12
ҰСЫНЫМДАР
• Құрылғыны пайдаланудан бұрын пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Оқығаннан
кейін оны болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Осы нұсқаулықта келтірілген барлық суреттер
нақты суреттерден ерекшеленуі мүмкін нақты
объектілердің сызбалық суреттері болып табыла
-
ды.
• Пайдалану кезінде құрылғыны жылжытпаңыз.
• Аспапты тек тамақ дайындау және жылыту үшін
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жылу көзі ретінде пайдаланбаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашық
қалдырмаңыз.
• Шағын тұмшапештерге жарамды ыстыққа төзімді
ыдыстарды ғана қолданыңыз.
• Аспаптың ішіне консерві банкілерін, бөтелкелерді,
сондай-ақ тығыз жабылған контейнерлер мен тым
ірі өнімдерді салмаңыз. Бұл жарақатқа немесе
аспаптың сынуына әкелуі мүмкін.
• Шикі ет/балықты тікелей торға салмаңыз, себебі
тоңмай мен май тұтануы мүмкін. өнімді алдын
ала жұқалтырға орап, пісіру табағын қолданыңыз.
Жұқалтыр қыздыру элементтерімен жанаспайты
-
нына көз жеткізіңіз.
• Жұқалтырды пайдаланған кезде қаңылтыр табаны
ортаңғы немесе төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз
қалдырмаңыз.
• Аспаптың ішінде қағаз, картон, пластик, сүлгілер
және т.б. салмаңыз, себебі бұл өртке әкелуі
мүмкін.
• Өнімді тұмшапештен шығару үшін тұтқыш не
-
месе ыстыққа төзімді қолғаптарды қолданыңыз.
KZ
• Құрылғыны соққылардан, құлаудан, дірілден және
басқа механикалық әсерлерден қорғаңыз.
• Жууды бастар алдында, құрылғыны міндетті түрде
желіден ажыратыңыз.
• Бұйымды бөлмеден тыс пайдаланбаңыз.
• Бұл аспап физикалық, сенсорлық немесе ақыл-
ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жоқ адамдарға (соның ішінде балаларға)
қолдануға арналмаған. Олар аспапты олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауымен
немесе аспапты қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулықтан кейін ғана пайдалана алады.
Балаларлың бұйыммен ойнауына рұқсат бермеңіз.
• Бұл өнім тек күнделікті өмірде пайдалануға
арналған.
• Аспапты тазалау кезінде абразивті материалдар
мен органикалық тазартқыш заттарды (спирт,
бензин және т.б.) пайдаланбаңыз. Құрылғының
корпусын тазарту үшін аз мөлшерде бейтарап
жуғыш затты қолдануға рұқсат етіледі.
Электр аспаптарын пайдалану кезінде келесі сақтық
шараларын сақтау керек:
• Аспапты осы пайдалану нұсқаулығына сәйкес
пайдаланыңыз.
• Аспапты орнықты бет үстіне орнатыңыз.
• Құрылғы жиынтығына кіретін керек-жарақтарды
ғана пайдаланыңыз.
• Өрт немесе электр тогының соғу қаупін
болдырмау үшін құрылғыға су тиюіне және
құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайында
пайдалануға жол бермеңіз. Егер қандай
да бір себептермен құрылғы ішіне су кірсе,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына (USC)
хабарласыңыз.
• Аспаптың электрмен жабдықтау үшін тиісті
сипаттамалары бар электр желісін пайдаланыңыз.
• Аспапты ауада тез тұтанатын заттардың буы
болуы мүмкін орынжайларда пайдаланбаңыз.
• Ешқашан өз бетімен құрылғыны ашпаңыз
– бұл электр тоғының соғу себебі болуы,
аспаптың істен шығуына әкелуі мүмкін және
өндірушінің міндеттемелерінің күшін жояды.
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету
үшін тек OURSSON сауда маркасының
өнімдерін жөндеуге уәкілетті қызмет көрсету
орталықтарына хабарласыңыз.
• Құрылғыны салқын бөлмеден жылы бөлмеге және
керісінше жылжытқан кезде, оны қолданудан
бұрын ашыңыз және қоспай, 1-2 сағат күтіңіз.
• Электр тогының соғу қаупіне жол бермеу
мақсатында, сымдардың немесе бүкіл
бұйымның суға батырылуына жол бермеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған аспаптың жанында
балалар болса, ерекше сақ және мұқият болыңыз.
• Аспаптың ыстық бетіне қол тигізбеңіз, бұл
жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Қорек бауын үстелдің өткір жиегінен немесе
қыздырылған бет үстілеріне тигізбеңіз.
• Сымды үстелдің өткір жиегінен салбырауына
немесе қыздырылған бет үстілеріне тиюіне жол
бермеңіз.
• Бұл аспапты басқа электр құрылғыларымен
шамадан тыс жүктелген желіге қоспаңыз: бұл
құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі
мүмкін.
• Өнімді газ және электр плиталарына, сондай-ақ
пештерге жақын орнатпаңыз.
• Аспап қорек бауы зақымдалған кезде, сондай-ақ
өнімнің қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда,
егер аспап құлап кетсе немесе басқа жолмен
зақымдалса, пайдаланбаңыз.
• Өнімді желіден ажыратқан кезде, штепсельді ғана
ұстаңыз, сымнан ұстап тартпаңыз – бұл сымның
немесе розетканың зақымдалуына және қысқа
тұйықталуға әкелуі мүмкін.
• Пайдалану аяқталған соң, бұйымды желіден
ажыратыңыз.
Қауіптілік символы
Пайдаланушыға жоғары кернеу туралы ескерту.
Ескерту символы
Нұсқаулыққа сәйкес барлық әрекеттерді жүргізу
қажеттілігі туралы пайдаланушыға ескерту.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ, А СУР.
Күйіп қалу қаупінің белгісі
Пайдаланушының еске салғышы
жоғары температура туралы.
Summary of Contents for MO2004
Page 1: ...MO2004 MO2005 Instruction manual EN KZ RU...
Page 2: ......
Page 3: ...3 220 240 V 4 5 m 4 5 m 1 2 1 2 1 1 3 2 4 6 5...
Page 4: ...4 D 2 3...
Page 12: ...12 KZ USC OURSSON 1 2...
Page 20: ...20 RU OURSSON OURSSON 1 2...
Page 28: ...28 www oursson com...