17
ҚазаҚша
–
Саптаманы ауыстырмас бұрын құрылғыны
ажыратып қойыңыз, электр желісінен
жұмыс істегенде де желілік адаптерді (10)
электр розеткасынан суырыңыз.
шаш қырқу
•
Қырқымай тұрып шаштың таза әрі құрғақ
екеніне көз жеткізіп алыңыз. Қырқудың ең
жақсы нәтижесіне су емес, құрғақ шаштармен
жұмыс істеген кезде қол жеткізуге болады.
•
Адамды оның басы шамамен сіздің
көзіңіздің деңгейіне келетіндей етіп
отырғызыңыз, иықтарын сүлгімен бүркеңіз,
шашты тарақтың (9) көмегімен тараңыз.
•
Қырқуды әрқашан бастың желке тұсынан
бастаңыз.
•
Шашты өсуіне қарсы бағытта және өсу
бағыты бойынша қырқуға болады, бірақ
өсуіне қарсы бағытта қырқылған шаштар
өсу бағыты бойынша қырқылған шашқа
қарағанда қысқарақ болатынын ескеріңіз.
•
Аса ұзынырақ шаш қалдыру үшін шаш
бұрымдарын саусақ арасында қысып ұстап,
оларды машинамен қырқыңыз.
•
Бір рет жүріп өткенде біраз шашты қырқып
өтіңіз, одан кейін,\ қосымша қырқу керек
болса, оған қайта оралуға болады.
•
Шашты тегіс емес бұрымдарды анықтау
үшін тарақпен (9) тараңыз.
•
Шаш бұрымдарын тарақпен (9) көтеріп, оны
тарақ үстінен қырқи аласыз.
•
Шашты тегістеу үшін қайшыны (13)
пайдаланыңыз.
•
Уақыт өте келе қажетті қырқуларды өзіңіз
сәндей аласыз.
шаш ҚЫРҚУ ҮЛГІСІ
Ескертпе:
Саптамаларды (7, 8) орнатқан
кезде саптамаларда (7 немесе 8) көрсетілген
шаш ұзындығына қарай қолданыңыз.
1-қадам
Саптаманы (7) «3-6 mm» орнатыңыз. Құрылғыны
қуат ажыратқышынан (3) қосыңыз. Құрылғыны
жүздерін жоғары қаратып ұстаңыз. Қырқуды
шаштың өскен ұшынан бастаңыз. Құрылғыны
ақырындап жоғары қарай жылжытыңыз. Бастың
артқы жағының төменгі бөлігіндегі және құлақ
маңайындағы барлық шашты қырқыңыз.
2-қадам
Құрылғыны ажыратыңыз. Саптаманы (8)
«9-12 mm» орнатыңыз. Құрылғыны қуат
ажыратқыштан (3) қосыңыз да шашты орай
тұсқа қарай қырқуды жалғастырыңыз.
3-қадам. Самай тұсын қырқу
Құрылғыны ажыратып, саптаманы (7) «3-6 mm»
орнатыңыз. Самай шашты қырқыңыз. Оданк
кейін саптаманы (8) «9-12 mm» орнатып, орай
тұсқа қарай қырқуды жалғастырңыз.
4-қадам. Енбек тұсын қырқу
Саптамамен (8) «9-12 mm» шашты орайдан
енбекке қарай, шаш өсу бағытына қарсы
қырқыңыз.
5-қадам. Қорытынды бөлім
Саптаманы (7 немесе 8) шешіңіз, құрылғыны
жүздерін шашқа қаратып бұрыңыз да самай
және желке шашты ұқыптап түзетіңіз. Құрылғыға
қатты күш түсірмеңіз, ашық жүздердің теріге
тиюінен кесіп кету немесе жарақаттану орын
алуы мүмкін.
Конус тәрізді қырқу
Қажетті саптаманы (7 немесе 8) орнатыңыз
және қырқуды бастың желке тұсынан төбеге
қарай бағытта бастаңыз. Бастың алдыңғы
бөлігіндегі шашты төбеге қарай бағытта
және самай шаштарды олардың өсуіне
қарсы бағытта қырқыңыз. Төбені жайпақ етіп
қырқу үшін тарақты (9) пайдаланыңыз: шаш
бұрымдарын көтеріңкіреп, тарақтың бойымен
қырқыңыз. Шашты тегіс емес бұрымдарды
анықтау үшін тарақпен тараңыз.
ТазаРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
•
Пайдаланып болған соң бірден құрылғыны
өшіріңіз, қуат ажыратқышты (3) «0/I» «0»
күйіне қойыңыз, желілік адаптерді (10)
пайдаланған кезде оны желі розетка-
сынан суырыңыз және желілік адаптер
шнурының штекерін (10) ұядан (1) суы-
рып алыңыз.
•
Корпустан орнатулы саптаманы (7 неме-
се 8) алып тастаңыз, саптамалардың
(7, 8) сыртқы және ішкі беттерінен шаш
қалдықтарын қылшақпен (12) тазалап
тастаңыз.
•
Саптамаларды (7, 8) жылы ағын су астында
жууға болады, одан кейін оларды құрғатып
сүртіңіз.
•
Құрылғы корпусын (4) жұмсақ, сәл ылғал
матамен сүртіңіз, одан кейін оны құрғатып
сүртіңіз.
MW_2110.indd 17
25.04.2014 17:27:29