
78
-
Қажет болса HEPA сүзгі мен поролонды сүзгісін және оның жарғақшасын (мембранасын) бөлме
температурасындағы таза судың жұқа ағын астында жақсылап жуып-шайып шығыңыз, оларды
жуу барысында жуғыш не тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз.
-
Шаңжинағыш контейнерін тазалаңыз және оны таза сумен жақсылап жуып-шайып шығыңыз.
Сур. 19
-
Құрылғыға шаңжинағыш контейнерін және оның сүзгілерін орнатпас бұрын, оларды табиғи
түрде құрғатыңыз, яғни бөлме температурада үтік сияқты қыздырғыш немесе кептіргіш
құрылғыларды қолданбай кептіріңіз.
-
Сүзгі элементтерін шаңжинағыш контейнерге орнатыңыз,
-
Шаңжинағыш контейнерін жауып, өз орнына орнатыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫҢ ОРТАДАҒЫ ҚЫЛШАҒЫН ТАЗАЛАУ
Электрлі қылшақ оның айналмалы қылшықты білікшенің көмегімен еден мен кілем бетінен шаң
мен тұрмыстық қоқысты жинауға арналған Оның құрылымы ұзын шаш, жүнді, жіп секілді
заттарды жинау үшін өнша үйлеспейді. Егер оның ішінде бітелу анықталса, шаңсорғышты
пайдалануды тоқтатыңыз және оның айналмалы қылшықты білікшесін тазалау бойынша
барлық шарттарын қолданып, тазалауды орындаңыз.
Әр тазалау үдерісін жүргізгеннен кейін яғни шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін оның
электрлі қылшағын әрдайым тазалап отырыңыз.
Электрлі қылшақтың білікшесі шаңсорғыштың моторымен бірге бір мезетте қосылатын жеке
электр жетегіне ие.
Айналмалы қылшықты білікшесін тазалау үшін келісідей орындаңыз:
1.
Құрылғының корпусындағы электрлік қоректендіруді ауыстырып қосатын I/O ажыратып-қосқыш
батырмасын «O» қалпына орнатып, робот-шаңсорғышты сөндіріңіз.
2.
Шаңсорғыштың түп жағын жоғары қарай қаратып еденде орналастырып қойыңыз және оны
артқы бөлігімен «өзіңізге қарата» орналастырыңыз.
3.
Қылшықты білікшеге шаш пен жіптің аз мөлшері оралса, білікшені корпустан шешпей-ақ, оны
өткір пышақпен немесе қайшы көмегімен оралған жіп пен шаштан босатуға болады. Ол үшін
өткір пышақты қылшықты білікшеге кесу жүзімен сырт қарата қылшықтардың арасында
орналастырыңыз, білікше бойымен оралған шаш пен жіпті кесіңіз. Қылшықты білікшеге оралған
шаш пен жіпті кескен соң, шаш қиындылары қылшақтың корпусынан сыртқа қарай оңай
шығады, сондай-ақ шаш қиындыларын оңай алып тастау үшін, қылшықты білікшені өз осі
бойымен қолмен айналдыруға болады.
4.
Қылшықты білікшесі қатты бітеліп қалған жағдайда, электрлі қылшақтың білікшесін бекітуге
арналған жақтауын шешіп алыңыз, ол үшін ысырманың бекіткіш ілгектерінің тіліндерін «өзіңізге
қарай» сәл ғана басыңыз, жақтаудың шет жағын көтеріңіз де, содан кейін жақтауды шығарып
алыңыз.
5.
Қылшықты білікшесінің оң жақ бөлігін аздап жоғары қарай көтеріңіз, содан кейін оны оңға
қарай тарта жетегімен іліністен шығарыңыз да, ұяшықтан алыңыз. Қылшықты білікше
қылшақтың корпусынан шығарылған соң, оны қайшымен немесе өткір пышақтың көмегімен
оралған шаш пен жіптерден оңай тазартуға болады.
6.
Қылшықты білікшені өз орнына, қылшақтың корпусына орнатыңыз. Қылшақ корпусына
қылшықты білікшенің орнатылуы кері реттілікпен орындалады.
7.
Қылшақ бөлшектері мен электр жетегі қатты бітелсе, құралды бөлшектеу мен тазарту үшін
авторизацияланған (уәкілетті) сервистік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Сур. 20
БҮЙІРЛІК ҚЫЛШАҚТАРЫН ТАЗАЛАУ
1.
Робот-шаңсорғыштың қуат көзін ажыратыңыз.
2.
Бүйірлік қылшақтардың бүлінбегеніне көз жеткізіңіз, қылшақтарда қандайда бөгде заттардың
және / немесе оралған қоқыстардың бар-жоғын тексеріңіз.
3.
Қажет болған жағдайда қылшақтарды шаңсорғыштан ажыратып алыңыз.
Сур. 21
Summary of Contents for PVCR 1028 WI-FI IQ Home
Page 1: ......
Page 2: ...2 1 2 4 1 2 3 7 8 9 10 11 4 5 6 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 2 3 4 5 ...
Page 3: ...3 5 6 7 8 ...
Page 4: ...4 9 10 11 12 ...
Page 5: ...5 13 14 15 ...
Page 6: ...6 16 1 1 2 2 3 17 18 ...
Page 7: ...7 19 20 21 1 2 ...
Page 8: ...8 22 23 ...
Page 172: ...172 ...