![Makita 0088381888196 Instruction Manual Download Page 252](http://html.mh-extra.com/html/makita/0088381888196/0088381888196_instruction-manual_222452252.webp)
252
ҚАЗАҚША
•
Еуропадан басқа аймақтардағы пайдаланушылар үшін: Бұл
құрылғы олардың қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны
пайдалану бойынша қадағалау жүргізіп, нұсқаулар
бермейінше дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі,
сондай-ақ тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғаларға (соның
ішінде балаларға) пайдалануға арналмаған. Балалардың
құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
•
Егер осы құрылғыны пайдалану кезінде төменде көрсетілген
белгілер байқалса, оны дереу шешіп, дәрігерге қаралыңыз. Әйтпесе
қызу әсерінен қалжырау немесе ыстық өту қаупі туындайды.
—
Алғашқы белгілері:
Жайсыздық, шамадан тыс тершеңдік; мойынның ауыруы;
жүрек айнуы; бас айналу немесе ұйқышылдық.
—
Қызу әсерінен қалжырау/ыстық өту симптомдары:
Жүрек айнуы және лоқсу; бастың солқылдап ауыруы; бас айналу
және ұйқышылдық; тердің болмауы; қызыл, ыстық және құрғақ
тері; бұлшық еттің әлсіреуі мен тырысуы; жүрек соғысының
жиілеуі; жылдам әрі жиі тыныс алу; абыржу, бағыттың бұзылуы
немесе теңселу сияқты жүріс-тұрыстың өзгеруі; естен тану.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Үлгі:
CB100D
DCB200
Материал
Сырты: 100% полиэстер
Мақта: 100% полиэстер
Қаптама: 100% полиэстер
Температураны реттеу қадамдары
3
Өлшемі (Ұ x Е)
700 мм x 1 400 мм
Таза салмағы *
0,58 кг
* Аккумулятор ұстағышын, аккумулятор картриджін, ұзартқыш сымын және сақтауға арналған қапты
қоспағандағы жуықталған салмағы.
Аккумулятор ұстағышы және аккумулятор картриджі бойынша техникалық сипаттамалар
USB құрылғысын енгізетін порт
5 В ТТ, 2,4 А, А түрі
Номиналды кернеуі
10,8 В ТТ - 12 В ТТ макс.
14,4 В ТТ
18 В ТТ
Аккумулятор картриджі
10,8 В - 12 В макс.
BL1015 / BL1016 / BL1020B / BL1021B / BL1040B / BL1041B
14,4 В
BL1415 / BL1415N / BL1430 / BL1430B / BL1440 / BL1450 / BL1460B
18 В
BL1815 / BL1815N / BL1820 / BL1820B / BL1830 / BL1830B /
BL1840 / BL1840B / BL1850 / BL1850B / BL1860B
•
Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Техникалық сипаттамалары және аккумулятор картриджі әр елде әртүрлі болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Тек жоғарыда аталған аккумулятор картридждерін ғана пайдаланыңыз.
Аккумулятор
картридждерінің басқа түрлерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.