10
KK
•
Ауа кондиционерін іске қоспастан бұрын сүзгінің орнатылғанын
тексеріңіз.
•
Ауа кондиционерін орнатқаннан немесе жөндегеннен кейін
мұздатқыш агенттің ақпауын тексеріңіз.
•
Ауа кондиционеріне ешнәрсе қоймаңыз.
•
Қашықтан басқару құралында әр түрлі батареяларды немесе
жаңа не ескі батареяларды араластырмаңыз.
•
Ылғалдық деңгейі жоғары болған кезде, есік немесе терезе
ашық қалған кезде ауа кондиционерін ұзақ уақыт қоспаңыз.
•
Батереядан сұйықтық ақса, қашықтан басқару құралын
пайдалануды тоқтатыңыз. Киіміңізге немесе терісіңізге
батареядан аққан сұйықтық тисе, оларды таза сумен жуыңыз.
•
Адамдарды, жануарларды немесе өсімдіктерді ұзақ уақыт
бойы суық немесе ыстық лепте ұстамаңыз.
•
Егер батареядан аққан сұйықтықты жұтып қойсаңыз,
аузыңызды мұқият шайып дәрігерге қаралыңыз.
•
Ауа кондиционерінен аққан суды ішпеңіз.
•
Өнімді тағам сақтау, өнер туындылары сияқты жеке
мақсаттарға пайдаланбаңыз. Бұл нақты мұздату жүйесі емес
тұтыну мақсаттарына арналған ауа кондиционері. Өнімнің
зақымдалу немесе жойылу қаупі бар.
•
Батареяларды қайта зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз.