59
Қазақша
•
батареяларды күн сәулесі, от немесе басқа жылу көздерінен аулақ жерде
сақтаңыз,
•
Қызып кетпеуі, улы заттар, сутек немесе оттек шығармауы үшін, батареяны:
•
шамасынан артық зарядтамаңыз;
•
қысқа тұйықтамаңыз;
•
теріс салып зарядтамаңыз немесе
•
зақымдамаңыз.
•
Теріңізге зақым тимеу үшін, зақымданған немесе ағып кеткен батареяларды
тек қолғаппен ұстаңыз.
Ересек адамның қадағалауы
•
Бұл нәресте мониторы көмекші құрал ретінде жасалған. Ол ересек адамның
сенімді және толық қадағалауын алмастырмайды және құралды ондай мақсатта
пайдалануға болмайды.
•
Нәресте модулін еш уақытта нәрестенің төсегіне немесе ойнайтын манежіне
қоймаңыз.
•
Нәресте мониторын орамалмен, көрпемен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
Қатты қызып кетуі мүмкін.
•
Нәресте мониторы розеткаға қосылып тұрғанда, розеткаға қолыңыз оңай
жетіп тұруы керек.
•
Қауіпсіздік мақсатында балалардың нәресте мониторымен ойнауына жол
бермеңіз.
Сақтаудың сақтық шаралары
•
Нәресте мониторын 10 °C және 35 °C арасындағы температурада
пайдаланыңыз және сақтаңыз. Нәресте мониторын тікелей күн сәулесі
түспейтін жерге қойыңыз.
Ауыстыру
•
Адаптерді ауыстыру қажет болса, осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген
адаптер түрлерін қолданыңыз.
•
Батареяны ауыстыру қажет болса, тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығымен хабарласыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips AVENT құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Нұсқаулықта көрсетілгендей және ұқыпты
қолданылған жағдайда, құралды пайдалану қазіргі ғылыми дәлелдер негізінде
қауіпсіз болып табылады.