en
it
de
es
fr
nl
pt
da
fi
no
sv
pl
ru
cs
hu
sl
tr
hr
lt
lv
et
ro
sk
bg
uk
bs
el
zh
kz
►►1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
(1-сурет)
Асы ауа жылытқыштар сериясы тиісті өлшемге ие және
тиісінше оқшауланған жабық үй-жайларда жоғары
температураларды (~ 60°C / 140°F) алуға және қолдауға
арналған. Бұл жылытқыштар қолданыстағы еуропалық
директиваға сай келеді.
МАҢЫЗДЫ: Жабдықпен кез келген жұмысты
бастамас бұрын (жылытқышты құрастыру, іске қосу
және техникалық қызмет көрсету) осы пайдалану
бойынша нұсқаулықпен мұқият танысыңыз.
Жылытқышты дұрыс қолданбаған жағдайда,
күрделі жарақат алуыңыз мүмкін. Қажет болғанда
танысу үшін, осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз.
МАҢЫЗДЫ: Физикалық, сенсорлық және ақыл-
ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар (сонымен қатар,
балалар)
өздерінің
қауіпсіздігіне
жауапты
тұлғаның қарауында болған жағдайларды
қоспағанда, осы жылытқышты қолдана алмайды.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларға
жылытқышпен ойнауға рұқсат бермеңіз.
МАҢЫЗДЫ: Қауіпті бөлшектер қолжетімді болатын
кез келген тазалау, техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстары (мысалы, зақымдалған
қуат кабелін ауыстыру), тіпті электр желісінен
ажыратылғанымен, өндірушімен, техникалық
қызметімен, тиісті біліктілігі бар тұлғамен, қауіпті
болдырмау шараларын қабылдаумен орындалуы
керек.
МАҢЫЗДЫ: Жылытқышты пайдалану кезінде
барлық жергілікті жағдайларды және қолданбалы
заңнаманы сақтау керек.
МАҢЫЗДЫ:
Бұл
жылытқыш
жоғарытемператураларға дейін қызып кетуі
мүмкін. Күрделі бұзылудың алдын алу үшін,
қызып тұрған жылытқыш жанғыш немесе оңай
тұтанатын материалдардан (~ 60°C / 140°F) қауіпсіз
қашықтықта болуы тиіс
.
►1.1. Брезент, сүлгі немесе осылар сияқты жабын
материалдарының дәл жанында қолданылып жатқан
аспаптар олардан қауіпсіз қашықтықта болуы тиіс.
►1.2. Жылытқышты ылғал немесе су көздерінен, сондай-
ақ атмосфералық агенттерден қауіпсіз қашықтықта
ұстаңыз, осылайша жылытқыштың күрделі бұзылуының
алдын алуға болады.
►1.3. Жанғыш немесе термолабильді материалдардың
(қуат
кабелімен
қоса)
жылытқыштың
жанғыш
бөлшектерінен дұрыс қашықтығын сақтаңыз.
►1.4. Жылытқыш қызып тұрған, электр желісіне қосылып
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған кезде, оны басқа жерге
қоюға немесе оған кез келген тәсілмен техникалық қызмет
көрсетуге тыйым салынады.
►1.5. Өрт шықпауы үшін, қызып тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған жылытқыш тұрақты және тегіс жерге қойылуы тиіс.
►1.6. Жануарларды жылытқыштан қауіпсіз қашықтықта
ұстаңыз.
►1.7. Жылытқышты төлқұжатында көрсетілген кернеу мен
жиілігі бар ток көзіне қосыңыз.
►1.8. Жылытқыш сай келетін жерге тұйықтау жүйесі бар
дифференциалды ажыратқышмен қамтылған электр
қуаты желісіне қосылатынына көз жеткізіңіз.
►1.9. Қуат кабелін жүргізген кезде, қауіпті болдырмау үшін,
оны техникалық қызмет көрсету орталығында ауыстыру
керек.
►1.10. Пайдаланылмай тұрған кезде, жылытқышты электр
қуаты желісінен ажыратыңыз.
►1.11. Егер жылытқыш қауіпсіз емес шарттарда уақытша
болуы тиіс болса, оны қолдануға мүмкіндік бермеу немесе
желілік розеткадан ажырату керек.
►1.12. Ауа тартқышты және жылытқыш ауасының
шығысын жартылай болса да бітемеңіз. Жылытқыш өте
қуатты желдеткішпен қамтылған соң, ол жұмыс істеп
тұрған кезде қоршаған орта таза болып, сіңірілуі мүмкін
заттардан босатылуы тиіс.
►1.13. Ауа өткізгіштерді жасамаңыз немесе оларды
түпнұсқалы жиынтықтардан ғана жасаңыз (көзделген
болса)
.
►1.14. Жылытқышты жұмыс барысында бүркеуге
болмайды, себебі ол қызып кетуі мүмкін.
►1.15. Жылытқыштың дұрыс жұмыс істейтіні кемінде
жылына бір рет және/немесе қажет болған кезде сервис
орталығында тексерілуі керек.
ДАЙЫНДАУШЫ ЖЫЛЫТҚЫШТЫ МАҚСАТЫНА
САЙ
ҚОЛДАНБАУ
НӘТИЖЕСІНДЕ
МҮЛІККЕ
НЕМЕСЕ АДАМДАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН НҰҚСАН ҮШІН
ЖАУАПТЫ ЕМЕС.
ЖЫЛЫТҚЫШПЕН
БАЙЛАНЫСТЫ
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ
УӘКІЛЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҒАНА ОРЫНДАЙ
АЛАДЫ.
►►2. БУМАСЫНАН ШЫҒАРУ
ЕСКЕРТПЕ: Бума материалы – балалар ойыншығы
емес. Полиэтиленді пакетті балалар қолы
жетпейтін орында сақтаңыз; тұншығу қаупі бар!
►2.1. Жылытқышты орауға және жеткізуге пайдаланылатын
барлық бума материалдарын жойыңыз және қолданбалы
нормаларға сәйкес қоқысқа тастаңыз.
►2.2. Барлық бөлшектерінен қораптан шығарыңыз.
►2.3. Тасымал кезінде алынған зақымдарды тексеріңіз.
Егер жылытқыш зақымдалса, бұл жағдайды алынған
дилерге бірден хабарлаңыз.
►►3. ҚҰРАСТЫРУ
Кейбір үлгілердің жиынтығында доңғалақтар, иінтіректер,
суппорттар және қуат кабельдер болуы мүмкін.
Механикалық құрауыштар, монтаждауға арналған тиісті
бекіткіш бөлшектермен бірге жылытқыштың қаптамасында
орналасқан, олар жылытқышты қосудың алдында
құрастырылуы тиіс.
►►4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
(2-сурет)
A. Қуат селекторы;
B. Кернеудің бар болуы шамы;
C. Жылытқыш шамасы бұғатталған;
D. Үй-жай термостаты розеткасы;
E. «
ЫСЫРУ» түймесі.
►►5. ҚЫЗМЕТІ
ЕСКЕРТПЕ: Дұрыс пайдалану және қауіп-қатердің
алдын алу үшін, жылытқышты қосудың алдында
«
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ» бөліміндегі
нұсқауларды оқып шығыңыз, ұғып алыңыз және
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат кабелінің бүтіндігіне және
электр тізбегінің сипаттамалары жылытқыштың
техникалық
деректерінің
тақтайшасындағы
деректерге сай келетіндігіне көз жеткізіңіз.