IM022
SC-BS33ED12
13
Медициналық қондырымдары (имплантаттары, мысалы, жүрек ырғағы стимуляторлары) бар адамдардың
таразыны пайдалануына тыйым салынады. Пайдаланған жағдайда қондырымдардың жұмысында іркіліс
орын алуы мүмкін.
Жүктілік кезінде пайдалануға болмайды.
Назар аударыңыз! Егер аяғыңыз немесе таразының беткі қабаты дымқыл болса, оның үстіне шықпаңыз –
тайып кетуіңіз мүмкін!
Ас қорыту жолына түсіп кетсе, батареялар өмірге қатер төндіруі мүмкін.
Батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Батареяны жұтып қойған адам дереу дәрігерге
көрінуге тиіс.
Орауыш материалдың балалардың қолына түсуіне жол бермеңіз (тұншығып қалу қатері бар).
Батареяларды зарядтауға немесе басқа тәсілдермен қалпына келтіруге, оларды бөлшектеуге, отқа тастауға
тыйым салынады.
10 жасқа толмаған балалардың майлы тіндерінің пайыздық құрамын және басқа параметрлерін айқындаған
кезде дәйексіз, дұрыс емес нәтижелер алынуы мүмкін.
Диагностикалық таразыны кез келген жастағы балалардың денесіндегі судың, майлы тіндердің және
бұлшық ет массасының параметрлерін айқындамастан, әдеттегідей өлшену үшін пайдалануға болады. Ең
кіші өлшену параметрлері – 2 кг.
Судың, майлы тіндердің және бұлшық ет массасының параметрлерін айқындаудағы дұрыс емес нәтижелер
кәсіпқой спортшыларда, ісінуге бейім адамдарда, дене тұрқына қатысты аяғының мөлшерлері қалыптан тыс
адамдарда болуы мүмкін.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Істен сатушыға хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX» –
жасап шығарылған жылы.
ӨЛШЕНУ
ЖҰМЫСЫ
Осы таразы биоэлектрлік қарсыласуды (B.I.A.) талдау қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл орайда түрлі
тіндердің пайыздық құрамын айқындау адам сезбейтін, қауіпсіз әрі зиян келтірмейтін электр тоғының
көмегімен небары бірнеше секундта іске асады.
Өлшену кезінде мынаны ескерудің маңызы зор: майлы тіннің пайыздық құрамын тек жалаңаяқ тұрып өлшеу
керек; табанды сәл сулаған дұрыс. Табан мүлде құрғақ болса, бұл қанағаттанарлықсыз нәтиже алынуына
себеп болуы мүмкін, өйткені табанның электрлік өткізгіштігі тым төмен.
Егер майдың, бұлшық ет тінінің, сүйек массасының және құрамдастардың сомасы 100%-дан артық болып
шықса, бұл таразының ақаулығы емес. Бұл құбылысты физиологиялық тұрғыдан түсіндіруге болады.
Диагностикалық таразының жұмысы биоимпеданстық талдауға негізделген, ол бұлшық ет пен сүйек
тіндерінің өздерінің де құрамында болатын май мен судың мөлшерін анықтайды. Сондықтан, алынған
нәтижелерді қоспастан, түрлі көрсеткіштердің өзгеру динамикасын әр көрсеткіш бойынша бөлек
қарастырған дұрыс.
ӨЛШЕНУ
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың
үстіне қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген
жөн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Батарея бөлімін ашыңыз, қорғаныс қабатын алып тастап, содан кейін қақпағын жабыңыз.
Таразы жұмысқа дайын.
Таразы әдепкі бойынша «стоун» өлшем бірлігіне бапталған. Таразының артқы қабырғасында ажыратқыш
бар, оның көмегімен Сіз өлшем бірлігі ретінде «килограмм» немесе «фунт» мәнін таңдай аласыз.
Таразыны іске қосу үшін оның үстіне шығыңыз.
Бейнебетте «0.0» белгісі жанғанша бірнеше секунд күтіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНУ
Егер таразыны іске қосқаннан кейін 20 секунд ішінде ешқандай іс-әрекет жасалмаса, таразы автоматты
түрде сөнеді.
Өлшенгеннен кейін үстінде жүгі жоқ таразы 6 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.
Summary of Contents for SC-BS33ED12
Page 3: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED12 3...
Page 9: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED12 9 LO ErrH Errl EEEE UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Page 10: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED12 10 10 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX B I A 100 2 0 0 20 6 SET USER0...
Page 12: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED12 12 LO ErrH Errl EEEE KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Page 13: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED12 13 10 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX B I A 100 2 0 0 20 6...