ҚАЗАҚ
43
•
Пештің есігі əрқашан таза болуы қажет. Есік жəне пештің беткі панелі арасында тамақ түйірлерінің
жиналуына жол бермеңіз, себебі бұл есіктің дұрыс жабылуына бөгет болады.
•
Пешті суытуға арналған ауа кіретін пеш корпусындағы желдеткіш тесіктерін шаң-тозаңнан үнемі тазалап
отырыңыз.
•
Шыны табақты жəне оның тірегін үнемі алып, тазалап отырыңыз; пештің жұмыс камерасының түбін
сүртіңіз.
•
Шыны табақты жəне оның айналу жетегін бейтараптағыш сабын құралы құйылған суда жуыңыз. Бұл
бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуу машинасын қолдануға болады.
•
Қыздырылған шыны табақты суық суға салмаңыз: температураның бірден өзгеруінен шыны табақ
жарылып кетуі мүмкін.
Ақаулықты жою
Ақаулық
Ықтимал себебі
Жою тəсілі
Пеш қосылмайды
Желілік кабельдің
ашасы розеткаға
тығыз орнатылмаған.
Розеткадан ашаны ажыратыңыз. 10 секунд
өткеннен кейін ашаны қайтадан розеткаға
қосыңыз.
Желілік розеткадағы
проблема.
Тексеру үшін сол розеткаға басқа электр
аспабын қосып көріңіз.
Қызбайды
Есік жақсы
жабылмаған.
Есікті берік жабыңыз.
Пештің жұмыс
кезінде
айналатын
шыны табақ
жат дауыстар
шығарады
Шығыршық сақина не
жұмыс камерасының
төменгі бөлігі
кірленген.
Шыны табақты жəне шығыршық сақинаны
шешіңіз. Шығыршық сақинаны жəне жұмыс
камерасының түбін жуыңыз.
Қалыпты жұмыс
Микротолқынды пеш теле- жəне
радиосигналдарды қабылдауда
бөгет тудырады
Микротолқынды пештің жұмысы барысында теле- жəне
радиосигналдары қабылдау кезінде бөгеттер туындауы
мүмкін. Оған ұқсас бөгеттер өлшемі қатты үлкен емес
электр аспаптарымен (миксер, шаңсорғыш жəне
электр фені) жұмыс істеу кезінде де туындауы мүмкін
– бұл қалыпты жағдай.
Жарықтандырудың жарығы көмескі
Егер микротолқынды сəулеленудің төмен деңгейдегі
қуаттылығы орнатылса, онда жұмыс камерасындағы
жарықтандыру жарығының деңгейі көмескі болуы
мүмкін – бұл қалыпты жағдай.
Есікте бу жиналған, ыстық ауа
желдеткіш тесіктерінен шығады
Дайындау барысында дайындалып жатқан тамақтан
бу шығуы мүмкін. Будың көп бөлігі желдеткіш тесігінен
шығады, алайда оның кейбір бөлігі есіктің ішкі
бөлігінде жиналуы мүмкін – бұл қалыпты жағдай.
Микротолқынды пеш тамақтармен
толтырылмай қосылған
Микротолқынды пешті тамақ толтырмай қысқа уақытқа
қосу оның бұзылуына алып келмейді. Пешті қосар
алдында онда əрқашан тамақтың болуын тексеріңіз.
arab.indd 43
arab.indd 43
07.06.2006 14:53:47
07.06.2006 14:53:47