RUS
Данный паспорт доступен для скачивания на сайте www.ltcompany.com в разделе «ПРОДУКЦИЯ»
ENG
You are welcome to download the passport in the PRODUCT section on our web-site www.ltcompany.com
KAZ
Бұл төлқұжаты сiз www.ltcompany.com сайтынан, «ӨНІМДЕР» бөлімінен жүктеп аласыз
BLR
Дадзены пашпарт даступны для запампоўкі на сайце www.ltcompany.com ў раздзеле «ПРАДУКЦЫЯ»
UKR
Электронна версія паспорту доступна на сайті www.ltcompany.com в розділі «ПРОДУКЦІЯ»
8
6.4. Корпустың тығыздағыш тесігіне қоятын герметикалық изолятор арқылы корпусқа желілік сымдарды енгізіп, оларды панельдегі клеммалық қалыпқа көрсетілген полярлыққа
сәйкес L, N клеммаларына қосыңыз.
6.5 VBR сериясындағы шамдалдарда (дірілді қорғанышы бар) лампа манжетасы бар патронға бекітіледі және екі тірек көмегімен ұстатылады.
6.5 Электрондық іске қосуды реттейтін аппаратты пайдаланғанда, басқарушы сымдары таңбалауда көрсетілген полярлықты қатаң сақтай отырып қосылады.
6.6. Шамдалдарды магистральдік желіге орнатқанда шамдалды қорек көзі желісінің фазалары ретімен қосыңыз L1->L2->L3 (магистральдық сым 5*1,5 мм қатты кабельмен
орындалған). Әрбір топтық желінің басында, орнату кезінде барлық фазалық өткізгіштерде қорғаныс аппараттары орнатылуы тиіс. Шамдалдар қосылмаған күйде жеткізіледі.
Шамдалдарды қосу үшін қызыл сымның бос ұшын керек фазамен маркаланған желілік коннектордың клеммасына қою керек.
6.7. Сақтық қорек беру көзінің блогын пайдаланғанда қосу келесі түрде жүзеге асады (шамдал салмағы 0,7 кг-ға көбейеді):
6.7.1. Қорек көзінің сымдарын клеммалық қалыпқа көрсетілген полярлылыққа сай L1, N1 клеммаларына қосыңыз.
6.7.2. L2, N2 түйіскен қысқыштарына батареяның үздіксіз зарядын қамтамсыз ететін қорек көзі сымдарын қосыңыз.
6.7.3. TELEMANDO құралының көмегімен орындалатын тексеру сынағы.
TELEMANDO (TM) құралын қосу арқылы тексермелі сынақты өткізу мүмкіндігі болады: Қорек көзі бола тұра ON (ҚОСУ) түймешігін басу арқылы (Telemando құрылғысында) шамдал
қосымша режимге ауысады және сол режимде ON (ҚОСУ) түймешігін жібермегенше жұмыс жасайды. Telemando құрылғысы 35 шамдалдарға дейін қызмет көрсетеді (қосу сұлбасын
қараңыз). OFF (ӨШІРУ) түймесі пайдаланылмайды.
6.7.4. Апаттық жарық жүйесін қашықтан сынауға және басқаруға арналған TELEMANDO құрылғысын қосу жуандығы 1-1,5 мм және барлық ұзындығы 250 м дейінгі бір өзекті қатты
сыммен орындалады. Құрылғыны қосу барысында полярлықты міндетті түрде электр сызбасына сай етіп жалғау керек. TELEMANDO құрылғысының «+» түйіспесін апаттық
жағдайда қуат беру блогының «+»ТМ түйіспесіне, ал TELEMANDO құрылғысының «–» түйіспесін апаттық жағдайда қуат беру блогының «-»ТМ түйіспесіне жалғаңыз.
6.8. Орнату панелін корпуста бекітіңіз.
6.9. Нұршамдарды қойыңыз.
6.10. Шашыратқышты ілмекпен бекітіңіз.
6.11. Ластанған шашыратқышты абразивті тазалау құралдарын қолданбай, жұмсақ матамен сүрту ұсынылады.
6.12. Электрлік қосылыстар сұлбасы ІҚРА корпусында көрсетілген.
6.13. Ішкі механикалық факторлардың әсерінен пластмассалы ысырмалардың ашылып кетуін болдырмас үшін ысырмаларды 3,5х9,5 немесе 3х10 өзі бұрап тесетін бұрандалармен
бекіту (алдын ала дайындалған тесіктер арқылы) мүмкіндігі қарастырылған
(жеткізілім жиынтығына кірмейді).
6.14. Стартерлерді ауыстырған кезде үлкен температуралық салмақ үшін оларға Sylvania немесе Philips сияқты фирмалар жасаған поликарбонат немесе алюминий секілді қызуға
төзімді материалдардан жасалған корпусы бар стартерді пайдалану керек екеніне назар аударыңыз.
7. Қабылдау туралы куәлік
Шамдал ТУ 3461-001-44919750-12 талаптарына сәйкес және пайдалануға жарамды деп танылды.
Шығарылған күні. ________________________________________________________________________________________________________________________________________
ТББ Бақылаушысы _______________________________________________________________________________________________________________________________________
Шамдал сертификатталған.
8. Кепілдік міндеттемелер
8.1. Өндіруші зауыт қалыпты пайдалану шартында сатып алушының кінәсінен тыс істен шыққан прожекторды ақысыз жөндеуге немесе алмастыруға міндеттенеді.
кепілдік уақытының ішінде.
8.2. Кепілдік мерзімі – шамдалды дайындаған күннен бастап 36 ай.
8.3. Қалыпты климаттық жағдайда орнату және пайдалануы ережелерін сақтағанда шамдалдардың қызмет ету мерзімі:
корпусы және/немесе оптикалық бөлігі (шашыратқыш) полимерлі материалдардан дайындалған шамдалдар үшін – 8 жыл;
басқа шамдалдар үшін – 10 жыл.
8.4. Нұршамдардың және стартерлердің істен шығуы жарамсыз болып табылмайды.
Өндіруші-зауыттың мекен-жайы: 390010, Рязань қаласы,Магистральная көшесі, 11-а үй.
Сатылу күні _____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дүкеннің мөртаңбасы
Шамдалдың габариттік өлшемдері