
IM020
SC-SI30K53
12
ТАБАН
«Keramopro» табаны –
бұл Scarlett компаниясының мамандарымен бірге әзірленген кәсіптік металл
-
керамикалық жабын. Жабын қабатының беріктілік, сырғанау деңгейі жоғары және түбінің күйіп кетуіне
төзімділігі 100%.
ДАЙЫНДАУ
Аспап киімді және матадан тігілген басқа бұйымдарды үтіктеуге арналған.
Үтіктің кейбір бөлшектеріне жасалу кезінде май жағылады, сондықтан алғашқы қосу барысында үтік аздап
түтіндейді. Біраз уақыттан кейін түтін жоғалады.
ЖҰМЫСЫ
СУ ҚҰЯТЫН САУЫТҚА СУ
ТОЛТЫРУ
Су құярдың алдында үтікті электр желісінен ажыратыңыз.
Үтікті тігінен (табанына) қойыңыз.
Сауытқа абайлап сұ құйыңыз.
Асып төгілмеуі үшін суды сауыттағы «max» белгісінен асырмай құйыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Үтік құбыр суын пайдалануға шақталып жасалған. Алайда, әсіресе егер құбыр суы
тым кермек болса, тазартылған судан құйған дұрыс. Сауытқа химиялық жолмен жұмсартылған суды
құймаңыз және хош иістендіргіш үстемелерді пайдаланбаңыз. Егер құбыр суы тым кермек болса, тек
дистилденген немесе минералдардан арылған судан ғана құйыңыз.
Су құятын саңылау үтіктеу кезінде ашық тұрмауға тиіс.
Сауытқа қайтадан су құйған кезде үтікті әрқашан да электр желісінен ажыратыңыз.
ТЕМПЕРАТУРА РЕЖИМДЕРІ
Жұмысты бастардан бұрын үтіктейін деп жатқан нақты бұйымда оны күтіп ұстау бойынша нұсқаулар
жазылған затбелгі бар екеніне көз жеткізіңіз, сол нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз.
Жылу реттегішті өзіңіз үтіктейін деп жатқан матаның түріне сәйкес келетін қалыпқа қойыңыз:
БЕЛГІШЕ
МАТАНЫҢ ТҮРІ
Бұйымды үтіктемеген жөн
•
Синтетика, Нейлон, Акрил, Полиэстер, Вискоза
••
Жүн мата, жібек
•••
Мақта мата, зығыр
Ең үлкен температура (бумен үтіктеу)
Үтікті электр желісіне жалғаңыз. Қызудың жарық индикаторы жанады.
Индикатор сөнген кезде, үтіктеуге кірісуге болады.
ЖҰМЫСЫ
Үтікті сымсыз режимде пайдалану үшін үтікті бекіткіш түймені басыңыз да, тұғырды қолмен ұстап тұрып,
оны тұғырдан алыңыз.
Келесі жолы алған кезде, егер үтік тұғырда бекітілмеген болса, бекіткіш түймені баспауға болады: тұғырды
қолмен ұстап тұрып, үтікті алыңыз.
Үтікті қыздыру үшін тұғырға бірнеше жағынан қоюға болады.
Әдеттегі сымды режим үшін үтікті тұғырға қайтадан бекіту мақсатында, үтікті тұғырға қойып, сырт еткенше
оны бұру қажет, аспап бекіткіш орналасқан нүктеге өз бекиді.
Сымсыз режимде үтікті пайдалану уақыты құрғақ үтіктеу режимінде 2 минутқа, булау режимінде 40
секундқа дейін жетеді. Қосымша зарядтау уақыты 10 секундты құрайды.
СУ ШАШЫРАТУ
Сауытта су жеткілікті мөлшерде болса, су шашыратуды кез келген жұмыс режимінде қолдануға болады.
Бұл үшін су шашырату түймесін бірнеше рет басыңыз.
БУЛАУ
Үтікті электр желісінен ажыратыңыз да, сауытқа су құйыңыз.
Үтікті үтіктеу тақтасына тігінен қойыңыз да, электр желісіне жалғаңыз.
Жылу реттегіш тетікті “••” немесе
“•••” қалпына орнатыңыз.
Булау дәрежесін реттегіш тетікті керекті қалыпқа орнатыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Күйіп қалмас үшін үтіктің табанындағы тесіктерден шығатын будың шарпуына жол
бермеңіз.
ҚҰРҒАҚ ҮТІКТЕУ
Сауытта су толы болған жағдайда да құрғақ үтіктеу режимінде үтіктеуге болады. Алайда, бұл режимде
ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген кезде, сауытқа тым көп су құймаған дұрыс.
Булау дәрежесін реттегіш тетікті «
» қалпына орнатыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Егер жұмыс барысында бумен үтіктеуді қолдану қажет болса, ал сауытта су болмаса,
үтікті электр желісінен ажыратыңыз да, ол суығанша күте тұрыңыз, тек содан кейін ғана су құйыңыз.
БУ СОҚҚЫСЫ
Бұл функция матаның қатты мыжылған жерлерін тегістеген кезде буды қосымша бір дүркін беру үшін
қолданылады.
Бу соққысы түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бу тесіктерінен судың ағуына жол бермеу үшін бу соққысы түймесін 5 секундтан артық басулы
күйде ұстап тұруға болмайды.