
12
ҚазаҚша
МИНИ-ПЕш MW-1854
Мини пеш тағамдарды әзірлеуге және ысытуға
арналған.
СИПаТТаМаСЫ
1.
Тірейтін аяқшалар
2.
Есікшесі
3.
Төменгі қыздыратын элемент
4.
Қаңылтыр таба
5.
Қаңылтыр табаны/торды шешуге арналған
қолсап
6.
Тор
7.
Есіктің тұтқасы
8.
Корпусы
9.
«ТЕМПЕРАТУРА» температура реттегіші
10.
«ФУНКЦИЯЛАР» жұмыс тәртіптерінінің
ауыстырғышы
11.
«ТАЙМЕР» жұмыс уақытының таймері
12.
Жұмыс істеудің жарықтық индикаторы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қуат тізбегіне 30 мА
аспайтын номиналды іске қосылу тоғы бар
қорғаныстық ажырату құрылғысын (ҚАҚ)
орнатқан дұрыс болады, ҚАҚ-ты орнату үшін
маманға жүгіну керек.
МаҢЫзДЫ ҚаУІПСІзДІК шаРаЛаРЫ
Мини пешті пайдалану алдында, осы пайдалану
бойынша басшылықты мұқият оқып шығыңыз
және оны анықтамалық материал ретінде пайда-
лану үшін сақтап қойыңыз.
Мини пешті берілген басшылықта көрсетілгендей
тек оның тікелей міндеті бойынша ғана
пайдаланыңыз. Мини пешті дұрыс пайдаланбау
оның сынуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
Күйіктерге, электр тогы соққысына, өртенуге
және денсаулыққа зиян келтіруге жол бермеу
үшін:
•
Мини пешті алғашқы іске қосқан алдында,
электр желісінің кернеуі құрылғының жұмыс
істеу кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
•
Желілік баусым «еуроашамен» жабдықталған;
оны сенімді жерлендіру түйіспесі бар
ашалыққа қосыңыз.
•
Өрттің пайда болу тәуекеліне жол бермеу үшін
құрылғыны электрлік ашалыққа қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•
Құрылғы тағамдарды әзірлеуге немесе
ысытуға арналған, және зертханалық неме-
се коммерциялық мақсатта пайдалануға
арналмаған.
•
Құрылғыны панажайлардан тыс жерде
сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны су құйылған ыдыстардың қасында,
асүйлік қолжуғыштың тікелей қасында және
сыз жертөле панажайларында немесе
хауыздың қасында пайдаланбаңыз.
•
Өте аз мөлшерде сұйықтығы бар тағамдарды
әзірлеу олардың күйіп кетуіне немесе жанып
кетуіне әкелуі мүмкін.
•
Егер өртену пайда болса:
–
Мини пештің есігін ашпаңыз.
–
Құрылғыны сөндіріңіз және желілік
баусымның ашасын ашалықтан суырыңыз.
–
Оттың таралуына жол бермеу үшін есікті
жабық қалдырыңыз.
•
Жұмыс камерасын қандай да бір заттарды
сақтау үшін пайдаланбаңыз, оның ішінде
қағазды немесе тағамдарды қалдырмаңыз.
•
Тұрақты түрде құрылғыны тазалауды
жүргізіңіз. Пешті мезгілімен тазаламау оның
сыртқы келбетінің нашарлауына, оның жұмыс
істеу қабілетіне кері әсерін тигізуіне әкелуі,
сонымен қатар келешек пайдалану кезінде
қауіпке әкелуі мүмкін.
Назар аударыңыз! Құрылғының сыртқы
және ішкі беттері пайдалану кезінде
қатты қызады.
Аспаптың ыстық беттеріне
қол тигізбеңіз, асүйлік қолғаптарды немесе
ұстауыштарды қолданыңыз.
•
Тандыр шкафтардың ішінде пайдаланылуға
арналған
термотөзімді
ыдыстарды
пайдаланыңыз. Мини пештің ішіне пластик
және қағаз дестелерді және сол сияқты басқа
да қаптамаларды салуға тыйым салынған.
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде
пайдаланылатын
полиэтилен
қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе үлдірмен ойнауға рұқсат
етпеңіз.
Баланың тұншығу қаупі бар!
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғы жанында бала-
лар және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар болған
жағдайда ерекше назар болыңыз.
•
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса)
немесе оларда тәжірибесі немесе білімі бол-
маса, егер олар бақыланбаса немесе олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен
аспапты пайдалану туралы нұсқаулықтар
берілмеген болса, аспап олардың пайдалану-
ына арналмаған.
IM MW-1854.indd 12
21.03.2018 14:16:32