IM017
www.scarlett.ru
SC-HS60601
7
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің
компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында
суреттелген техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің
өнімдерінің жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және
іске пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның
қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған
шарттар орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен
айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде
сақтаңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы, электр
жүйесінде көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Аспап
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында не ол қолданылмаса әрқашан лектр жүйесінен сөндіріп
тастаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу
сөндіріп тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың
бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Құрылғыны ванна бөлмесінде пайдаланған кезде пайдаланудан кейін оны желіден ажырату
қажет, себебі судың жақын болуы, тіпті аспап ажыратулы тұрған кезде де қауіп тудырады.
Қосымша қорғаныш үшін ванна бөлмесінің қорек тізбегіне 30 мА аспайтын іске қосылудың
номиналды тогы бар қорғаныш ажырату құрылғысын (ҚАҚ) орнатқан дұрыс, орнатқанда кеңес
алу үшін маманға жүгінген жөн.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол
уәкілеттік берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Аспаппен ойнауға балаларға рұқсат бермеңіз.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтармен қолданбаңыз.
Қоректену бауы зақымдалған аспапы қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы
сервис орталығына апарыңыз.
Күйіктердің алу құтылуына жылытқыш элементтерге тимеңіздер.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
ЕСКЕРТУ:
Абай болыңыз, жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді!
Аспапты тек таза құрғақ шашқа немесе сүлгімен сорғытылған шашқа ғана қолдану керек.
ЕСКЕРТУ! Аспапты жуынатын бөлмелерге, бассейндерге және ішінде суы бар басқа
ыдыстарға жақын жерде пайдалануға болмайды.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС
Шашты жатқызуға кіріспес бұрын шашты жуу қажет. Барынша жақсы нәтижеге жету үшін, шаш
баптағыш кондиционерді қолданғаннан кейін шашыңызды әбден шайыңыз. Шашыңызды
сүлгімен құрғатыңыз.
Аспапты пайдалануңға кірісерден бұрын шашқа шаш тарауды жеңілдетуге арналған құралды
жағуға кеңес береміз.
Бір тұлымды тым ұзақ уақыт сәндемеңіз.