IM012
49
SC-400
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қуат сымының айырында сым және жерге қосу контактісі бар. Құрылғыны тек тиісті жерге
қосылған розеткаларға қосыңыз.
Осы Пайдалану бойынша нұсқаулыққа сай тек тұрмыстық мақсаттарда қолдану керек. Құрылғы өндірістік
пайдалануға арналмаған.
Бөлмелерден тыс қолдануға болмайды.
Тазалау алдында немесе қолданып жатпасаңыз әрқашан құрылғыны электр желісінен өшіріңіз.
Құрылғы бақылаусыз болса немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға құрылғыны қолдану туралы
нұсқаулар бермеген болса, дене, сезу немесе ақыл қабілеттері төмен я болмаса тәжірибесі немесе білімі жоқ
тұлғалардың (соның ішінде балалардың) қолдануына арналмаған.
Құрылғымен ойнауды болдырмау үшін балаларды бақылау керек.
Қосылған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Жеткізу жинағына кірмейтін саймандарды қолданбаңыз.
Сым зақымдалғанда қауіпті болдырмау үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол уәкілетті еткен сервис
орталығы я болмаса баламалы білікті қызметкер өткізуі керек.
Құрылғыны және қуат сымын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Егер бұл орын алса, құрылғыны
электр желісінен дереу өшіріңіз және оны одан әрі пайдалану алдында құрылғының жұмысқа қабілеттілігін
және қауіпсіздігін білікті мамандарда тексеріңіз.
Қуат сымы үшкір жиектерге және ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
Қуат сымынан тартпаңыз, шатастырмаңыз және оны құрылғы айналасында орамаңыз.
Наш пешін тек өнімдерді дайындау үшін қолданыңыз. Ешбір жағдайда онда киімді, қағазды немесе басқа
заттарды құрғатпаңыз.
Камерасы бос наш пешін қоспаңыз. Камераны бірдеңені сақтау үшін қолданбаңыз.
Пеш өнімдерді консервілеуге арналмаған.
Өнімдерді тікелей камера түбіне қоймаңыз, шешілмелі ыдысты қолданыңыз.
Дайындау рецепттерін басшылыққа алыңыз.
Қысқа тұйықталуды және пештің бұзылуын болдырмау үшін желдету тесіктеріне судың тиюін болдырмаңыз.
Нан пешін таза күйде тиісті түрде ұстамау беттің тозуына әкеліп, бұл құрылғының жұмысына нашар әсер етуі
және пайдаланушы үшін ықтимал қауіпті тудыруы мүмкін.
Ұзартқышты қолданғанда, кабельдің ең көп рұқсат етілетін қуаты наш пешінің қуатына сай екеніне көз
жеткізіңіз.
Назар аударыңыз! Жұмыс кезінде құрылғы қызады! Жұмыс істеп тұрғанында пешке тию керек болған жағдайда
ас үйі қолғабын немесе тұтқыштарды қолданыңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде илеуге арналған қалаққа тимеңіз, бұл жарақаттауы мүмкін!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде нанхананың қақпағын ашпаңыз және нанды пісіру қалыбын шығармаңыз.
Қақпақты тек қамырға қажетті ингредиенттерді қосу үшін қатаң түрде бипер сигналы бойынша ашуға болады.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған.
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Нан пісіретін пеш нан пісіруге арналған автоматты режиммен жарақталған.
Сіз нан пісірудің 16 түрлі бағдарламасының бірін таңдай аласыз.
Нан пісіруге арналған дайын қоспаларды пайдалануға болады.
Нан пісіретін пеште қайнатпа жасауға болады.
Кеспе мен басқа да тағамдарды дайындауған арналған қамыр илеуге болады.
ОРНАТУ
Нан пісіретін пештің ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз:
қақпақ;
корпус пен байқау терезесі;
камераның қабырғалары;
алмалы шара.
Кез келген ақаулық анықталған жағдайда пешті тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе сервис орталығына
хабарласыңыз.
Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз.
Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
Пештің үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
Нан пәсәретін пешті шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Пештің қалыпты жұмыс істеуі үшін желдету
мақсатында үстіңгі жағынан кем дегенде 20 см, артқы панелі жағынан 10 см, және бүйір жақтарынан кем
дегенде 5 см бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет.