IM017
www.scarlett.ru
SC-JE50S34
10
ТАЛДАУ:
Құралды электр жүйесінен сөндіріп тастаңыз.
Мөлдір қақпақтың бекіткіштерін ашыңыз.
Қақпақты ашыңыз, торлы сүзгіні суырып алыңыз, содан кейін сепаратордың блогын алыңыз. Бұл орайда
оны шүмегінің астынан, ал екінші жағынан корпусының астыңғы бөлігінен ұстап тұрыңыз.
ҚҰРАСТЫРУ:
Сепараторды электр қозғалтқышының тұлғасына орнатыңыз және шертілге дейін екі қолмен қысып
басыңыз.
Торлы сүзгіні орнатыңыз және ол орнына тұрғанша сағат тілімен бұрыңыз.
Мөлдір қақпақты орнатыңыз және бекіткіштерді қыстырыңыз.
Жеміс жұмсағын жинайтын сауытты қақпақтың астына, ал стақанды – шырын ағатын шүмектің астына
қойыңыз.
Электр жүйесіне құралды қосыңыз.
ЖҰМЫС
Шырынбөлгіш қақпақ дұрыс жабылмалса қозғалтқышты автоматты қамалайтын қауіпсіздік жүйесімен
жабдықталған.
«Тамшылауға қарсы» қондырманы саңылауын төмен қаратып бұраңыз.
ЕСКЕРТУ! «Тамшылауға қарсы» қондырманың саңылауы төмен қарап тұрса, шырынсыққышты іске
қоспаңыз. Бұл аспаптың қозғалтқышының бұзылуына әкелуі мүмкін.
«Тамшылауға қарсы» қондырманың саңылауын жоғары қараған қалпы шырынның қалған тамшыларының
үстелге тамуына жол бермейді.
Көкөністерді / жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз. Қабығын және кішкентай сүйекті (шиелер, алмұрттар
және т.б.) алып тастап, тиейтін қылтадан жеңіл өтетіндей етіп ұсақ кішкентай кесектерге кесіңіз.
Шырынды құйып алуға арналған стаканды құйлыстың астына тосыңыз.
Электр жүйесіне шырынбөлгішті жалғаңыз, оны қосыңыз және лайықты жылдамдықты таңдаңыз:
I -
ші жылдамдық: жұмсақ өнімдерге арналған (алмұрттар, бүлдірген, апельсиндер, алхорылар,
грейпфруттер, лимондар, жүзім, асқабақ, пияз, қиярлар, сарымсақ).
II -
ші жылдамдық: қатты өнімдерге арналған (артишоктар, сәбіз, алмалар, бұрыш, қызылша, картоп,
ананастар, кәділер, сельдерей, шпинат, аскөк, пияз - порей ).
P
– импульстік жұмыс режимі: шырынсыққыш
жылдамдықты ауыстырып-қосқыш «Р» тұрған кезде
жұмыс істейді.
Дайын көкөністерді / жеміс-жидектерді шырынбөлгішке итергішпен сәл езгілей толтыра артыңыз. ЕШ
ЖАҒДАЙДА БҰНЫ САУСАҚТАРМЕН НЕМЕСЕ БӨТЕН ЗАТТАРМЕН НЕ БОЛСА ДА ІСТЕМЕҢІЗ.
Өнімдерді тек қана қозғалтқыш жұмыс істеп жатқанда ғана артыңыз.
Қашан жұмсағыға арналған контейнер немесе шырынға арналған стакан толғанда, шырынбөлгішті өшіріңіз
және сиымдары босатыңыз.
НАЗАР:
Шырынбөлгіш банандардың, өріктердің, манго, папайині шырындарын даярлау үшін арналмаған.
Шырынбөлгішті кокостардың және басқа қатты жеміс-жидектер мен көкөністердің шырындарын алуы үшін
қолдануға болмайды.
Жұмысты аяқтасымен шырынбөлгішті өшіріңіз және электр жүйесінен оны сөндіріп тастаңыз.
ТАЗАЛАУ
Жылы сабын сумен барлық алмалы-салмалы бөлімдерді жуыңыз. Сүзгінің тесіктерін керісінен жуып
тазартқан дұрыс. Бұл үшін ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз.
Тазалау үшін металл щөткені, қайрақты жуу заттарын не терішені қолданбаңыз.
Тұлғаның сыртын дымқыл поролонмен сүртіңіз.
Тұлғаны суға батырмаңыз.
Кейбір өнімдер, мысалы сәбіз, шырынбөлгіштің пластмассалық бөлімдерін бояйды, сондықтан оларды
жұмысты аяқтасымен лезде аз мөлшерде қайрақсыз заттармен жуып, одан соңң мұқият шаю және кептіру
қажет.
Бұзылуы немесе тозығының алғашқы белгілерінде торлы сүзгіні ауыстыру керек.
САҚТАУ
Жуылған және кептірілген шырынбөлгішті құрғақ орында жиналған түрде сақтаңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік және
электрондық бұйымдар мен батарейкалар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек
дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс шығармау
салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Summary of Contents for SC-JE50S34
Page 6: ...IM017 www scarlett ru SC JE50S34 6 10 10 1 0 C 2 I II P 0...
Page 7: ...IM017 www scarlett ru SC JE50S34 7 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 10 10 1...
Page 8: ...IM017 www scarlett ru SC JE50S34 8 0 C 2 I II P...
Page 9: ...IM017 www scarlett ru SC JE50S34 9 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 10 10 1 0 C 2...