![Makita 0088381888196 Instruction Manual Download Page 258](http://html.mh-extra.com/html/makita/0088381888196/0088381888196_instruction-manual_222452258.webp)
258
ҚАЗАҚША
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Қуат түймесі
Жамылғыны қосу үшін, қуат түймесін бірнеше секунд
бойы басып тұрыңыз. Өшіру үшін қуат түймесін
қайта басып тұрыңыз.
Температураны реттеу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Үздіксіз жұмыс істеу үшін
температура параметрін "төмен" (көк) күйіне
орнатыңыз.
Терінің белгілі бір бөлігі құрылғының
қыздырғыш бөлімімен ұзақ уақыт жанасса, төмен
температуралы күйікке ұшырау қаупі бар.
Температура параметрлері үш күйден тұрады
(жоғары, орташа, төмен). Жамылғыны қосқан кезде
температура "жоғары" күйіне орнатылады. Қуат
түймесін басқан сайын температура параметрі
суретте көрсетілгендей өзгереді. Қуат түймесінің түсі
ағымдағы параметрді көрсетеді.
►
Сурет10:
1.
Қызыл: "жоғары"
2.
Ақ: "орташа"
3.
Көк: "төмен"
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
►
Сурет11:
1.
Индикатор шамдары
2.
Тексеру түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Индикатор шамдары
Қалған қуат
Жанып тұру
Өшірулі
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
(Тек 14,4 В және 18 В аккумуляторлар үшін)
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
(Тек 14,4 В және 18 В аккумуляторлар үшін)
Аккумулятор
ақаулы
болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
Аккумулятордың қорғау жүйесі
Құрылғы аккумуляторды қорғау жүйесімен
жабдықталған. Бұл жүйе аккумулятордың қызмет
ету мерзімін ұзарту үшін жылыту бөліктерінің қуат
көзін автоматты түрде өшіреді. Егер аккумулятордың
қалған қуаты тым төмен болса, онда құрылғы
жұмыс істемейді. Құрылғыны іске қосқанда қуат
жылыту бөліктеріне қайта беріледі, бірақ көп ұзамай
тоқтайды. Бұл жағдайда аккумулятор картриджін
шығарып алып, қайта зарядтаңыз.
USB құрылғыларын қосу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
USB құрылғысын
енгізетін портпен үйлесімді құрылғыларды
ғана қосыңыз.
Әйтпесе бұл аккумулятор
ұстағышының ақаулығына себеп болуы мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
USB құрылғысын
аккумулятор ұстағышына (аккумулятормен)
қосудан бұрын, әрдайым USB құрылғысында
деректердің резервтік көшірмесін жасаңыз.
Әйтпесе бұл деректеріңіздің жоғалуына себеп
болуы мүмкін.
Аккумулятор ұстағышы (аккумулятор картриджімен)
USB құрылғылары үшін сыртқы қуат көзі ретінде
жұмыс істеуі мүмкін.
Қақпақты ашып, USB кабелін (бірге берілмеген)
аккумулятор ұстағышындағы қуат көзінің портына
қосыңыз. Содан кейін кабельдің екінші ұшын
құрылғыға қосып, USB портының жанындағы
ауыстырып-қосқышты қосыңыз.
Аккумулятор ұстағышы (аккумулятор картриджімен)
5 В ТТ, 2,4 А (максимум) қамтамасыз етеді.
►
Сурет12:
1.
Қақпақ
2.
Ауыстырып-қосқыш
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятор ұстағышы кейбір USB
құрылғыларын зарядтамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Пайдаланбайтын кезде немесе
зарядтаудан кейін, USB кабелін алып тастаңыз
және қақпақты жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятор қуаты ауыстырып-
қосқыш қосулы кезде тұтынылады. Құрылғыны
пайдаланбаған кезде ауыстырып-қосқышты
әрдайым өшіріп жүріңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Бірнеше USB құрылғысын зарядтау
кезінде келесі құрылғыны зарядтауды бастаудан
бұрын, алдыңғы құрылғының зарядталуы
аяқталғаннан кейін шамамен 10 секунд күтіңіз.
Пайдалану үлгілері
Жамылғыдағы тойтарма түймелер мен бауларды
бекіткеннен кейін, жамылғыны иығыңызды және
беліңізді жылыту үшін пайдалануға болады.
►
Сурет13
►
Сурет14:
1.
Тойтарма түйме
2.
Бау
►
Сурет15:
1.
Тойтарма түйме
2.
Бау