
23
Бұл құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуы
тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі қондырғыларын техникалық пайдалану
қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін
айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл электр-құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың «Екі доңғалақты электр-құрылғыны
пайдалану» тарауында қарастырылған нұсқауларына сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Өздігінен сырғанайтын екі доңғалақты электр-құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап
беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,
кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану білімі мен тәжірибесі
жоқ не қолдана білмейтін адамдар немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары
бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың
құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Әр жолы электр-құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның зарядтау
құрылғысын, сонымен қатар зарядтау құрылғыдағы электр желілік баусымның ақаулығы анықталған
жағдайда, зарядтау құрылғысын ешбір жағдайда электр ашалы розеткаға жалғастырып қосуға мүлдем
болмайды. Аккумуляторды зарядтау үшін тек қана осы электр-құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына
кіретін зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз. Бұл зарядтау құрылғыны өзге мақсатта қолданбаңыз. Бұл
құрылғының зарядтау құрылғысын бөлшектеуге тыйым салынады.
Бұл электр-құрылғыны, оның зарядтау құрылғысын және зарядтау құрылғысының электрлі желілік
баусымын қыздыру не жылу шығаратын көздерінен және өзге де электрлі құралдардан алыс қашықтықта
орналастырыңыз, құрылғы және оның электрлі желілік баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары
температураның әсеріне, тікелей күннің жарық сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне және
ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін
болдырмайтындай етіп, сақталуы керек.
Электр-құрылғыны және оның зарядтағыш құрылғысын түпнұсқалық зауыттық қаптама қорабында,
сондай-ақ балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыздар!
Құрылғыны субұрқақ, жасанды және өзге суайдындарының маңында, сонымен қатар ванна,
ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа сыйымдылықтардың қасында пайдалануға болмайды,
сондай-ақ электр-құрылғыны ылғалды ауа-райы кезінде пайдалануға тыйым салынады.
Электр-құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оны екінші мәрте пайдаланудың алдында құрылғыны тек
қызмет көрсету орталықтың білікті мамандары ғана тексеріп шығуы керек.
Құрылғының зарядтау құрылғысын тек ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Зарядтау құрылғыны электр
ток көзіне қоспас бұрын, бұл құрылғының техникалық сипаттамаларында көрсетілген кернеудің
параметрлері Сіздің үйіңіздегі электрлік желісінде қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Бұл құрылғының зарядтағыш құрылғысын электр желіге қоспас бұрын, зарядтау құрылғының өшіріліп
тұрғандығына көз жеткізіңіз. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр
техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс. Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік
қоректендіру көздері мен ұзартқыш және үшжақты жалғаулық секілді қосу құрылғыларын
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Әр жолы құрылғыны әрбір пайдаланғаннан кейін
және оны тазартпас бұрын, немесе құрылғы сынып, істен шыққан жағдайда, әрдайым оның қоректендіру
көздері тоқтан ажыратылуы тиіс.
Электр-құрылғының зарядтағыш құрылғысын оның желілік баусымнан ұстап тасымалдауға болмайды.
Сондай-ақ, оның электрлік қоректену желілік баусымнан ұста, тартып электрлік қоректену желісінен
ажыратуға тыйым салынады. Зарядтағыш құрылғыны ток көзіне жалғастырып қосқан кезде немесе оны
ток көзінен ажыратқан кезінде, тек қана оның электр желілік баусымның штепсельді айыртетігінен
ұстаңыз.
Бұл электр-құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына кірмейтін қосымша аксессуарларға жататын
бөлшектері мен керек-жарақтарын пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеу жұмыстарын тек қызмет көрсету орталығының
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдалануға қажет.
Назар аударыңыздар! Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр-құрылғыны әдеттегі тұрмыстық
Summary of Contents for PES 0504
Page 1: ......