![Philips HD9171 User Manual Download Page 80](http://html.mh-extra.com/html/philips/hd9171/hd9171_user-manual_298310080.webp)
4
Қақпақты біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы сумен тазалаңыз.
5
Бу себеттерінен алынбалы түптерді алыңыз. Бу себеттерін, алынбалы түптерді, арома
дәмдегішті, тамшы науасын және сорпа ыдысын біраз ыдыс жуу сұйықтығы қосылған
жылы сумен тазалаңыз. Бұл бөліктерді қысқа цикл мен төмен температураны пайдаланып
ыдыс жуғыш машинада да жууға болады.
Бу себеттерін қайта-қайта ыдыс жуғыш машинада жуу бұл бөліктердің аздап оңуына әкелуі
мүмкін.
Қаспақты кетіру
Су ыдысында қақ жиналса, құралды қақтан тазарту керек. Жақсы жұмыс істеуі үшін, бумен
пісіргішті қақтан тұрақты тазартып тұру керек.
1
Су ыдысын ақ сірке суымен (8% сірке қышқылы) MAX (ЕҢ ЖОҒАРҒЫ) көрсеткішіне
дейін толтырыңыз.
Басқа қақтан тазалау сұйықтықтарын қолдануға болмайды.
2
Тамшы науасы мен кіші бу себетін (1) негізге дұрыстап орнатыңыз (Cурет 23).
3
Кіші бу себетінің үстіне қақпақты қойыңыз (Cурет 24).
4
Штепсельдік ұшты қабырға розеткасына қосыңыз.
5
Басқару тақтасын қосу үшін бастау/тоқтату түймесін басыңыз.
6
Құралды 20 минут бойы жұмыс істету үшін бастау/тоқтату түймесін басыңыз (Cурет 17).
Сірке суы негізгі бөліктің шетінен тасып қайнап кетсе, құралды розеткадан ажыратып,
сірке суын азайтыңыз.
7
Құрал сигнал шығарғанда, розеткадан ажыратып , сірке суын әбден суытып алыңыз.
Одан кейін, су ыдысын босатыңыз.
8
Су ыдысын суық сумен бірнеше рет шайып жіберіңіз.
Ескертпе Егер су ыдысында әлі де қақ бар болса, осы процедураны тағы қайталаңыз.
Сақтау
1
Құралды сақтап қояр алдында, оның барлық бөліктерінің таза және құрғақ екенін
тексеріңіз. («Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
2
Ток сымын жинап қою үшін, оны құрал тірегінің орағышына орап қойыңыз (Cурет 25).
3
Тамшы науасын негізге орнатыңыз (Cурет 5).
4
Алынбалы түптердің бу себеттеріне салынғанын тексеріңіз.
5
Үлкен бу себетін (3) тамшы науасына қойыңыз. Орташа бу себетін (2) үлкен бу себетіне
(3) қойыңыз. Кіші бу себетін (1) орташа бу себетіне (2) қойыңыз (Cурет 26).
6
Сорпа ыдысын кішкентай бу себетіне (1) қойыңыз.
7
Сорпа ыдысының немесе кішкентай бу себетінің қақпағын жабыңыз (Cурет 27).
Кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет көрсету жұмыстары немесе ақпарат қажет болса немесе проблема туындаса, Philips
компаниясының
www.philips.com/support
веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,
жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
ҚАЗАҚША
80
Summary of Contents for HD9171
Page 1: ...HD9171 User manual ...
Page 2: ......
Page 3: ...1 ...
Page 4: ......
Page 192: ......
Page 193: ...2 3 MIN 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Page 194: ...22 23 24 25 26 27 28 ...
Page 195: ......
Page 196: ...4222 005 0315 2 ...