
220
ҚАЗАҚША
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
►
Сурет3:
1.
Индикатор шамдары
2.
Тексеру
түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Индикатор шамдары
Қалған қуат
Жанып тұру
Өшірулі
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы
болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятордың қорғаныс жүйесі
жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор
шамы жыпылықтайды.
Құрылғының/аккумулятордың
қорғаныс жүйесі
Құрылғы қорғаныс жүйесімен жабдықталған. Бұл
жүйе құрылғы мен аккумулятордың қызмет ету
мерзімін ұзарту үшін мотордың қуат көзін автоматты
түрде өшіреді. Егер құрылғы немесе аккумулятор
төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса,
құрылғы жұмыс барысында автоматты түрде
тоқтайды.
•
Шамадан тыс жүктемеден қорғаныс: құрылғы
немесе аккумулятор токты тым көп тұтынатын
күйінде жұмыс істеген кезде, ол ешбір
көрсеткішсіз автоматты түрде тоқтайды. Бұл
жағдайда құрылғыны өшіріңіз және құрылғының
шамадан тыс жүктелуіне себеп болған
жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін қайта іске
қосу үшін құрылғыны қосыңыз.
•
Қызып кетуден қорғаныс: құрылғы немесе
аккумулятор қызып кетсе, ол автоматты түрде
тоқтайды. Оны қайта іске қосу алдында суытып
алыңыз.
•
Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс:
Аккумулятордың қалған қуаты төмен болған
кезде, құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Ауыстырып-қосқыштары істеп тұрса да,
құрылғы жұмыс істемесе, аккумулятор
картриджін құрылғыдан шығарып алып, оны
зарядтаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Желдеткіш полипропилен
шайырынан жасалған. Шайырды бүлдіретін
майлағыш немесе химиялық заттар
желдеткішті бұзуы және жарақаттауы мүмкін.
Желдеткішті қосу/тоқтату
Желдеткішті іске қосу үшін қуат ауыстырып-
қосқышының түймесін басыңыз. Желдеткішті
өшіру үшін қуат ауыстырып-қосқышының түймесін
қайтадан басыңыз.
Ауа ағынының жылдамдығын
өзгерту
Желдеткіш жұмыс істеп жатқанда, ауа ағынының
жылдамдығын өзгерту түймесін басыңыз. Түймені
басқан сайын, ауа ағынының жылдамдығы артады.
Жоғары жылдамдықта пайдалану кезінде ауа
ағынының жылдамдығы ең төменгі жылдамдығына
қайтып оралады. Аккумуляторлы желдеткіш
алдыңғы параметрдегідей жылдамдықпен іске
қосылады.
►
Сурет4:
1.
Ауа ағынының жылдамдығын өзгерту
түймесі
Желдеткіш бастиегінің бұрышын реттеу
Желдеткіш бастиегінің бұрышын қолмен реттеуге болады. Желдеткіш бастиегінің реттелетін ауқымы төмендегі
суретте көрсетілген.
►
Сурет5
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Желдеткіш бастиегін реттелетін ауқымнан тыс бұрамаңыз.
Summary of Contents for DCF301
Page 2: ...1 3 2 4 6 5 7 8 9 Fig 1 2 1 Fig 2 1 2 Fig 3 1 Fig 4 2 ...
Page 3: ...90 90 90 45 Fig 5 1 Fig 6 1 Fig 7 Fig 8 1 Fig 9 3 ...
Page 4: ...4 1 Fig 10 Fig 11 ...
Page 230: ...230 ...
Page 231: ...231 ...