148
Ата-ана модулінің жұмыс уақыты 18 сағат
болуы тиіс. Менің ата-ана модулімнің жұмыс
уақыты неге қысқарақ?
•
Ата-ана модулінің батареялары алғашқы рет
толығымен зарядталғанда, жұмыс уақыты
18 сағаттан аз болады. Қайта зарядталатын
батареялар өздерінің толық сыйымдылығына
тек оларды кемінде төрт рет зарядтап,
босатқанда жетеді.
•
Ата-ана модуліндегі дыбыс деңгейі тым
жоғары болуы мүмкін, ол ата-ана модулінің
көп энергияны тұтынуына әкеледі. Ата-ана
модулінің дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
•
Нәресте модуліндегі микрофон
сезімталдығының деңгейі тым жоғары болуы
мүмкін, ол ата-ана модулінің көп энергияны
тұтынуына әкеледі. Ата-ана модулінің
мәзірінен микрофон сезімталдығының
деңгейін төмендетіңіз.
Ата-ана модулі өшірулі кезде зарядтауды
бастағанымда, дисплейде батарея күйінің
көрсеткіші пайда болуы үшін неге біраз
уақыт кетеді?
•
Бұл — қалыпты жағдай. Ата-ана модулі
өшірулі кезде оны желіге қосқанда ояну үшін
бірнеше секундты қажет етеді. Ол қосылған
кезде, ата-ана модулі алдымен зарядталып
жатқанын анықтауы қажет және ол батарея
күйінің көрсеткіші көрсетілместен бұрын
батарея зарядының деңгейін өлшеуі керек.
Ата-ана модулінің қайта зарядталатын
батареялары неге жылдам таусылады?
•
Қайта зарядталатын батареялардың
қолдану мерзімі аяқталуға таяған. Оларды
ауыстыруыңыз керек. Қайта зарядталатын
батареяларды ауыстыру үшін «Қосалқы
құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз.
Нәресте бақылаушының қызмет көрсететін
аймағы 330 метр/1000 фут деп көрсетілген.
Неліктен менің нәресте бақылаушым одан
төмен аймақты қамтиды?
•
Көрсетілген қамту аймағы тек сыртта, ашық
ауада ғана сәйкес келеді. Үй ішіндегі қамту
аймағы ортада кездесетін қабырға түрлері
мен саны немесе төбелер арқылы шектеледі.
Үй ішіндегі қамту аймағы 50 метр/150 фут
болып келеді.
Неліктен байланыс қайта-қайта үзіліп қалады?
Неліктен дыбыс кедергілері пайда болады?
•
Нәресте және ата аналар бөлігі қызмет
көрсететін аймақтың сыртқы шекарасына тым
жақын тұрған болар. Басқа орналасу орнын
таңдап көріңіз немесе екі бөліктің арасындағы
қашықтықты азайтыңыз. Есіңізде болсын,
екі бөліктің арасында байланыс орнау үшін,
әрдайым 30 секундтай уақыт керек болады.
•
Модульді DECT телефоны не басқа 1,8
ГГц/1,9 ГГц нәресте бақылағышы сияқты
таратқыш немесе DECT құрылғысының
жанына қойған болуыңыз мүмкін. Байланыс
қайта орнатылғанша модульді басқа
құралдардан алыстатыңыз.
Тоқ қуаты болмай қалғанда не болады?
•
Егер ата-ана бөлігі жеткілікті зарядталған
болса, онда ол тоқ қуаты берілмей қалғанда
да әрі қарай жұмыс істей береді. Егер нәресте
бөлігіне батареялар салынған болса да, қуат
көзінен ажыратылған ол әрі қарай жұмыс
істей береді.
Нәресте қадағалаушы жасырын тыңдаудан
және кедергілерден сақ па?
•
Осы нәресте қадағалаушының DECT
технологиясы басқа құралдардан кедергі
болдырмайды және жасырын тыңдаудың
алдын алады.
Summary of Contents for SCD560
Page 2: ...2 ...