IM015
www.scarlett.ru
SC-VC80H10
8
ЖҰМЫСЫ
Жұмысын бастамас бұрын қуат сымының ашасын
электр желісінің розеткасына сұғыңыз.
Шаңсорғышты іске қосу үшін «Вкл./Выкл» (қосу/өшіру)
түймесін басыңыз, өшіру үшін оны тағы бір рет
басыңыз.
Оңай қол жететін беткі қабаттарды, машинаны,
жиһазды тазалау үшін шаңсорғышты түтікшесіз
пайдаланыңыз.
Түтікшені шаңсорғыштың корпусынан ағытып алу үшін
қапсырманы ашыңыз да, түтікшені жоғары қарай
тартыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Шаңсорғышты
өшіріңіз
де,
электр
желісінен
ажыратыңыз.
Шөткені төмен қарай тарту арқылы оны шаңсорғыштың
корпусынан ағытып алыңыз.
Түтікшені ағытып алыңыз.
Шаң жинауға арналған сауытты шаңсорғыштан алыңыз,
бұл үшін сауыттың бекіткіш батырмасын басыңыз.
Сауыттан қоқысты алып тастаңыз.
Сауытты корпустан алып шықпастан-ақ ондағы қоқысты
алып тастауға болады. Бұл үшін шаң жинауға арналған
сауытты ашатын батырманы басыңыз. Үйді жинаған
сайын сауытты шаңнан босатып отыруды ұсынамыз.
Шаңсорғыштың корпусының сыртқы бетін құрамында
түрпілі заттары жоқ жуғыш зат қосылған жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз. ЕСКЕРТУ: Бұйымды және қорек
сымын суға немесе басқа сұйық заттарға малуға тыйым
салынады.
СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ
Сүзгіні жылына кем дегенде екі рет тазалау керек.
Сүзгілеу жүйесі бар сүзгіні өзіңізге қарай тартып,
шаңсорғыштан еппен ағытып алыңыз.
Сүзгіні және сүзгілеу жүйесін жуыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
Сүзгіні батареяның үстіне қойып немесе басқа жылыту
аспаптарының көмегімен құрғатуға тыйым салынады.
Сүзгіні және сүзгілеу жүйесін бұрынғы орнына қойыңыз.
Орнатардан бұрын сүзгі мен сүзгілеу жүйесінің
бүлінбегенін мұқият тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Шаңсорғышты орнатылған сүзгісіз іске
қоспаңыз, себебі бұл электр қозғалтқышты істен
шығаруы мүмкін.
САҚТАЛУЫ
Шаңсорғышты тігінен орнатыңыз.
Бұйымда, қаптамада және (немесе) ілеспе
құжаттамада көрсетілген осы таңба пайдаланылған
электрлік және электрондық бұйымдар мен
батареяларды әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен
бірге қоқысқа тастауға болмайды дегенді білдіреді.
Оларды
мамандандырылған
қабылдау
орындарына тапсыру керек.
Қолданыстағы қалдық жинау жүйелері туралы
қосымша ақпарат алу үшін жергілікті билік
органдарына хабарласыңыз.
Дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтап
қалуға және қалдықтарды дұрыс қолданбаудың
нәтижесінде пайда болуы мүмкін, адамдардың
денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына
ықтимал теріс ықпалды болдырмауға көмектесуі
мүмкін.