66
Қазақ тілі
Қуаттау
Батарея қуатының деңгейі
•
Құлақаспап қуаттағыш қапқа салынып тұрғанда,
индикаторда құлақаспап батареясының қуат
деңгейі көрсетіледі. Құлақаспап қуаттағыш қаптан
шығарылған кезде, индикаторда қуаттағыш қап
батареясының өз қуат деңгейі көрсетіледі.
•
Батарея қуатының деңгейі түрлі индикатор
түстерімен көрсетіледі. Атап айтқанда, қызыл
түс қуаттың төмен екенін, сары түс орташа екенін,
ал жасыл түс толық немесе жеткілікті екенін
білдіреді.
Құлақаспапты қуаттау
Қуаттай бастау үшін құлақаспапты қуаттағыш қапқа
салыңыз. Индикатор құлақаспап батареясының
қуат деңгейін көрсетеді.
Қапты қуаттау
Қуаттау барысында индикатор жанады. Сары түс
қуаттау процесі орындалып жатқанын, ал жасыл
түс қуаттау процесінің орындалып болғанын білдіреді.
Құлаққа салынғанын анықтау функциясы
OPPO Enco Free2 құлақаспабымен аудио тыңдаған
кезде құлақаспаптың біреуі құлақтан шығарылса,
ойнату кідіртіледі. Қайта салынғанда, ойнату
жалғасады.
Bluetooth арқылы жұптау
1.
2.
OPPO Enco Free2 True Wireless құлақаспабын
алғаш рет баптап жатқан болсаңыз, ішіне
құлақаспап салынған қуаттағыш қапты ашыңыз.
Құлақаспап автоматты түрде телефонмен
жұптаса бастайды.
Телефоныңыздың Bluetooth функциясын қосыңыз:
•
Әдеттегі жұптау: жұптау процесін орындау
үшін Bluetooth бетінде «OPPO Enco Free2»
дегенді іздеңіз және таңдаңыз.
•
Жылдам жұптау: OPPO Enco Free2 тығын
құлақаспабын Bluetooth функциясы қосылған
OPPO телефонының жанында ұстаңыз. Телефонда
параметрлерді реттеу туралы ескерту пайда
болады. Экрандағы нұсқауларды орындап
жұптаңыз.
※
Ескертпе: жылдам жұптау функциясы тек кей OPPO
телефон модельдерінде істейді. Толық ақпаратты
www.oppo.com сайтына кіріп алуға болады.
Bluetooth
OPPO Enco Free2
Тиісті өлшемдегі амбушюра
Дәл болатын амбушюрада шуды басу функциясы
мен дыбыс сапасы жақсартылып, жайлылық
арттырылған. Есту жолыңызда тығыз тұратын
амбушюраларды таңдауға тырысыңыз. Сол және
оң жақ құлақтың өлшемі әртүрлі болуы мүмкін
екенін ескеріңіз.
※
Ең лайықты өлшемді амбушюраларды таңдау үшін құлақаспап
өлшемін анықтау сынағынан өтуге болады. Толық мәліметті
«Құлақаспап функциялары» бөлімінен қараңыз.
Басқа құрылғыларға жұптау
Ішіне құлақаспап салынған қуаттағыш қапты
ашып, Функция түймешігін индикатор ақ түсті
болып жыпылықтағанша 2 секунд бойы басып
тұрыңыз. Құлақаспабыңыз жұптауға дайын күйге
келеді.
Құ
рыл
ғ
ы
ң
ызды
ң
Bluetooth бетінде ж
ұ
птау процесін
орында
ң
ыз.
1.
2.
Bluetooth
OPPO Enco Free2