IM015
www.scarlett.ru
SC-VC80H10
7
Встановіть фільтр і систему фільтрації на попереднє
місце.
Уважно перевіряйте, чи не пошкоджений фільтр і
система фільтрації перед установкою.
УВАГА: Не вмикайте порохотяг без встановленого
фільтра, оскільки це може вивести електродвигун з
ладу.
ЗБЕРІГАННЯ
Встановіть порохотяг вертикально.
Даний символ на виробі, упаковці та/або
супровідній документації означає, що використані
електричні та електронні вироби і батарейки не можна
викидати разом із побутовим сміттям. Їх слід здавати в
спеціалізовані пункти прийому.
Для отримання додаткової інформації про існуючі
системи збору відходів зверніться до місцевих органів
влади.
Правильна утилізація допоможе зберегти цінні ресурси
і запобігти можливому негативному впливу на здоров'я
людей і стан навколишнього середовища, що може
виникнути в результаті неправильного поводження з
відходами.
KZ
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының
өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің компанияға
сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске
пайдалану нұсқаулығында суреттелген техникалық
талаптар
орындалған
жағдайда,
SCARLETT
компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен
сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық
мұқтаждар
шеңберінде
пайдаланған
және
іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану
ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі)
жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен
мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне өндіруші
тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін оны
пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып
оқып шығыңыз. Дұрыс қолданбау бұйымның бұзылуына
әкеліп соғуы, материалдық нұқсан келтіруі немесе
пайдаланушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Аспапты іске пайдаланған кезде төмендегі сақтық
шараларын ұстаныңыз:
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымда көрсетілген
техникалық
сипаттамаларының
электр
желісінің
параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек.
Құрылғы өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
Аспапты үй-жайдың сыртында және ылғал беткі
қабаттарда пайдалануға болмайды.
Электр тоғы соғуына және от тұтануына жол бермеу
үшін аспапты және қорек сымын суға немесе басқа
сұйық заттарға матырмаңыз. Егер ондай жағдай орын
алса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны дереу электр
желісінен ажыратыңыз да, тексеру үшін Сервис
орталығына хабарласыңыз.
Аспапты электр желісіне тек құрғақ қолмен қосыңыз;
ағытқан кезде ашасынан ұстаңыз, қорек бауынан ұстап
тартпаңыз.
Қорек бауының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға
тимеуін қадағалаңыз.
Аспапты
тазалар
алдында
немесе
егер
оны
пайдаланбасаңыз, электр желісінен әрқашан ажыратып
қойыңыз.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу
үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілеттік
берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті
қызметкер іске асыруға тиіс.
Аспапты
жылу
көздеріне
(радиаторларға,
жылытқыштарға және тс.с.) жақын қоймаңыз және
оны тура түскен күн сәулесінің астында ұзақ уақыт
қалдырмаңыз,
себебі
бұл
оның
пластмасса
бөлшектерінің пішінніің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе
осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде
балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша
нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына
болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі
қадағалап отыру керек.
Ауа өткізетін саңылаулардың бітеліп қалмауын
қадағалаңыз. Оларға бөгде заттардың (шаң, қыл-
қыбыр, киім және т.с.с.) түсуіне жол бермеңіз.
Шаңсорғышты сатылардың үстінде пайдаланған кезде
аса абай болыңыз.
Жұмысты бастамас бұрын, шаң жинайтын сауытты
бүлдіруі мүмкін үшкір заттардың барлығын еденнен
жинап алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электр желісіне асқын жүк түсуіне жол
бермес үшін бұйымды бір электр желісіне басқа
қуатты
электр
аспаптарымен
бір
мезгілде
жалғамаңыз.
Сүзгілер орнатылмаған шаңсорғышты тоққа қоспаңыз.
Шаңсорғышпен ылғал беткі қабаттарды тазалауға
болмайды. Оның көмегімен сұйық заттарды кетіруге
болмайды.
Сұйық тазартқыш затпен тазаланған кілемдерді
шаңсорғышпен тазаламас бұрын олар кебуге тиіс.
Шаңсорғышқа шаң жинайтын сауыт орнатылмаған
болса немесе ол бүлінген болса, оны ешқашан
пайдалануға болмайды.
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге немесе қандай да бір
бөлшектерін ауыстыруға әрекет жасамаңыз. Ақаулық
анықталған
жағдайда
жақын
жердегі
Сервис
орталығына хабарласыңыз.
Егер
бұйым
біршама
уақыт
0ºC-тан
төмен
температурада тұрған болса, оны тоққа қосар
алдында бөлме температурасында кем дегенде 2
сағат ұстау керек.
Өндіруші
қосымша
ескертпестен
бұйымның
қауіпсіздігіне,
жұмыс
өнімділігі
мен
жұмыс
мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе)
қаптамасында,
сондай-ақ
ілеспе
құжаттамада
көрсетілген.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Бұйымды қораптан алыңыз.
Шаңсорғыштың
корпусының
үстіңгі
жағында
орналасқан
қапсырманы
ашыңыз.
Түтікшені
корпустың үстіңгі жағындағы арнайы ұяшыққа кіргізіңіз.
Түтікшені қапсырмамен бекітіңіз.
Әмбебап шөткені корпустың астыңғы жағындағы
арнайы ұяшыққа орнатыңыз.