7
KK
•
Қуат кабелінің жұмыс барысында ажыратылмайтындығына
немесе зақымдалмайтындығына көз жеткізіңіз.
•
Жабдық жұмыс істеп тұрған кезде немесе жұмысынан кейін
дереу суық агент құбырына, су құбырына немесе басқа да ішкі
бөліктеріне тимеңіз.
Қызмет көрсету
•
Өнімге тікелей су шашып құрылғыны тазаламаңыз.
•
Құрылғыны тазаламас немесе қызмет көрсетпес бұрын қуат
көзін ажыратып, желдеткіш тоқтағанша күтіңіз.
Техникалық қауіпсіздік
•
Рұқсаты жоқ адамдардың орнатуы мен жөндеу жұмыстары
сізге немесе басқаларға зақым келтіруі мүмкін.
•
Хладагент тізбегімен жұмыс істейтін немесе оны ашу
жұмысына қатысатын кез келген адамның өндірістік салада
жұмыс істеуге рұқсаты бар орган тарапынан берілген жарамды
сертификаты болуы керек, ол сертификат адамның өнеркәсіп
сипаттамаларына сәйкес келетін хладагенттермен қауіпсіз
түрде жұмыс істей алатындығын растайды.
•
Қызмет көрсету жұмыстары міндетті түрде жабдықты өндірген
мекеме тарапынан ұсынылған талаптарға сай орындалуы
керек. Басқа тәжірибелі қызметкерлердің көмегін талап ететін
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары тез
тұтанғыш хладагенттерді қолдануға құзыреті бар адамның
бақылауында орындалуы керек.
•
Нұсқаулықтағы ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс
және дұрыс тексеру құралдарымен жабдықталған техникалық
қызмет көрсету маманы пайдалануға арналған.
•
Нұсқаулықтағы барлық нұсқауларды оқымау немесе
орындамау құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне, зақымдауға
және/немесе өлімге әкелуі мүмкін.