
17
Тұрмыстық шаңсорғыш
POLARIS
Моделі PVC 0750
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің бұйымдар сапа, функционалдық
және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде толықтай, мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың
барлық пайдалану ережелерімен мұқият танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны дұрыс пайдалану
және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта және орама материалымен
бірге сақтаңыз.
1.
Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PVC 0750 POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын тұрмыстық шаңсорғыш (бұдан әрі мәтін бойынша –
шаңсорғыш, құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау мен пайдалану
бойынша ережелермен танысуға арналған.
2.
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Құрылғыны пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл құрылғы тек қана үйде тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Құрылығыны комерциялық аумақта жоғары жұмыс қарқындылығында пайдалану,
бұл құрылғының шамадан тыс жүктелуiне әкеліп соғады, сонымен құрылғыны шамадан артық ауыр жүктемеде қолданылуы, оның жұмыс істеу
мерзімін азайтып, істен шығуына немесе зақымдалуына әкеледі, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру мүмкін.
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықты міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғы осы Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған
кездерді есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың
(балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Әр жолы құрылғыны қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның электр желілік баусымның ақаулығы анықталған жағдайда,
құралды ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрылғы еденге, жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны білікті маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана тексеру тиіс.
Назар аударыңыздар! Құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға
болмайды.
Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға мүлдем болмайды.
Құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны электр желіге қоспас бұрын, электр желідегі қолданылатын электрлік
параметрлерін тексеріңіз, бұл құрылғының техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құрылғыны электр желіге жалғастырып, қоспас бұрын, әрдайым оның өшірілу күйінде тұрғандығына, яғни құрылғының ауыстырып қосатын
ауыстырғыш тетігі сөндірулі қалпында тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Құрылғы және оның электр желілік
баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күн сәулесіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сақталуы
керек (құрылғыны ешқашан суға батырып салмаңыз).
Ылғал қолыңызбен құрылғыны электр желіге жалғастырып қоспаңыз, яғни құрылғының желілік баусымын ылғал қолыңызбен ұстамаңыз.
Әр жолы құрылғыны әрбір пайдаланғаннан кейін және оны тазартпас бұрын, немесе құрылғы сынып қалса, әрдайым оның электрлік ток көзінен
ажыралып тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құрылғыны оның электр желілік баусымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, электр желілік баусымнан ұстап желіден ажыратуға тыйым
салынады. Құрылғыны электр желіден ажыратқан кезде оның желілік баусымның штепсельді айыршасынан ұстаңыз.
Summary of Contents for PVC 0750
Page 1: ...1 ...
Page 2: ...2 1 2 3 ...
Page 3: ...3 4 5 6 7 8 ...
Page 4: ...4 9 10 11 12 ...
Page 49: ...49 ...