Infuser Bottle
KK
700 мл-лік демдегіш бөтелке лимондар немесе
лаймдар сияқты цитрустық жемістердің шырынын
сығуға, я болмаса, тікелей салқын немесе жылы суда
жемістерді, шөптерді немесе шай жапырақтарын
демдеуге мүмкіндік береді.
a s D F G J M H
Қуатты үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ыдыс жуғыш
машинаны төмен температуралы бағдарламаға қойып қолданыңыз.
Ерекшеліктері мен артықшылықтары
•
Орнында құлыпталатын, сұйықтықты өткізбейтін
қақпағы бар қақпақтағы бұранда. Қақпақта тығыз
жабылуын қамтамасыз ету үшін тығыздағыш
қосылған.
•
Қақпақтың артқы жағындағы шағын саңылау
бөтелкеге ұстап жүру бауын тағуға мүмкіндік береді.
•
Қақпақтың үлкен, жалпақ беті цитрустық
жемістердің шырынын сыққанда тұрақтылықты
қамтамасыз етеді.
•
Шырын сығу құрамдасын бөтелкеге екі бағыттан
да салуға болады. Бұл шағын цитрустық жемістерді
немесе жидектерді, жеміс бөліктерін, шөптерді
немесе шай жапырақтарын демдеуге мүмкіндік
береді.
•
Шырын сығу құрамдасының айналасында
шағын тесіктер бар. Бұл тесіктер тұқымдардың,
жапырақтардың, т.б. суға өтуіне жол бермеу үшін
ингредиенттерді ұстап қалуға арналған.
•
Төменгі кесе жидектерді, жемістердің бөліктерін,
шөптерді немесе шай жапырақтарын демдегенде
пайдалануға арналған.
•
Бөтелке екі соңында да оңай тазалау үшін кең
саңылаулармен ашық. Сондай-ақ, тығыз жабылуын
қамтамасыз ету үшін оның төменгі бұранда ирек
оймасында тағы бір тығыздағыш бар.
•
Бөтелкенің үстіне дейін толтырылғанда сыйымдылық
700 мл болып табылады.
Тазалау жөніндегі ұсыныстар
•
Жаңа өнімді алғаш рет пайдаланар алдында жуып,
шайыңыз.
•
Ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
•
Әрбір қолданғаннан кейін өнімнің барлық
бөлшектерін әрқашан тазалап тұрыңыз.
•
Өнімді қолданбаған кезде әрқашан ашық күйде
ұстаңыз.
Маңызды сақтық шаралары
•
Орнында тұруын қамтамасыз ету үшін бөтелкенің
түбіне шырын сығу конусы құрамдасын бекіткенде
ойықтарды туралаңыз.
•
Газдалған сусындар, содалы су немесе сүт өнімдері
үшін пайдаланбаңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Демдегіш бөтелкеге қайнап жатқан
суды құймаңыз. Өнімдегі судың ең жоғары
температурасы 65⁰C мәнінен аспауы керек. Кез
келген жағдайда тікелей демдегіштен кез келген
жылы сұйықтықтарды ішкенде сақ болыңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Ыстық сумен толтырылған болса,
демдегіш бөтелкені шайқамаңыз.
•
ЕСКЕРТУ: Жемісті немесе шай жапырақтарын
қоспай тұрып бөтелкені сумен толтырмаңыз. Суды
тек бөтелкеде белгіленген толтыру сызығына
дейін толтырмаған болсаңыз, бөтелкені сумен
толтырғаннан кейін аудармаңыз және төменгі кесені
ашпаңыз. Жаңарту, я болмаса, жемістерді немесе
шай жапырақтарын алу үшін төменгі кесені ашу
алдында бөтелке бос екеніне әрқашан көз жеткізіңіз.
•
Шағын толқынды пешке салуға, плита үстіне немесе
мұздатқышқа қоюға болмайды.
Tupperware сапа кепілдігі
Демдегіш бөтелкеде барлық Tupperware өнімдеріне
сияқты қандай да бір материал не өндіру ақауы, әсіресе
өнімді нұсқауларға сай және қалыпты үй қолданысында
пайдаланғанда ақауы орын алса Tupperware
компаниясы өндірген кез келген өнімнің ауыстырылуын
қамтамасыз ететін бірдей Сапа Кепілдігі беріледі.
Дақ түсуі өнімнің жұмысына әсер етпейді және ол
Tupperware кепілдігінде қамтылмайды.
www.tupperwarebrands.com мекенжайы