![Vitek VT-1636 Manual Instruction Download Page 16](http://html.mh-extra.com/html/vitek/vt-1636/vt-1636_manual-instruction_1035972016.webp)
16
ҚАЗАҚ
қасында пайдаланылған жағдайларда
айрықша сақтандыру шараларын сақтау
керек.
•
Моторлық блокты суға немесе басқа
сұйықтықтарға батыруға, сонымен қатар
оны су ағынының астында жууға тыйым
салынады. Моторлық блокты тазарту үшін
дымқыл матаны пайдаланыңыз.
• Желілік баудың, айыртетіктің немесе басқа
бөлшектердің бүлінуі кезінде аспапты
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны өз бетіңізден жөндемеңіз.
Желілік баудың бүлінуі жағдайында немесе
құрылғыны жөндеу үшін туындыгерлес
(өкілетті) қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Электр аспабын құрғақ, салқын, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құрылғы үйде пайдалануға ғана арналған,
шырынсыққышты коммерциялық
пайдалануға тыйым салынады.
Жұмысқа дайындалу
• Құрылғыны ораудан шығарыңыз.
• Азық-түлікпен жанасатын барлық шешілмелі
бөлшектерді жақсылап жуыңыз, жəне
оларды кептіріңіз.
• Алғашқы іске қосу алдында, аспаптың
жұмыс істеу кернеуі электр желісі кернеуіне
сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту:
Қолыңызда үккіш-сүзгішті ұстағанда,
сақ болыңыз, үккіштің өткір беті бар.
•
Көкөністерді/жемістерді жуыңыз жəне
шырынсыққыш қақпағының аузына жеңіл
өтетін бөліктерге бөліңіз.
• «Сүйекті» жемістерден (мысалы, шиеден,
шабдылан жəне т.с.с-лардан) шырын
шығарғанда, міндетті түрде жемістерден
сүйектерді алып тастаңыз.
Шырынды дайындау
•
Шырынсыққышты түзу, құрғақ жəне тұрақты
бетке қойыңыз.
• Құрастыру алдында, аспаптың сөнгеніне
жəне желіден ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
• Шырынжинауышты (5) моторлық блокқа (8)
орнатыңыз.
• Үккіш-сүзгішті (4) шырынжинауышқа (5)
орнатыңыз.
Ескерту:
Механикалық бұзылулар табылған
кезде үккіш-сүзгішті пайдаланбаңыз.
• Қақпақты (3) шырынжинауышқа орнатыңыз
жəне бекіткіштер (7) көмегімен бекітіңіз.
• Сығындыларға арналған сауытты (10)
орнатыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
салыңыз.
• Ауыстырғышты (9) «1» күйіне (төмен
жылдамдық) немесе «2» күйіне (жоғары
жылдамдық) белгілеп, шырынсыққышты
іске қосыңыз.
Ескерту:
- «төмен жылдамдық» - жұмсақ көкөністердің/
жемістердің (қызандар, алмұрттар,
бүлдірген, апельсиндер, алхоры, жүзім,
асқабақ, пияз, қияр жəне т.с.с.) шырынын
сығу үшін.
- «жоғары жылдамдық» - қатты көкөністердің/
жемістердің (бөрікгүл, сəбіз, алма,
бұрыш, қызылша, картоп, ананастар, кəді,
балдыркөк, саумалдық, аскөгі, сопақ басты
пияз жəне т.с.с.) шырынын сығу үшін.
Назар аударыңыз!
Моторға қосымша
жүктеу жасайтын азық-түлікті (жабысқақ
жəне/немесе қатты азық-түлікті) өңдегенде
жұмыс процесінде мотордың тоқтап қалуына
жəне кейін істен шығуына жол бермеу үшін
құрылғыны жоғары жылдамдықта («2» күйінде)
пайдалану ұсынылады.
• Егер барлық шешілмелі бөліктер дұрыс
орнатылған жəне қақпақ (3) бекіткіштермен
(7) бекітілген жағдайда ғана шырынсыққыш
іске қосылады.
• Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде ғана
азық- түлікті жүктеңіз.
• Көкөністердің немесе жемістердің алдын-
ала туралған бөліктерін қақпақтың аузына
(2) біртіндеп салыңыз жəне оларға
итергішпен (1) сəл басыңыз. Итергішке тым
қатты баспаңыз, себебі бұл алынған шырын
сапасының төмендеуіне жəне тіпті – үккіш-
сүзгіштің (4) айналуының тоқтауына əкелуі
мүмкін. Көкөністер мен жемістерді өңдеу
неғұрлым баяу болса, соғұрлым шырынның
шығуы көп болады.
• Саусақтарды жəне басқа заттарды қақпақтың
аузына (2) салуға тыйым салынады.
1636.indd 16
1636.indd 16
09.06.2011 11:38:43
09.06.2011 11:38:43