Осы Пайдаланушы нұсқаулығын
оқымас бұрын
Осы теледидармен бірге бұл пайдаланушы нұсқаулығы және
кіріктірілген электрондық нұсқаулық ( >
Мәзір
>
Параметрлер
>
Қолдау
>
e-Manual мазмұнын ашу
) келеді.
Ескерту! Қауіпсіздік туралы
маңызды нұсқаулар
Теледидарды пайдаланар алдында қауіпсіздік нұсқауларын
оқып шығыңыз. Белгілердің түсіндірмесін төмендегі кестеден
қараңыз, олар сіздің Samsung құрылғыңыздағы белгілерден
өзгеше болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
ЭЛЕКТР ТОҒЫ СОҒУ ҚАТЕРІ АШУҒА БОЛМАЙДЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ
ҮШІН ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН)
АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ
ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА
ТАПСЫРЫҢЫЗ.
Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары
кернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімнің
ішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.
Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға
және күтіп ұстауға қатысты маңызды
нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін
көрсетеді.
II класс өнімі: Бұл таңба құрылғыны жерге
тұйықтау (қосу) арқылы қауіпсіз қосылым
жасаудың қажет емес екенін білдіреді.
Егер мына белгі тоққа қосылатын сымы
бар құрылғыңызда болмаса, құрылғыны
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ жерге қауіпсіз қосу
(тұйықтау) керек.
АТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – АТ кернеуі.
ТТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – ТТ кернеуі.
Абай болыңыз. Пайдалану нұсқаулығын
қараңыз: Бұл таңба қауіпсіздікке
қатысты толық ақпаратты пайдаланушы
нұсқаулығынан қарауды ұсынады.
Қуат
• Қабырға розеткаларының, ұзартқыш сымдардың немесе
адаптерлердің кернеуінен және сыйымдылығынан
асатындай күш түсірмеңіз. Ол өрттің шығуына немесе
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Кернеу мен тоқ шамасы туралы ақпаратты осы
нұсқаулықтың қуат сипаттамалары бөлімінен
және (немесе) құрылғыдағы қуатпен жабдықтау
жапсырмасынан қараңыз.
• Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не
қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу
керек. Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын
ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар
аударыңыз.
• Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір
зат сұқпаңыз. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі
жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек
уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.
• Қуат кабелінің мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Қуат кабелін розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап
ағытыңыз. Ешқашан қуат кабелінен тартып ағытпаңыз.
Қуат кабелін су қолмен ұстамаңыз.
• Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан
әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан
суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе Samsung жөндеу
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау үшін немесе
қараусыз қалдырғанда не ұзақ уақыт қолданбаған кезде,
ашасынан суырып, антенна немесе кабельдік телевизия
жүйесін ағытыңыз.
–
Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр
ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе
қызу пайда болуы немесе қуат кабелінің қаптамасы
бүлінуі мүмкін.
• Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана
пайдаланыңыз.
–
Жерге дұрыс тұйықталмаса, электр қатері орын алуы
немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып
құрылғысына ғана қатысты.)
• Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз.
Қажет болған жағдайда осы аспаптың тоқтан жылдам
суырылуын қамтамасыз ету үшін қабырғадағы розетка
мен қуат ашасына оңай жетуге болатынына көз жеткізіңіз.
Қазақ - 2