67
Қазақ тілі
Шуды басу функциясы
Шуды басу функциясы: сыртқы дыбыстарды бөгеп,
аудионы анық естуге мүмкіндік береді.
Айнала дыбысы: сыртқы дыбыстарды өткізіп,
айналаңызда болып жатқан оқиғалардан хабардар
болу мүмкіндігін береді.
Шуды басу функциясы өшірулі: шуды басу әсері
жоқ.
Персоналды шу басу функциясы
Дыбыс анық және шынайы естілуі үшін шуды басу
әсерлерін есту жолыңыздың құрылымына сәйкес
Фотосурет түсіру үшін кез келген
құлақаспапты екі рет түртіңіз
Телефондағы камераны пайдаланған кезде,
құлақаспаптың біреуін екі рет басып фотосурет
түсіріңіз.
※
Бұл функцияны телефонда қосуға болады. Толық ақпаратты
«Құлақаспап функциялары» бөлімінен қараңыз.
Құлақаспап функциялары
Телефонда бұрын аталған құлақаспап
функцияларының кез келгенін орнатуға немесе
пайдалануға болады.
※
Дауысты көмекші кей телефон маркаларында немесе
модельдерінде істемеуі мүмкін.
ColorOS құрылғыларына қатысты ақпарат
Параметрлерді реттеу үшін телефонның Bluetooth
параметрлерін реттеу бетіндегі «
OPPO Enco Free2
- Құлақаспап функциялары
» бөліміне өтіңіз.
※
Сенсорлық басқару элементтерін реттеу, құлақаспап өлшемін
анықтау сынағы, персоналды шу басу функциясы және
персоналды дыбысты күшейту функциясы ColorOS 11.0 немесе
одан кейінгі нұсқаларда істейтін кей телефондарда ғана бар.
※
Құлақаспаппен камераны басқару мүмкіндігі тек ColorOS 11.3
немесе одан кейінгі нұсқаларда істейтін кей телефондарда бар.
※
Қолданылатын телефон модельдерінің толық тізімін
www.oppo.com сайтына кіріп қараңыз.
Басқа Android құрылғыларына қатысты ақпарат
Қолданбалар дүкенінен «HeyMelody» қолданбасын
тауып, орнатыңыз. Қолданбада құлақаспап
функцияларын орнатуға немесе пайдалануға болады.
※
Android 6.0 немесе одан кейінгі нұсқалы телефондарда бар.
※
«HeyMelody» қолданбасы бар қолданба дүкендерінің тізімін
OPPO ресми веб-сайтындағы өнім туралы мәліметтер бетіне
өтіп қараңыз.
iOS құрылғыларына қатысты ақпарат
App Store ішінен «HeyMelody» қолданбасын тауып,
орнатыңыз. Қолданбада құлақаспап функцияларын
орнатуға немесе пайдалануға болады.
Сенсорлы басқару элементтері
Сенсорлы басқару аймағы
•
Келесі тректі ойнату: құлақаспаптың біреуін екі
рет түртіңіз.
•
Шуды басу функциясы және Айнала дыбысы
режимдерін ауыстырып қосу: құлақаспапты
1 секунд түртіп тұрыңыз.
•
Дыбыс деңгейін арттыру/азайту: саусақты құлақаспап
корпусымен жоғары немесе төмен жүргізіңіз.
•
Қоңырауларға жауап беру / оларды аяқтау:
құлақаспапты екі рет түртіңіз.
※
Құлақаспаптың сенсорлық басқару элементтерінің
параметрлерін телефонда реттеуге болады. Толық мәліметті
«Құлақаспап функциялары» бөлімінен қараңыз.
бейімдеңіз. Есту жолыңыздың құрылымы талданған
кезде шуды басу әсерлері өзгеріп отырады. Талдап
болған соң, шуды басудың ең жақсы шешімі
анықталады және қолданылады.
※
Бұл функцияны телефонда қосуға болады. Толық ақпаратты
«Құлақаспап функциялары» бөлімінен қараңыз.
Персоналды дыбысты күшейту функциясы
Персоналды дыбыс профилін жасау үшін дыбыстық
сынақ арқылы есту қабілетіңізді талдаңыз. Бұл
профильді дыбыс әсерлерін оңтайландыру үшін
аудио тыңдаған кезде қолма-қол қолдануға болады.
※
Бұл функцияны телефонда дыбыстық сынақтан өткенде ғана
пайдалануға болады. Толық мәліметті «Құлақаспап функциялары»
бөлімінен қараңыз.