217
216
түймесінің жанындағы 2 шам жанады.
Сондай-ақ жылы ұстау режимін температураға жеткеннен кейін іске қосуға болады.
пернесін ұзақ басыңыз. түймесінің жанындағы 2 шам жанады.
Жылыту бағдарламаларын өшіргіңіз келсе, жай ғана немесе
түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Ұзақ басу қайнату бағдарламасының соңынан кейін түймені 30 секундтан азырақ
бассаңыз ғана жылы ұстау режимін белсендіреді, олай етпесе экран өшеді.
ЕСКЕРТПЕ
Экран 30 секундтан кейін автоматты түрде өшеді – тек жылы ұстау режимін таңдамасаңыз
– бірақ кез келген пернені басу экранды кез келген уақытта қайтадан қосады.
100°C температурасын таңдасаңыз және жылы ұстау функциясын белсендірсеңіз,
шәйнек температураны 95°C-та 30 мин. бойы сақтайды.
Шәйнектегі судың температурасы сіз пернесін басқанда таңдаған температурадан
жоғарырақ болса, жылыту басталмайды.
Мысалы, су температурасы 90°C болса, сіз 40°C, 70°C немесе 80°C температурасын
таңдау арқылы жылытуды бастай алмайсыз.
ҰСЫНЫЛҒАН ТЕМПЕРАТУРАЛАР
40°C: сәби сүті
70°C: ақ шай
80°C: көк шай
90°C: жаңа тартылған кофе
100°C: суды қайнату/демдеу
6. ШӘЙНЕК АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШЕДІ:
Су қайнау нүктесіне немесе таңдалған температураға жеткенде.
Қолданып болғаннан кейін шәйнекте суды қалдырмаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ШӘЙНЕКТІ ТАЗАЛАУ
Шәйнекті желіден ажыратыңыз.
Оны суытыңыз, сосын ылғал губкамен сүртіп алыңыз.
Шәйнекті, үйкекті, электрлі баусымды немесе штепсельді ешқашан суға салмаңыз:
электрлі қосылыстар да, ажыратқыш та сумен жанаспауы қажет.
Тазалағыштарды қолданбаңыз.
Қосылып тұрған кезде дисплейді сүртпеңіз, ол күтпеген жерден іске қосылуы мүмкін.
СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ*
Алынбалы сүзгі қақ бөлшектерін ұстап қалатын және құйып жатқанда олардың ыдысқа түсіп
кетуіне жол бермейтін тордан тұрады. Сүзгі судың кермектігін тазартпайды және жоймайды.
Ол осылай судың барлық қасиеттерін сақтайды. Өте кермек сумен сүзгінің )10-15 рет
пайдаланған соң( жылдам бітеліп қалуы мүмкін. Оны жиі тазалап тұру маңызды. Егер ол
дымқыл болса, оны ағынды су астына қойыңыз, ал құрғақ болса, оны мұқият щеткамен
тазалаңыз. Кейде қақ өздігінен кетпейді, сондықтан ондай кезде қақты кетіру қажет.
*үлгілерге байланысты
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Егер су құрамында әк қоспалары көп болатын болса, онда, ең кем дегенде, айына
бір рет немесе одан да жиірек қақты тұрақты түрде кетіріп отыру керек. Шәйнектегі
температураны анықтауға қақ әсер етуі мүмкін.
Қақты кетіру үшін келесіні қолданыңыз:
Жабдық дүкендерінен сатып алуға болатын ақ сірке суын пайдаланып:
–
Шәйнекті ½ л ақ сірке суымен толтырыңыз,
–
1 сағат бойы қыздырусыз қалдырыңыз.
Лимон қышқылын пайдалану:
–
½ л суды қайнатыңыз,
–
25 г лимон қышқылын қосып, 15 минутқа қалдырыңыз.
Шәйнектің ішіндегісін төгіңіз және 5-6 рет шайыңыз. Қажет болған жағдайда үрдісті
қайталаңыз.
Шәйнек қағын түсіру үшін:
Сүзгіні ақ сірке суына немесе лимон қышқылының ерітіндісіне салыңыз.
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз.
АҚАУЛАР
ЕГЕР ШӘЙНЕКТІҢ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ БОЛМАСА:
Шәйнек жұмыс істемейді
–
Шәйнектің электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
–
Шәйнекте су болған жоқ болмаса қақ жиналып қалған, осының салдарынан су
жоқ болған кезде шәйнекті ажырататын қауіпсіздік жүйесі іске қосылды: шәйнектің
суығанын күтіңіз, оны негізінен алыңыз және су құйыңыз. Қақ жиналып қалса,
алдымен қақты тазалаңыз.
Ауыстырып-қосқышты басу арқылы шәйнекті қосыңыз: ол шамамен 15 минуттан кейін
жұмыс істейді.
ЕГЕР ШӘЙНЕК ҚҰЛАП ҚАЛСА, ОДАН СУ АҒАТЫН БОЛСА, ЕГЕР БАУСЫМДА,
ШӘЙНЕКТЕ НЕМЕСЕ ҮЙКЕКТЕ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАР БОЛСА
Шәйнекті Tefal фирмасының кепілді қызмет көрсетудің уәкілетті орталығына апарыңыз,
өйткені тек осындай орталықтардың ғана жөндеуді жүргізуге құқығы бар. Кепілдіктің
шарттары мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін орталықтардың тізімі электр құралымен
қоса ұсынылған кепілдік кітапшасында берілген. Үлгі мен сериялық нөмірі электр
құралының төменгі бөлігінде көрсетілген. Бұл кепілдік тек өндірістік кемшіліктер
мен үйдегі қолданыс барысында туындаған ақауларды ғана жабады. Нұсқаулықты
сақтамағандықтан туындаған кез келген зақымданулар мен бұзылулар кепілдік
шартына кірмейді.
Tefal, тұтынушының мүддесінде, өз шәйнектерінің сипаттамаларын немесе құрам
бөлшектерін кез келген сәтте өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Зақымдалған болса, шәйнекті пайдаланбаңыз. Электр құралын бөлшектеуге немесе
қауіпсіздік құрылғысын алуға тырыспаңыз.
Егер электр баусымы зақымданған болса, онда қайғылы оқиғалардан аулақ болу
үшін, ол өндірушімен, оның кепілдік қызметтерымен немесе сәйкес біліктілігі бар
маманмен алмастырылуы қажет.
KK
Summary of Contents for KO6931
Page 30: ...51 50 8 8 8 EL 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 31: ...53 52 1000 1 2 2 3 3 4 5 2 100 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 30 2 2 30 30 1 2 1 1000 EL...
Page 33: ...56 2012 19 E WEEE E0 E1 E3 1...
Page 42: ...73 72 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 100 C 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 30 30 1000 1000 1000 ZH...
Page 44: ...77 76 8 8 8 1000m KO 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 100 C 30...
Page 47: ...83 82 8 8 8 1 000 1 000 TH 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 48: ...85 84 1 2 2 3 3 4 5 2 100 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 2 30 2 2 30 1 2 1 TH...
Page 50: ...89 88 2012 19 EU WEEE 8 8 8 AR 80 70 40 5 100 90 30...
Page 51: ...91 90 1000 1000 AR...
Page 53: ...95 94 15 15 25 6 5 WEEE 2012 19 EU E0 E1 E3 AR...
Page 54: ...97 96 FA C 100 C 90 C 80 C 70 C 40 Keep Warm...
Page 56: ...101 100 15 10 1 15 25 6 5 C 40 C 70 C 80 C 90 C 100 6 15 TEFAL FA...
Page 61: ...111 110 8 8 8 RU 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 62: ...113 112 1000 1000 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 4 100 C 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 RU...
Page 64: ...117 116 2012 19 UE WEEE E0 E1 E3 1 RU...
Page 65: ...119 118 8 8 8 UK 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C Keep Warm 30...
Page 66: ...121 120 1000 1000 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 100 C 40 C 70 C 80 C 90 C UK...
Page 68: ...125 124 15 2012 19 EU WEEE E0 E1 E3 1 UK...
Page 98: ...185 184 8 1000 1000 BG...
Page 100: ...189 188 1 2 1 1 2 25 15 5 6 10 15 15 0 1 3 1 BG...
Page 112: ...213 212 8 8 8 KK 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 30...
Page 113: ...215 214 1000 1000 1 2 1 1 2 2 3 3 4 5 2 100 4 5 40 C 70 C 80 C 90 C 100 C 4 30 KK...