны мен техникалық
сипаттамаларын алдын-ала хабарлаусыз өзгерту
құқығын өзіне қалдырады
Құрылғының қызмет ету мерзімі - 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы
гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Ақау
Ықтимал себептер
Ақауларды жою
Суға арналған резервуардың (16)
көмескі жарығы жанбайды және бу
шығуы жоқ.
Қуат көзі кернеуі жоқ.
Құрылғыны электр желісіне қосыңыз.
Розетканың жұмысқа қабілеттілігіне көз жеткізу
үшін, дұрыс жұмыс жасап тұрғанына сенімді басқа
құрылғыны желілік розеткаға қосыңыз.
Дисплейде индикатор жанып тұр
(24), бу шығуы жоқ.
Резервуарда су жоқ.
Суға арналған резервуарға су құйыңыз.
Будың иісі жағымсыз.
Құрылғыны алғашқы қолдану.
Резервуардың қақпағын бұрап ашыңыз, суды төгіп
тастаңыз, резервуарды ашық күйінде 12 сағатқа
қараңғы құрғақ жерде қалдырыңыз.
Лас немесе тұрып қалған су.
Құрылғыны
электр
желісінен
ажыратыңыз,
резервуарды алып тастаңыз, суды төгіңіз, резервуарды
жуыңыз, таза қайнаған сүзілген суды құйыңыз.
Бу шығуының шағын қарқындылығы Бүріккіш ластанған.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және
бүріккішті тазалауды жүргізіңіз.
Ылғалдағыш жұмысы кезіндегі
бөгде шу
Құрылғы тегіс емес немесе
қозғалмалы бетте орнатылған.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және
құрылғының корпусын түзетіңіз немесе ылғалдағышты
басқа орынға ауыстырып қойыңыз.
VT-1768.indd 18
20.01.2014 12:26:15