Пайдалануға дайындау
Стерилдеуге дайындау
Стерилизаторға салмас бұрын, заттарды ыдыс жуғыш машинада немесе ыстық суға ыдыс жуу
сұйықтығын қосып қолмен жуып алыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған себетті пайдалану
(тек SCF287/SCF286 үлгісінде)
Стерилденетін заттарды жуғанда, ыдыс жуғыш машинаға арналған себетті пайдаланыңыз.
1
Ыдыс жуғыш машинаға арналған себет қақпағының екі бөлімін ашып, ішіне бөтелкелерді
және қосалқы құралдарды салыңыз (Cурет 7).
Ескертпе Бөтелкелерді төңкеріп салу керек.
2
Ыдыс жуғыш машинаға арналған себет қақпағының екі бөлімін жабыңыз (Cурет 8).
3
Себетті ыдыс жуғыш машинаға салыңыз.
4
Ыдыс жуғыш машинаны қосып, ыдыстар жуылып болғанша күтіңіз.
5
Жуылып болғанда, ыдыс жуғыш машинаға арналған себетті шығарып, себет пен
стерилденетін заттар таза екенін тексеріңіз. Таза болмаса, қолмен жуыңыз.
6
Ыдыс жуғыш машинаға арналған себетті стерилизатордың үлкен себетіне салыңыз.
Ескертпе Ыдыс жуғыш машинаға арналған себет үлкен себетке салынғанда, қақпақтың екі
бөлімін ашық қалдыруға болады.
Стерилизаторды жинау
Стерилизаторды жинаудың бірнеше жолы бар.
1 Емізік сияқты кішкене заттарды стерилдегенде, тек кішкене себет салынады (Cурет 9).
2 Сүт сауғыштар, бала табағы немесе пышағы сияқты орташа мөлшерлі заттарды
стерилдегенде, тек үлкен себет қолданылады (Cурет 10).
3 11 унция/330 мл мөлшерлі алты бөтелкені стерилдеу үшін, үлкен және кішкене себет
салынады. Бөтелкелерді төңкеріп үлкен себетке, ал қақпақтарды, сақиналар мен емізіктерді
кішкене себетке салыңыз (Cурет 11).
Ескертпе Кішкене себетті толтырғанда, емізіктерді түбіне, сақиналарды олардың үстіне
салып, қақпақтарды себеттің екі таяғына іліп қойыңыз.
Ескертпе Стерилденетін заттардың бәрі бөлшектеніп, су толмау үшін ойық жерлері
төмен қарап тұру керек.
Құралды пайдалану
Стерилизаторға стерилдеуге жарамды заттарды ғана салыңыз. Салқындататын сұйықтық
құйылған тіс үйкегіштері сияқты сұйықтықпен толтырылған заттарды салмаңыз.
Ескертпе Стерилдеу үшін, бөтелкелер мен басқа заттарды алдымен тазалап алыңыз.
1
Мысалы, нәресте бөтелкесін стерилдеу үшін, негіздің су құйылатын ыдысына краннан
100 мл су құйыңыз (Cурет 2).
2
Стерилизаторды жинап («Стерилизаторды жинау» бөлімін қараңыз), ішіне стерилденетін
заттарды салыңыз.
3
Қақпақпен кішкене немесе үлкен себеттің аузын жабыңыз (Cурет 5).
4
Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
ҚАЗАҚША
46
Summary of Contents for SCF285SCF284
Page 1: ...Cover SCF287 SCF286 SCF285 SCF284 User manual ...
Page 2: ......
Page 3: ... explosion 1 1 ...
Page 4: ......
Page 106: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ...
Page 107: ......
Page 108: ...4203 064 5715 3 ...