![Scarlett Indigo IS-560 Instruction Manual Download Page 17](http://html.mh-extra.com/html/scarlett/indigo-is-560/indigo-is-560_instruction-manual_1208804017.webp)
15
KZ
ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін оны
пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып оқып
шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау аспаптың бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін.
•
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек. Аспап
өнеркәсіптік және сауда-саттық мақсатына қолдануға
арналмаған.
•
Таразының ұрылып-соғылуына жол бермеңіз.
•
Таразының үстінде секірмеңіз.
•
Таразыға артық салмақ түсірмеңіз.
•
Беткі қабат дымқыл күйде тайғанақ болады.
•
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада
тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
•
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен
жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен
енгізу құқығын өзінде қалдырады.
2. ӨЛШЕНУ
•
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың
үстіне қоймаңыз.
•
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде
тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған кезде оны
тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың
дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
•
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз
бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын өлшену
керек.
•
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан
тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты
өлшемеген жөн.
•
Таразының үстінде тұрғанда, ештеңеге сүйенбей, тік
тұрыңыз.
•
Өлшенген кезде көрсеткіш тұрақтануы үшін қимылсыз
тұрыңыз.
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
•
Күн қуатының панелі қуатты кез келген жарық көзінен
жинақтайды. Жарық жеткіліксіз болса, таразы жұмыс
істемейді.
•
Бұйымды қораптан шығарып, жапсырмасын алыңыз.
•
Таразы әдіпкі бойынша «стоун» өлшем бірлігіне
бапталған. Таразының артқы қабырғасында ажыратқыш
бар, оның көмегімен Сіз өлшем бірлігі ретінде
«килограмм» немесе «фунт» мәнін таңдай аласыз.
•
Белгішесі пайда болғанда,
таразының үстіне тұрыңыз.
•
Таразы сіздің салмағыңызды көрсетеді.
•
Таразыдан түсіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНУ
•
Өлшенгеннен кейін үстінде жүгі жоқ таразы 10 секундтан
кейін автоматты түрде сөнеді.
АСҚЫН ЖҮКТЕУ
•
Таразыға шамадан тыс жүк түскен кезде «Err» (қате)
жазуы пайда болады.
ЗАРЯДТАУ
•
Заряд таусылуға таянғанда,
белгішесі жоғалып
кетеді.
•
Белгіше жоғалып
кеткенде, батареяны қалыпты
күндізгі жарықта 60 секунд бойы зарядтау қажет.
3. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
•
Таразыны жуғыш затқа шыланған жұмсақ шүберекпен
сүртіп, құрғатыңыз.
•
Органикалық еріткіштерді, жеміргіш химиялық заттарды
және түрпілі құралдарды қолдануға болмайды.
4. САҚТАЛУЫ
•
Сақтау барысында таразының үстінде ешқандай
заттардың болмауын қадағалаңыз.
•
Таразыны құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз.
Summary of Contents for Indigo IS-560
Page 1: ......