31
KK
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
•
Бастапқы орауышқа салынған қосалқы сүзгі картридждарын әрқашан көлеңке, салқын,
құрғақ жерде сақтаңыз.
•
BRITA су сүзгілері тек өңделген ауыз суын (ескертпе: бұл су тұрақты түрде бақыланады
және жергілікті ережелерге сай ішуге қауіпсіз) немесе жеке жабдықтаушылардың ішу
қауіпсіз екені тексерілген суын сүзу үшін пайдалануға арналған. Билік органдарынан суды
қайнату керектігі туралы нұсқау алынса, BRITA арқылы сүзілген суды да қайнату керек.
Суды қайнату туралы нұсқау күшінде болмаса, су сүзгісі мен шұңғылшаны тазалап, жаңа
картриджды салу керек.
•
Тек салқын ауыз суды сүзіңіз.
•
Сүзгі шәйнекті және шұңғылшаны жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
•
Адамдардың белгілі бір топтары үшін (мысалы, иммунитеті нашар адамдар және
нәрестелер үшін) ауыз суды қайнату ұсынылады; бұл BRITA арқылы сүзілген суға да
қатысты. Пайдаланылатын суға қарамастан, тот баспайтын болаттан жасалған асүй
құралдарын немесе элементтері жасырын су сүзгісі шәйнектерін пайдалану керек. Бұл өнім
осы талаптарға сай. Әсіресе, никельге сезімтал адамдар тот баспайтын болаттан жасалған
асүй құралдарын немесе элементтері жасырын су сүзгісі шәйнектерін пайдалануы керек.
•
Гигиеналық себептермен MAXTRA картриджының құрамы күміспен арнайы өңделеді.
Суға күмістің өте аз мөлшері өтуі мүмкін. Бұл өту мөлшері Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДСҰ) нұсқауларына сай болады.
•
Сүзу процесі кезінде калий азғантай көбеюі мүмкін. Дегенмен, BRITA арқылы сүзілген
судың бір литрі мысалы алмадан азырақ калийді қамтиды. Бүйрек ауруыңыз бар болса
және/немесе калий шектелген диетаны ұстансаңыз, BRITA су сүзгісін пайдалану алдында
дәрігермен кеңесу ұсынылады. Я болмаса, қосымша ақпарат алу үшін www.brita.net
арқылы BRITA тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
•
Су сүзгісі шәйнегі ұзақ кезең бойы (мысалы, мерекеде) пайдаланылмайтын болса, BRITA
картриджы шығаруды, BRITA су сүзгісі ішінде қалған бүкіл суды төгуді және MAXTRA
картриджын қайтадан бос күйде салуды ұсынады. Су сүзгісі шәйнегін қайтадан пайдалану
алдында картриджды шығарыңыз, су сүзгісі шәйнегін және шұңғылшаны мұқият тазалаңыз
және «MAXTRA СҮЗГІ КАРТРИДЖЫН АУЫСТЫРУ» тарауында сипатталған қадамдарды
орындаңыз.
•
BRITA арқылы сүзілген су адамдардың тұтынуына арналған. Бұл бүлінетін су, сондықтан,
оны бір күн ішінде тұтыныңыз.
•
Әр табиғи өнім сияқты BRITA ұсақ тесікті сүзгісінде табиғи айырмашылықтар болуы мүмкін.
Бұл сүзілген суға қара бөлшектер түрінде байқалатын шағын көміртек бөлшектерінің
азғантай өтуіне әкелуі мүмкін. Бұл бөлшектер денсаулыққа теріс әсер етпейді. Жұтылса,
олар адам денесіне зиян тигізбейді. Көміртек бөлшектерін байқасаңыз, BRITA картриджды
бірнеше рет немесе қара бөлшектер жоғалғанша шаюды ұсынады.
•
BRITA сүзгі картриджын пайдалану және ауыстыру туралы ұсыныстарымызды
орындамасаңыз, BRITA сіз үшін жауапкершілікті қабылдамайды.
•
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз.
АҚАУЛАР
ЕГЕР ШӘЙНЕКТІҢ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ БОЛМАСА:
•
Шәйнек жұмыс істемейді немесе су қайнағанша сөндіріледі:
–
Шәйнектің электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
–
Шәйнекте су болған жоқ болмаса қақ жиналып қалған, осының салдарынан су жоқ болған
кезде шәйнекті ажырататын қауіпсіздік жүйесі іске қосылды: шәйнектің суығанын күтіңіз,
оны негізінен алыңыз және су құйыңыз. Қақ жиналып қалса, алдымен қақты тазалаңыз.
Summary of Contents for BRITA
Page 2: ...3 10 1 5 9 2 4 14 13 11 12 6 7 8 15...
Page 3: ...x2 1 2 3 4 5 6 7 8...
Page 11: ...11 RU 8 8 8...
Page 12: ...12 BRITA MAXTRA 2000...
Page 13: ...13 RU 1 2 3 4 5 6 7 360 8 9 BRITA MAXTRA 10 BRITA MAXTRA 11 BRITA Memo 12 13 14 15 BRITA...
Page 17: ...17 RU 15 BRITA BRITA BRITA...
Page 18: ...18 2012 19 UE WEEE...
Page 19: ...19 UK 8 8 8...
Page 20: ...20 2000...
Page 25: ...25 UK 2012 19 EU WEEE 15...
Page 26: ...26 8 8 8...
Page 27: ...27 KK 2000...
Page 28: ...28 1 2 3 4 5 6 7 360 8 9 BRITA MAXTRA 10 BRITA MAXTRA 11 BRITA Memo 12 13 14 15...
Page 32: ...32 WEEE 2012 19 EU 15...
Page 61: ...61 BG 8 8 8...
Page 62: ...62 2000...
Page 63: ...63 BG 1 2 3 4 5 6 7 360 8 9 BRITA MAXTRA 10 BRITA MAXTRA 11 BRITA Memo 12 13 14 15...
Page 67: ...67 BG 15 2012 19 WEEE...