56
ˎ
Найзағай ойнап тұрғанда, жүйеге немесе қосулы
құралдар мен қосымша жабдықтарға қол тигізбеңіз.
ˎ
Жүйені немесе қосымша жабдықтарды судың қасында
қолданбаңыз.
ˎ
Жүйенің немесе қосымша жабдықтардың ішіне сұйықтық
құйылуына, кіші бөліктердің немесе басқа заттардың
түсуіне жол бермеңіз.
ˎ
Жүйені жаңбырда немесе ылғал жерде қалдырмаңыз.
ˎ
Жүйенің үстіне сұйықтық құйылған ыдысты қоймаңыз.
ˎ
Жүйенің немесе қосымша жабдықтардың порттарына
қолмен тимеңіз.
ˎ
Жүйені немесе қосымша жабдықтарды шаң, түтін немесе
бу әсеріне ұшыратпаңыз. Сонымен қатар, жүйені шаң
немесе темекі түтіні көп жерге орналастырмаңыз. Шаң
немесе темекі түтінінің бөлшектері, ішкі құрамдас
бөліктерде (мысалы линзада) тұрып қалады, бұл жүйеде
ақаулықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
ˎ
Жүйені тек вертикалды не горизонталды күйде ғана
орнатыңыз. Жүйені вертикалды күйде орналастырған
кезде, жүйенің сәйкес моделі үшін тік түпқойманы
(бөлек сатылады) пайдаланыңыз.
ˎ
Жүйені тасыған кезде сақ болыңыз. Дұрыс ұстамаған
жағдайда жүйе құлап, жабдықтары зақымдалып, сынып
кетуі мүмкін.
ˎ
Диск салынған соң жүйені қозғамаңыз немесе орнын
өзгертпеңіз. Діріл болған кезде диск сырылып, жүйеге
зақым келуі мүмкін.
ˎ
Жүйе қоймасына деректер сақталып жатқанда немесе
жүктеліп жатқан болса, жүйені өшірмеңіз.
ˎ
Қуат индикаторы өшкенде айнымалы ток қуат
сымының ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
Қуат индикаторы жанып немесе жыпылықтап тұрғанда,
айнымалы ток қуат сымын, ажыратсаңыз, деректер
жоғалуы немесе бүлінуі не болмаса жүйе зақымдалуы
мүмкін.
ˎ
Қуат индикаторы жанып немесе жыпылықтап тұрғанда,
жүйені жылжытпаңыз немесе орнын реттемеңіз.
Деректер жоғалуы немесе бүлінуі не болмаса жүйе
зақымдалуы мүмкін.
ˎ
Жүйенің үстіне шықпаңыз немесе заттарды қоймаңыз,
оны басқа құрылғыларға тақастыра орналастырмаңыз.
ˎ
Жүйені және қосулы қосымша жабдықтарды еденге
немесе оларға сүрініп қалатын жерлерге қоймаңыз.
ˎ
Қолдану барысында дененің жүйемен немесе жүйенің
желдету саңылауынан шығатын ауасымен ұзақ
байланысына жол бермеңіз. Осы жағдайлардағы ұзақ
байланыс төмен температуралық күйіктерге
әкелуі мүмкін.
ˎ
Жүйені плазмалық немесе жобалық* теледидарға қосқан
кезде, экранда қозғалмайтын суретті ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз, әйтпесе бұл экранда тұрақты күңгірт сурет
қалдыруы мүмкін.
* Бұл СК экрандарға қатысты емес.
ˎ
ғаламтортің қауіпсіз және жауапты пайдаланылуын
қамтамсыз ету үшін, ата-аналар балалардың ғаламтор
арқылы ойнауын бақылағаны жөн. Толық ақпаратты
eu.playstation.com/parents ғаламтор-бетіынан қараңыз.
ˎ
Гарнитура немесе құлаққаптар жоғары дыбыс деңгейінде
пайдаланылса, есту қабілеті біржола жоғалуы мүмкін.
Дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз. Уақыт өте
қатты дыбыс қалыпты болып естіле бастауы мүмкін, бірақ
негізінде есту қабілетіңізді зақымдап жатыр. Егер
құлағыңызға қандайда шуыл естілсе, ыңғайсыздық
тудырса немесе сөйлесулер бәсеңдеп естілсе, тыңдауды
тоқтатып, есту қабілетіңізді тексеріңіз. Дыбыс деңгейі
қатты болған сайын, есту қабілетіңізге соғұрлым жылдам
әсер етеді. Есту қабілетіңізді қорғау үшін:
– Гарнитура немесе құлаққаптарды жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалануды шектеңіз.
– Шулы ортада асыру үшін дыбыс деңгейін көтермеңіз.
– Егер қасыңыздағы адамдардың сөйлегенін ести
13819 SONY PS4 C_Chassis_RUS SG_KZ.indd 56
15/05/2015 15:17