![Maxwell MW-1072 B Manual Instruction Download Page 12](http://html1.mh-extra.com/html/maxwell/mw-1072-b/mw-1072-b_manual-instruction_1746433012.webp)
12
ҚАЗАҚ
–
Қақпақты (3) жабыңыз және толтырылған
шайнекті
түзу,
тұрақты
бетке
орналастырыңыз.
–
Желілік баудың айыретігін электрлік
ашалыққа салыңыз.
–
Шайнекті іске қосу үшін
«I»
іске қосу
пернесін (5) басыңыз, осы кезде жарық
көрсеткіші (1) жанады.
–
Су қайнаған кезде, шайнек өздігінен сөніп
қалады, ал жарық көрсеткіш (1) сөнеді.
–
Шәйнек сөнгеннен кейін 10-20 секунд
күтіңіз, осыдан кейін шәйнекті суды қайта
қайнату үшін қайтадан қоса аласыз.
–
Шайнекті сөндіру қажет болғанда, «
0
»
сөндіру пернесін (4) басыңыз.
–
Егер сіз шайнекті абайсызда қосып
қалсаңыз, ал су деңгейі
«MIN»
минималды
белгіден төмен болса, онда автоматты
термосақтандырғыш іске қосылады да,
шайнек ажыратылады. Бұл жағдайда
желілік баудың айыртетігін ашалықтан
суырыңыз, шайнекке 10-15 минут бойы
салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін
шайнекті сумен толтырыңыз және іске
қосыңыз, аспап қалыпты режимде жұмыс
істейді.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
–
Тазарту алдында құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз, суды құйып алыңыз
да, шайнекті суытып қойыңыз.
–
Шәйнектің сыртқы бетін ылғалды
матамен немесе губкамен сүртіңіз. Кірді
кетіру үшін жұмсақ тазартқыш заттарды
пайдаланыңыз, металдан жасалған
қылшақтарды және қажайтын жуғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
–
Шәйнек суға және басқа сұйықтықтарға
салмаңыз.
–
Шайнек ыдыс жуғыш машинаға салмаңыз.
Қақты кетіру
–
Шайнектің ішінде түзілетін қақ, судың
дәмдік сапасына әсер етеді, сондай-ақ су
мен қыздырғыш элементтің арасындағы
жылу алмасуды бұзады.
–
Қақты тазалау үшін шәйнекке суды
шамамен 75% толтырып, суды қайнатыңыз.
Колбаның қалған төрттен бір бөлігін
сірке суы ерітіндісімен (6-9%) толтырып,
сұйықтықты түні бойы (шамамен 8 сағатқа)
қалдырыңыз. Таңертең шәйнектегі сірке
суы ерітіндісін төгіп тастап, колбаны
бірнеше рет шайыңыз. Шайнекті бір
немесе екі рет кәдімгі сумен толтырып
қайнатыңыз, осылай сірке суының және
оның исінің қалдықтарын шайнегіңізден
кетіресіз.
–
Қажет
болғанда
тазарту
рәсімін
қайталаңыз.
–
Қақты жою үшін электр шәйнектерге
арналған арнайы құралдарды пайдалануға
болады.
–
Шәйнекті үнемі қақтан тазалап отырыңыз.
САҚТАЛУЫ
–
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы сақтауға
алып қоймас бұрын, оны электр желіден
ажыратыңыз, суын төгіңіз және құрылғыны
суытып қойыңыз.
–
Шайнекті тазалауды жүргізіңіз.
–
Шайнекті құрғақ, салқын, балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
Электр шайнегі – 1 дн.
Қасық – 2 дн.
Шыныаяқ – 2 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Қуаты: 600 Вт
Судың максималды көлемі: 0.6 л
Өндіруші алдын ала ескертусіз құрылғы
сипаттамаларын өзгертуге құқылы болады
Құралдың қызмет мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған
адамға ғана берiледi. Осы гарантиялық
мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi
қажет.
IM MW-1072.indd 12
25.10.2016 16:16:54
Summary of Contents for MW-1072 B
Page 1: ...MW 1072 B 3 7 13 16 10 M MW 1072 indd 1 25 10 2016 16 16 53...
Page 2: ...M MW 1072 indd 2 25 10 2016 16 16 54...
Page 3: ...3 MW 1072 B 1 2 3 4 0 5 I 6 7 30 MIN MAX M MW 1072 indd 3 25 10 2016 16 16 54...
Page 4: ...4 www maxwell products ru 4 0 M MW 1072 indd 4 25 10 2016 16 16 54...
Page 10: ...10 MW 1072 B 1 2 3 4 0 5 6 7 30 MIN MAX M MW 1072 indd 10 25 10 2016 16 16 54...
Page 13: ...13 MW 1072 B 1 2 3 4 0 5 I 6 7 30 MIN MAX 13 M MW 1072 indd 13 25 10 2016 16 16 55...
Page 16: ...16 MW 1072 B 1 2 3 4 0 5 I 6 7 30 MIN MAX M MW 1072 indd 16 25 10 2016 16 16 55...
Page 17: ...17 www maxwell products ru 4 0 3 MAX 2 3 3 M MW 1072 indd 17 25 10 2016 16 16 55...
Page 19: ...19 1 2 2 1 220 240 50 60 600 0 6 3 M MW 1072 indd 19 25 10 2016 16 16 55...