
19
ҚазаҚша
4.
Сүзгі ұстауышын (7) кофебұқтырғышқа
орнатыңыз. Ұстауыштың (7) шығыңқылары
бойлердің ойықтарына сәйкес келуі керек,
содан кейін, сүзгі ұстауышының (7) тұтқасын
тірелгенге дейін «LOCK» оңға қарай бұраңыз.
5.
Сәйкес тостақты табандық торына (6)
қойыңыз.
6.
Желілік баусым ашасын ашалыққа салыңыз.
7.
« » батырмасын (9) басып кофебұқтыр-
ғышты іске қосыңыз.
8.
Жарықтық көрсеткіштің тұрақты жанып
тұрғанын күтіңіз.
9.
« » батырмасын (11) басыңыз және көлемі
шамамен 100 мл тостақты толтырыңыз (бұл
бойлерден суды шығару және оны лимон
қышқылының ерітіндісімен толтыру үшін
қажет), « » батырмасын (11) қайталап
басып, су беруді сөндіріңіз.
10.
Ұштаманы (5) түтік-капучинатордан (4)
шешіңіз және түтіктің (4) астына сәйкес
ыдысты қойыңыз.
«
» батырмасын (10) басыңыз және
бойлердің қызуын күтіңіз (жарықтық көрсеткіш
тұрақты жанып тұрады). Бу беру реттегішінің
(3) тұтқасын сағат тіліне баяу бұраңыз және
бу беруді 10-15 секундқа ашыңыз. Реттегіш
(3) тұтқасын «
•
» күйіне белгілеп, бу беруді
жабыңыз.
11.
7-10 тармақтарда сипатталған рәсімді
3 реттен кем емес қайталаңыз. Батырманы
(9) басып, кофебұқтырғышты сөндіріңіз.
10-15 минут күтіңіз.
12.
« » батырмасын (9) басып кофебұқтыр-
ғышты іске қосыңыз.
13.
Жарықтық көрсеткіштің тұрақты жанып
тұрғанын күтіңіз.
14.
Арасына аз уақыт салып, бойлерді тазалау
үдерісін сауыттағы лимон қышқылының
ерітіндісі толық аяқталғанша қайталаңыз
(9 тармақ).
15.
Сауытқа (2) максималды деңгейге дейін
таза су толтырыңыз және қайталап
7-10 тармақтарын кем дегенде 3 рет, арасына
10-15 минут үзіліс салмай қайталаңыз.
16.
« »
батырмасын
(9)
басып,
кофебұқтырғышты сөндіріңіз.
Ескерту: -
Қақты кетіру үшін кофебұқтыр-
ғыштар мен кофе-машиналардағы қақты
кетіруге арналған арнайы құралдарды оларды
пайдалану нұсқаулығын қатаң сақтай отырып,
қолдануға болады.
ТАЗАЛАУ
–
Сүзгі (12 немесе 13) саңылаулары үгетілген
кофенің шөгіндісімен ластанған болса,
оларды шағын қылшақпен тазалауға болады.
–
Кофебұқтырғыш корпусын жұмсақ, сәл
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
–
Кофебұқтырғышты тазалау үшін металл
қылшақтарды және қажайтын жуғыш
құралдарды қолданбаңыз.
–
Желілік баусымды, желілік баусым ашасын
және кофебұқтырғыш корпусын суға немесе
басқа сұйықтықтарға матыруға тыйым
салынады.
–
Кофеқайнатқыштың алынбалы бөлшектерін
бейтарап жуғыш құрал қосылған жылы
сумен жуыңыз, шайыңыз және оларды
құрғатыңыз.
Тамшыларға арналған табандық және тор (6)
–
Табандық торын (6) шешіңіз, табандықтан
суды төгіңіз, табандықты жуыңыз және оны
орнына орнатыңыз, торды табандыққа (6)
орнатыңыз.
САҚТАЛУЫ
–
Құрылғыны сақтауға салып қоюға дейін оны
электржелісінен ажыратыңыз және оған
толық салқындауға уақыт беріңіз.
–
Құрылғыны тазалауды жүргізіңіз.
–
Кофебұқтырғышты температурасы 0°C төмен
панажайларда қалдыруға, пайдалануға және
сақтауға тыйым салынады.
–
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
АҚАУЛЫҚТАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖОЮ ӘДІСТЕРІ
Ақаулық
Себебі
Жою әдісі
Кофебұқтырғыш іске
қосылмайды.
Желілік ашалықта кернеу жоқ.
Желілік баусым ашасы ашалыққа
дұрыс жалғанбаған.
Желілік ашалықтың жұмыс істеп
тұрғанын тексеріңіз.
Ашаның ашалыққа түбіне дейін
салынғанын тексеріңіз.
Су кофебұқтырғыштың
төменгі бөлігінен ағады.
Суға арналған табандық толып
кетті.
Астаудағы суды төгіп тастаңыз.
IM VT-1523.indd 19
21.12.2017 17:06:01