
21
2.
Шаң жинағыш контейнерді тазарту жүйесімен бірге шығару қажет, ол үшін шаң жинағыш контейнердің қақпағындағы тұтқасының екі жағында
орналасқан блокка қою батырмаларына басыңыз да, шаң жинағыш контейнерді тұтқасынан ұстай өзіңізге қарай тартып, шығарыңыз. Сур. 10
3.
Шаң жинағыш контейнерді тұтқасынан ұстай оның төменгі қақпағын төмен қарата қоқыс салынатын жәшігінің үстінен орнатып, ұстаңыз.
Шаң жинағыш контейнерді қоқыс пен шаң-тозаңнан тазарту үшін оны ашу қажет, ол үшін контейнердің төменгі қақпағында орналасқан
батырмасын басыңыз. Шаң жинағыш контейнерді шаңнан тазартып болған соң оның төменгі қақпағын жабыңыз. Шаң жинағыш контейнердің
корпусын тірек затқа орнатқан соң оның жоғарғы қақпағын сағат тіліне қарсы бағытта бұрап, шешіп алыңыз. Оның ішіндегі орнатылған сүзгішті
сүзгілеу жүйесімен бірге шығарыңыз. Шаң жинағыш контейнердегі қалған шаңды қоқыс салынатын жәшікке сәл сілкіп тастаңыз. Сур. 11
4.
Шаң жинағыш контейнерді шаңнан тазалап болған соң, контейнер мен сүзгілеу жүйесін суық ағын судың астында жуыңыз, шаң жинағыш
контейнерді құрғақ матамен сүртіп, құрғата сүртіңіз немесе жақсылап толықтай құрғатыңыз.
5.
Сүзгішті жылы ағын судың астында жуып, шайып тазалаңыз және жақсы желдетілетін бөлмеде, бөлме температурасында 24 сағат ішінде
кептіріңіз, қыздырып кептіретін құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Назар аударыңыздар!
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш машинада немесе кір жууға арналған машинада жууға тыйым салынады.
6.
Шаң жинағыш контейнердің ішіне сүзгішті және сүзгілеу жүйесін орнатыңыз.
7.
Қақпақты контейнерге жалғаңыз, ол үшін контейнердегі көрсеткіш нұсқар белгісі мен қақпақтағы ашық тұрған құлып белгісін біріктіріңіз,
сондай-ақ қақпақты сағат тілінің қозғалу бағыты бойынша айналдырып, ол толығымен бекітілгенше бұраңыз, осы сәтте жабық тұрған құлып
белгісін көрсеткіш нұсқар белгісімен біріктіріңіз. Шаң жинағыш контейнерді құрылғының корпусына сарт еткізіп, яғни сыртыл, шертпек еткен
дыбыс естілмейінше бекітіп орнатыңыз.
8.
Ауа шығаратын HEPA – сүзгішті шешіп алыңыз, оның кір болмауын тексеріңіз, және де, осы нұсқаулықтың «Ауа шығаратын HEPA – сүзгішті
тазарту» бөлімдегі нұсқамаларын башылыққа ала отырып, оның 1-2 тармақтарының сипаттамаларына қарай сәйкес қарастырылған әрекеттерді
орындаңыз.
9.
HEPA сүзгісі ластанған болса, осы нұсқаулықтың «Ауа шығаратын HEPA – сүзгішті тазарту» бөлімнің 3-5 тармақтарының сипаттамаларына
сәйкес тазарту үдерісін жүргізіңіз, НЕРА сүзгішті жүйелі түрде, кем дегенде 2 айдың ішінде бір рет тазартып тұру қажет.
10.
Егер де, шаңсорғыштың сору қуаты төмендеп қалса, бірақ шаң жинағыш контейнері «MAX» деңгейіне дейін шаңмен толмаған болса,
контейнерді ашыңыз да, сүзгіш қалқаның ештене бітеп тұрғанжоқ па тексеріңіз. Бітеу анықталса, құрылғыны тазартуды өтінеміз.
Ауа шығаратын HEPA - сүзгішті тазарту
Атмосфераға ауа түспес бұрын ол ауа шығаратын HEPA - сүзгіш арқылы соңғы тазарту үдерісінен өтеді, бұл сүзгіш құрылғының артқы жағында
орналасқан. Бұл сүзгішті келесі жолмен тазарту қажет:
1. Құрылғыны сөндіріңіз, содан кейін оның желілік баусымын ток көзінен ажыратыңыз. Құрылғыны желіден ажырату барысында, оның желілік
баусымнан емес, штепсельді ашадан ұстап ажыратыңыз. Құрылғының желілік баусымын орап, жинау үшін автоматты түрде орау батырмасын
қолданыңыз. Шаңсорғыштың артқы жағында орналасқан бөлігін ашыңыз.
2. Клавиш батырмасын басып, сүзгіштің қақпақшасын ашыңыз. Сүзгіштің сол жағында орналасқан ілмегін басып, сүзгішті сол жақтан босата
шығарыңыз.
3. Ауа шығаратын HEPA
-
сүзгішті салқын ағын судың астында жақсылап жуып, шайып тазалаңыз, Сабын немесе өзге де жуғыш құралдарды
пайдаланбаңыз!
4. Ауа шығаратын HEPA
-
сүзгішті бөлме температурасында 24 сағат ішінде кептіріңіз. Сүзгіштің зақымдалмауын тексеріңіз.
5. Ауа шығаратын HEPA
-
сүзгішті кептіріп болған соң, оны өз орнына орналастырыңыз (немесе оны жаңасына ауыстырыңыз), содан кейін сүзгіштің
қақпақшасын жабыңыз да, оны өз орнына сарт еткізіп, яғни сыртыл, шертпек еткен дыбыс естілмейінше бекітіп орнатыңыз. Сур. 12
Сақтау жөніндегі ережелер
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі
құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құрылғының сыртқы корпусында, оның артқы жағында орналасқан арнайы саңылауы бар, бұл саңылау қондырмасы бар түтікті бекітуге және вертикаль
күйінде сақтауға арналған.
Summary of Contents for PVC 0750
Page 1: ...1 ...
Page 2: ...2 1 2 3 ...
Page 3: ...3 4 5 6 7 8 ...
Page 4: ...4 9 10 11 12 ...
Page 49: ...49 ...