Ескертпе Көп мөлшерде тамақ пісірген кезде, тамақ пісіру уақытының жартысы өткенде,
ұзын сапты ас үй құралымен тамақты араластырыңыз. Пешке арналған қолғап кийіңіз.
Ескертпе Бумен әзірлеу процесінің бірінші 5 минутында турбо шамы жанады. Бұл тез қызу үшін
бумен пісіргіштің қосымша қуатты пайдаланатынын көрсетеді.
3
Бумен әзірлеу процесі аяқталғанда, құрал 5 рет сигнал береді, содан кейін жылы күйінде
сақтау режиміне автоматты түрде ауысады («Жылы күйінде сақтау режимі» бөлімін қараңыз).
4
Пайдаланудан кейін қақпақты жайлап алыңыз.
Қақпағын ашқанда, құралдан ыстық бу шығады. Одан абай болыңыз.
Ескертпе Күйіп қалмас үшін қақпақты алғанда қолғап киіңіз. Қақпақты баяу және өзіңізден ары
ұстап алыңыз. Жиналған суды қақпақтан бумен әзірлеу табағына ағызыңыз.
Ескертпе Тамақты бумен әзірлеу табақтарынан алу үшін ұзын сапты ас үй құралдарын
пайдаланыңыз.
5
Бумен әзірлеу табағын шығарғанда, ондағы жиналған суды астындағы ыдысқа немесе
тамшы науасына ағызыңыз.
6
Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан ажыратып, тамшы науасын алмас бұрын,
бумен пісіргішті толық суытып алыңыз.
7
Әр пайдаланғаннан кейін негізді артқа қисайтып, суды негіздің артынан төгу арқылы су
ыдысын босатыңыз (Cурет 3).
Тамшы науасын алғанда және су ыдысын босатқанда сақ болыңыз, себебі құралдың басқа
бөліктері суып қалса да, екеуіндегі су әлі де ыстық болуы мүмкін.
Ескертпе Бумен әзірлеу кезінде су ағып кетсе, «су ыдысы бос» шамы жанып, су ыдысын
толтыру керектігін көрсетеді (Cурет 15).
Ескертпе Қосымша тамақты бумен әзірлеу керек болса және қосымша су керек болса, су
ыдысын толтыру үшін су толтыру шүмегі арқылы шағын су көлемін құюға болады.
Ескертпе 2 минут бойы пайдаланылмаса, құрал автоматты түрде күту режиміне өтеді.
Басқару тақтасын қайтадан іске қосу үшін бастау/тоқтату түймесін басыңыз.
Қол режимі
Бұл режимді бумен пісіргішті тез іске қосу үшін пайдаланыңыз.
1
Қажет бумен әзірлеу уақытын таңдау үшін таймердің жоғары немесе төмен түймесін
басыңыз (Cурет 16).
2
Бумен әзірлеу процесін бастау үшін бастау/тоқтату түймесін басыңыз (Cурет 17).
,
Бумен әзірлеу процесі басталады. Бастау/тоқтату шамы және турбо шамы баяу
жыпылықтайды және таймер орнатылған бумен әзірлеу уақытын кері санайды (Cурет 18).
,
Көрсетілген бумен әзірлеу уақыты өткенде, құрал сигнал береді және жылы күйінде
сақтау режиміне ауысады. «Жылы күйінде сақтау» шамы жанады (Cурет 19).
Бағдарлама режимі: тамақ бағдарламасы
Бұл бағдарламаны толық тамақты әр бумен әзірлеу табағы үшін әр түрлі уақытпен әзірлеу үшін
пайдаланыңыз. Құрал ең ұзақ әзірлеу уақыты бар бумен әзірлеу табағындағы тамақты бумен
пісіруді автоматты түрде бастайды және қысқарақ әзірлеу уақыты бар бумен әзірлеу табағын
немесе бумен әзірлеу табақтарын қою керек кезде сигнал береді. Соңғы бумен әзірлеу
табағының әзірлеу уақыты ең төмен болады.
Ескертпе Бүкіл үш бумен әзірлеу табағын пайдаланбастан тамақ әзірлеу керек болса, таймерді
тек пайдаланатын бумен әзірлеу табақтары үшін орнатыңыз.
ҚАЗАҚША
85
Summary of Contents for HD9189
Page 1: ...HD9190 HD9189 User manual ...
Page 2: ......
Page 3: ...1 ...
Page 4: ......
Page 208: ......
Page 209: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Page 210: ...22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ...
Page 211: ......
Page 212: ...4222 005 0316 2 ...