
IM020
SC-VC80C99
10
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC -тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны орауынан шығарыңыз да, корпусындағы жапсырм қағазды алыңыз.
Иілгіш түтікті шаңсорғышқа жалғау үшін оның түп жағын шаң соратын саңылауға кигізіп, сырт еткенше
үстінен басыңыз. Иілгіш түтікті ажыратып алу үшін оның түбінің екі бүйіріндегі бекітпелерді басыңыз.
Иілгіш түтікті түтікшеге орнатыңыз.
Түтікшеге қондырмалардың бірін кигізіңіз:
Қиыстырылған “еден/кілем” қондырмасы кілем төселген едендерді және соларға ұқсас жабындарды,
сондай-ақ тегіс беткі қабаттарды тзалуға арналған;
«Жиһаз» қондырмасы жұмсақ жиһазды, перделерді, безендірілген беткі қабаттарды тазалауға арналған.
«Саңылау» қондырмасы қол жетуі қиын жерлерді (бұрыштар, саңылаулар) тазалауға арналған.
ЖҰМЫС
"Циклон" жүйесі үй жинау кезінде барынша үлкен қуаттылықты қамтамасыз етеді.
Жұмысты бастаудың алдында қоректену бауын қажетті ұзындыққа керіп қойыңыз және шаңышқыны
электр жүйесінің розеткасына сұғыңыз. Баудағы сары таңба оның үйлесімді ұзындығыныа, ал қызыл –
барынша көп талапқа сай екенін көрсетеді, одан ары бауды керуге болмайды.
Шаң сорғышты қосу үшін Қосу / Өшіру ноқатын басыңыз, сөну үшін – оны тағы бір рет басыңыз.
Шлангінің тұтқасында сору күшін өзгертуге мүмкіндік беретін ауа ағынының реттеуіші бар:
перделерді, кітаптарды, жиһазды және т.б. тазалағанда оны ашу ұсынылады;
кілемдік жабулар үшін – жабылады.
Электр бауды орауға арналған тиісті ноқатты басыңыз, сонымен қатар, баудың бұралып кетуі не
зақымдануына жол бермеу үшін оны қолмен ұстап тұру ұсынылады.
ЕСКЕРТУ:
Тазалағаннан кейін әр кез сауытты міндетті түрде тазартыңыз.
Сүзгі орнатылмаған болса, сондай-ақ сүзгі бүлінген немесе ластанған болса, аспапты ешқашан да
қолдануға болмайды. Ондай жағдайда пайдалансаңыз, қозғалтқышқа шаң түседі де, құрылғының
бұзылуына әкеледі
Егер сауыт "MAX" белгісіне дейін толы болса, аспапты пайдалануға болмайды. Сауыт толып кеткен кезде,
лас ауа шаңсорғыштың сүзгісін бітеп, соның нәтижесінде қозғалтқыш асқын қызып кетеді де, істен
шығады.
Аспапты құрылыс қоқысын (цемент, әк, сылақ, металл жоңқа және т.с.с.) жинау үшін пайдалануға
болмайды.Ондай ұсақ заттар қозғалтқыштың бұзылуына әкеледі
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жууға болмайды
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Шаң сорғышты өшіріңіз және оны электр жүйесінен сөндіріп тастаңыз.
Тұлғаның сыртын қайрақты заттарсыз жуғыш құрал қосып жұмсақ матамен сүртіңіз.
Бұйым және электр бауын суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға тиым салынады.
Шаң жинауға арналған сауытты тАЗАЛАУ
Шаңсорғышты электр желісінен ажыратыңыз.
Шаң жинауға арналған сауытты алыңыз. Бұл үшін шаңжинағыш сауыттың бекіткіш батырмасын басыңыз.
Сауыттан қоқысты сілкіп түсіріңіз. Бұл үшін шаңжинағыш сауытты ашатын батырманы басыңыз.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді жылына кем дегенде бір рет тазалау керек. Шаңсорғыш жиі пайдаланылатын болса, шаң
жинағыш сауытты әр 3-5 рет тазалағаннан кейін сүзгілерді жуып отырыңыз.
Шаңсорғышты электр желісінен ажыратыңыз.
Шаң жинауға арналған сауыттың қақпағын ашыңыз да, негізгі сүзгіні алып шығыңыз.
Сүзгінің пластмасса бөлшектерін, сондай-ақ сүзгінің жөкесін ағып тұрған жылы сумен жуыңыз да, содан
кейін барлық бөлшектерін жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін орнына салыңыз. Шаң жинауға арналған сауыттың қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап жабыңыз.
Дөңгелектің ішіндегі сорғышты сүзгіні алып шығыңыз. Дөңгелектің ішіндегі бөлікті ашу үшін дөңгелектің
сәндік қондырмасындағы ойықшадан ұстаңыз, ұқыпты айналдыра отырып, оны өзіңізге қарай тартыңыз.
Сүзгіні тазалаңыз және оны орнына салыңыз.
САҚТАУ
Шаң сорғышты тік орнатыңыз.
Тұлғадағы арнайы саңылауға щөткелі құбырды бекітіп қойыңыз.
Summary of Contents for SC-VC80C99
Page 1: ...INSTRUCTION MANUAL GB VACUUM CLEANER 4 RUS 5 UA 7 KZ 9 SC VC80C99 www scarlett ru...
Page 3: ...IM020 www scarlett ru SC VC80C99 3...
Page 6: ...IM020 www scarlett ru SC VC80C99 6 0 C 2 XX XXXX XX XXXX MAX HEPA 3 5...
Page 7: ...IM020 www scarlett ru SC VC80C99 7 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 i i...
Page 8: ...IM020 www scarlett ru SC VC80C99 8 0 C 2 XX XXXX XX XXXX MAX 3 5...
Page 9: ...IM020 www scarlett ru SC VC80C99 9 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Page 10: ...IM020 www scarlett ru SC VC80C99 10 0 C 2 XX XXXX XX XXXX MAX 3 5...