![background image](http://html2.mh-extra.com/html/karcher/ps01/ps01_manual_3527713091.webp)
Қазақша
91
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді:
www.kaercher.com/REACH
Тасымалдау
Аккумулятор халықаралық тасымалдау бойынша
тиісті ережелерге сай тексерілген жəне тасымалдау/
поштамен жіберу үшін жарамды.
Кепілдік
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат
www.kaercher.com
веб-сайтында қолжетімді.
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды
пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай
қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы
жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат
етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Тозған сайын аккумулятор батареясының
сыйымдылығы тіпті жақсы күтім көрсетілсе де
азаяды, сондықтан толық зарядталған күйде де,
толық пайдалану ұзақтығына бұдан былай жету
мүмкін емес. Бұл ақау емес.
Қате кодтары жəне қате сипаттамалары
Дисплей
Қате сипаттамасы
Ақауларды жою
E1
Аккумулятор батареясының
температурасы тым жоғары
немесе тым төмен.
Құрылғының салқындауына немесе жылуына
мүмкіндік беріңіз.
Тұрғын жайлар үшін қалыпты температураларда
пайдаланыңыз жəне сақтаңыз.
E2
Сорғыш турбина тым көп
сорылған сұйықтықпен немесе
сорылған заттармен бітелген.
Көлденең беттерден үлкен көлемде сұйықтықты
тазаламаңыз.
Шаңды немесе қатты заттарды тазаламаңыз.
Регенерация ыдысын ең кеш дегенде макс. деңгейіне
жеткенде босату керек.
Тек жарамды тазалағыш құралдарды пайдаланыңыз,
спиртті, көбік тазалағышты пайдаланбаңыз. Ең
дұрысы KÄRCHER терезе тазалағыш
концентраттарын пайдалану.
E3
Зарядтау кернеуі тым жоғары.
Сорғыш турбина тым көп сорылған сұйықтықпен
немесе сорылған заттармен бітелген.
E4
Аккумулятор батареясының
кернеуі < 3 B.
Ішкі құрылғы қатесі, дилерге немесе ресми сервис
орталығына хабарласыңыз.
Төмен
Аккумулятор батареясының
заряды біткен.
Құрылғыны берілген бірегей зарядтау құрылғысымен
немесе KÄRCHER рұқсат еткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз.
Summary of Contents for PS01
Page 37: ...37 8 K RCHER K RCHER...
Page 38: ...38 MAX K RCHER EN 60704 2 1 LED 60 60 min...
Page 43: ...43 K RCHER 8...
Page 44: ...44 K RCHER K RCHER MAX...
Page 45: ...45 REACH www kaercher com REACH www kaercher com K RCHER EN 60704 2 1 60 60 min...
Page 72: ...72 K RCHER 8 K RCHER...
Page 73: ...73 K RCHER MAX K RCHER...
Page 74: ...74 REACH www kaercher com REACH www kaercher com EN 60704 2 1 60 60 min...
Page 85: ...85 8 K RCHER K RCHER...
Page 86: ...86 MAX K RCHER EN 60704 2 1 60 60 min...
Page 87: ...87 REACH www kaercher com REACH www kaercher com E1 E2 K RCHER E3 K RCHER E4 3 Lo K RCHER...
Page 88: ...88 25 K RCHER 8...
Page 89: ...89 K RCHER K RCHER...
Page 90: ...90 K RCHER EN 60704 2 1 60 60 min...
Page 91: ...91 REACH www kaercher com REACH www kaercher com E1 E2 K RCHER E3 E4 3 B K RCHER...
Page 96: ...REACH www kaercher com REACH www kaercher com E1 E2 Max K RCHER E3 K RCHER E4 3 Lo K RCHER...
Page 97: ...K RCHER l K RCHER EN 60704 2 1 LED 60 60 min...
Page 98: ...25 K RCHER 8 K RCHER...
Page 99: ......