565
Қазақша
Қысым датчигінің кері байланысы
Sonicare тіс щеткасы қызыл иектер мен тістерді
зақымнан қорғау үшін щеткамен тазалау кезінде
қолданылған қысымды өлшейді.
Шамадан тыс қысым салсаңыз, қысым төмендегенше
сап дірілі өзгереді және саптың астындағы щеткамен
тазалау кері байланысының шамы (күлгін)
жыпылықтайды.
Ескертпе: Қысым датчигі өніміңізбен белсендірілген
күйде келеді. Осы мүмкіндікті өшіру үшін,
«Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру» бөлімін
қараңыз.
Бейімделетін қарқындылық
Sonicare тіс щеткасы қызыл иекті қорғау үшін
бейімделетін қарқындылықпен жобаланған. Егер ұзақ
уақыт шамадан тыс қысым салсаңыз, тіс щеткасы
қарқындылық параметрін 1-деңгейге автоматты түрде
түсіреді. Қысым кері байланысында қысқа кідірісті
байқайсыз және қарқындылықтың келесі төменірек
деңгейге реттелгенін сезесіз.
Ескертпе: Бейімделетін қарқындылық өніммен іске
қосылған күйде келеді. Осы мүмкіндікті өшіру үшін,
«Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру» бөлімін
қараңыз.
Ескертпе: Әр жаңа щеткамен тазалау циклі сайын
қарқындылық алдын ала таңдалған параметрге
оралады.
Ысқылау кері байланысы
Ысқылау әрекетін анықтау үшін щеткамен тазалау
кезінде Sonicare тіс щеткасы қозғалыстарды өлшейді
(оңтайлы тәсілді щеткамен тазалау нұсқауларынан
қараңыз). Щеткамен тазалау кезінде жүйелі
ысқыласаңыз, қолданба ысқылау кері байланысын
қосуды ұсынады.
Summary of Contents for sonicare 9900 Prestige
Page 1: ...9900 Prestige ...
Page 2: ......
Page 3: ...1 4 5 6 7 9 10 2 3 13 14 8 16 15 12 11 ...
Page 4: ...empty page before TOC ...
Page 42: ...42 Čeština běžné opotřebení například odštípnutí škrábance oděrky odbarvení nebo vyblednutí ...
Page 335: ...335 Română Uzura normală inclusiv ciobirea zgârieturile abraziunea sau decolorarea ...
Page 590: ......
Page 591: ...Empty page before back cover ...