- 147 -
KZ
•
Құрылғы үздіксіз жұмыс істеп, электр
қуатын шамадан артық тұтынбауы үшін,
конденсаторды үш ай сайын вакуумдық
шланг көмегімен тазалап тұрыңыз.
Құрылғыны ерекше жағдайларда
қолдансаңыз, конденсаторды жиі тазалаңыз.
Конденсатордың иіртүтігін дәл осылай
жылына кем дегенде бір рет тазалаңыз.
Егер конденсатордың иіртүтігі жылына
кем дегенде бір рет тазаланбаса, құрылғы
жұмысының тиімділігі айтарлықтай
төмендейді.
•
Аратөсемдер мен бітегіштерді құрғақ әрі
жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Есіктің
әрқашан тиісті түрде жабылуын қамтамасыз
ету үшін қоқыс бар-жоғын тексеріп тұрыңыз.
•
Құрылғыны толық құрғатқаннан кейін ғана
қайта пайдалануға немесе жинап қоюға
болады.
Еріту
•
Құрылғыны еріту үшін, ішіндегі бар азық-
түлікті шығарып, термостатты “OFF” белгісіне
келтіріңіз, одан кейін құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз.
•
Құрылғы ішіндегі мұздың еруін күтіп, одан
кейін суын төгіп тастаңыз.
Сақтау
•
Құрылғыны жинап қоймас бұрын,
ондағы азық-түлікті түгелдей шығарып,
розеткадан ажыратыңыз. Құрылғыны және
аксессуарларын жақсылап тазалаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ, қорғалған ортада, бөлме
температурасында сақтаңыз.
•
Құрылғыға шаң-тозаң қонбауы үшін, үстін
матамен жабыңыз (ол құрылғының ішіндегі
ауа айналымына кедергі келтірмеуі керек).
4. Ақаулықты анықтау
ЕСКЕРТУ!
•
Құрылғы бұзылған немесе дұрыс істемеген
жағдайда, оны дереу қуат көзінен суырыңыз.
•
Тек осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталған қадамдарды ғана орындаңыз!
Одан басқа барлық тексерістерді, қызмет
көрсету мен жөндеу жұмыстарын уәкілетті
қызмет көрсету орталығы немесе тиісті
біліктілігі бар маман атқаруға тиіс.
•
Қосалқы бөлшектер қажет болған жағдайда,
оларды уәкілетті сатушыдан алыңыз.
Өндіруші тарапынан ұсынылмаған қосалқы
бөлшектерді пайдалануға болмайды!
сүрініп кетпеуін қамтамасыз
етіңіз.
4. Құрылғының қандай да бір
саңылауына саусағыңызды
немесе бөгде заттарды
салмаңыз және ауа өтетін
тесіктерді бітеп тастамаңыз.
5. Құрылғыны қызудан
қорғаңыз. Пеш немесе
қыздырғыш аспаптар сияқты
қызу көздеріне жақын
қоймаңыз.
3. Пайдаланғаннан кейін
Тазалау
•
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету
алдында құрылғыны өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз.
•
Құрылғыны болат ысқышпен, ауыр химиялық
заттармен, сілтілі, қажағыш немесе улағыш
заттармен тазаламаңыз, себебі олар
құрылғының бетін зақымдап,
денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
•
Тазалау кезінде өткір элементтерге (мысалы,
буландырғыш, конденсатор, т.б.) тимеңіз,
себебі олар жалаңаш қолды кесіп кетуі
мүмкін. Міндетті түрде қорғайтын қолғап
киіңіз.
•
Тазалағанда суды аз мөлшерде қолданыңыз
немесе мүлде қолданбаңыз. Құрылғыны
тазалаған кезде, ішіне су кіріп кетпесін.
•
Құрылғының іші-сыртын құрғақ әрі жұмсақ
шүберекпен күнделікті сүртіп жүріңіз.
Құрылғы қатты ластанған болса, жеңіл
жуғыш заттың аз ғана мөлшерін тамызып,
жұмсақ дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Содан кейін жұмсақ құрғақ шүберекпен
құрғатыңыз.
•
Сөрелерін кемінде айына бір рет жеңіл
жуғыш заттың аз ғана мөлшерін тамызып,
жұмсақ дымқыл шүберекпен әбден
тазалаңыз. Содан кейін жұмсақ құрғақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Summary of Contents for HSC2350
Page 70: ... 70 BG ...
Page 71: ... 71 BG ...
Page 151: ...13 16 OFF 19 1 2 2 20 21 14 17 15 MAX 40 kg MAX 40 kg MAX 40 kg MAX 40 kg 18 ...
Page 153: ...a b c c d e f g ...
Page 154: ......
Page 155: ......