
0458-829-9921-A
274
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Тозған немесе бұзылған көрсеткіш тақтайшаларды
ауыстырыңыз.
► Кез келген күмән туындаған жағдайда: STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
4.6 Қуаттау
Сақтандыру
■ Бүлінген немесе ақаулы қуаттағыш қуатталу кезінде
түтіндеуі немесе әдеттен тыс иіс шығаруы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Штепсельді айырды розеткадан суырыңыз.
■ Жылуды жеткіліксіз бұру кезінде, құрылғы қызып кетуі
немесе тұтануға себеп болуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қуаттағышты бүркемеңіз.
■ Бірнеше қуаттағышты бірінің үстіне бірін қоюға
болады. Үштен артық қуаттағыш бірінің үстіне бірі
қойылса, олар оңай құлап қалуы мүмкін. Пайдаланушы
ауыр жарақат алуы, ал қуаттағыш бүлінуі мүмкін.
4.7 Электрлік жалғастыру
Ток өткізгіш құрауыштармен жанасу келесі себептерге
орай туындауы мүмкін:
– Біріктіруші сым немесе ұзартатын сым бұзылған.
– Біріктіруші сым немесе ұзартатын сымының
штепсельді айыры зақымдалмаған.
– Розетка дұрыс орнатылмаған.
Қауіп
■ Ток өткізгіш құрауыштармен жанасу токтың соғуына
себеп болуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Біріктіруші сым, ұзартатын сым мен штепсельді
айырдың бұзылмағанына көз жеткізіңіз.
► Біріктіруші сым, ұзартатын сыммен және желілік
істікшемен жұмыс істегенде сіздің қолыңыз құрғақ
болуы тиіс.
► Біріктіруші сымның немесе ұзартатын сымның
желілік істікшесін дұрыс орнатылған және жерге
тұйықтау түйіспесі бар розетка ұясына қосыңыз.
► Қуаттағышты дифференциалды қорғаныстың
автоматты сөндіргіші (30 мА, 30 мс) арқылы
қосыңыз.
■ Зақымдалған немесе жарамсыз ұзартқыш сым электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
► Қимасы дұрыс болып табылатын ұзартқыш сымды
қолданыңыз,
► Ең көбі үш қуаттағышты бірінің үстіне
бірін салуға болады.
► STIHL AR аккумуляторы қуатталып
жатса: қуаттағыштарды бірінің үстіне
бірін үймеңіз.
► Қуаттағыш автокөлікте тасымалданса:
қуаттағыштарды бірінің үстіне бірін
үймеңіз.
Егер біріктіруші сым немесе ұзартатын сым
бұзылған болса:
► Зақымданған учаскеге тиіп кетпеңіз.
► Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.