29
Нұсқаулық
KZ
ТІЛШІКТІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАПТАУ
Төрт сатылы реттегіші бар аралайтын дисктің тілшікті
қозғалысы арамен кесуде (кесу жылдамдығы)
қозғалысты, кесудің өндіргіштігін және өңделетін
материалдың сыртқы көрінісін жақсы бейімдеуге
мүмкіндік береді.
Әрбір төменге қарай қозғалыста аралайтын лента
материалдан көтеріледі, бұл жоңқаның шығуын
жеңілдетеді, үйкелу кезіндегі қызуды азайтады және
араның қызмет ету мерзімін ұзартады. Сонымен
қатар, алға жылжу үшін қажетті басудың азаюы
жұмыс кезіндегі шаршауды төмендетуді қамтамасыз
етеді. Реттеу тұтқышы (9) төрт қадаммен тілшікті
қозғалыстың реттелу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде де тәртіпті
ауыстыруға болады.
[F7]
0:
Тілшікті қозғалыс жоқ
1:
Шағын амплитудалы тілшікті қозғалыс
2:
Орта амплитудалы тілшікті қозғалыс
3:
Үлкен амплитудалы тілшікті қозғалыс
Келесі негізгі кеңестерді ұстану қажет:
∙
Тілшіктің қадамы неғұрлым аз болса (немесе
сөндірілген тілшікті қозғалыста), соғұрлым кесік жұқа
әрі таза;
∙
Қабатты металл сияқты жұқа материалдармен
жұмыс істеген кезде, тілшікті қозғалысты сөндіру
қажет;
∙
Талшық бағытында араланатын жұмсақ
ағаш сияқты материалдар максималды тілшікті
қозғалыста арамен кесілуі керек.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ!
Құралмен
жұмысты бастау алдында желілік
ашаны алып тасатыңыз.
∙
Құралды және желдеткіш саңылауларын (егер
болса) тазалықта ұстаңыз. Үнемі тазарту және
қызмет көрсету құралдың жоғары тиімділігін және
ұзақ уақыт қолданылуын кепілдейді.
∙
Өндіріс пен сынаудың мінсіз шарттарына
қарамастан, істен шыққан жағдайда, жөндеу
жұмыстары IVT ресми орталықтарында жүргізілуі
керек.
∙
Барлық сақиналар, болттар және бұрамалар
мұқият бұралуы керек.
∙
Ақауланған
немесе
тозған
бөлшектерді
алмастырыңыз.
∙
Тек түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз. Басқа тараптық өндіруші дайындаған
бөлшектер нақты сай болмайды және жарақаттану
қаупін жоғарылатады.
∙
Құралды құрғақ әрі балалардың қолы жетпейтін
жерде, тез тұтанатын материалдардан қауіпсіз
қашықтықта сақтаңыз.
∙
Құралға су тигізбеңіз!
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қалдықты болдырмау мақсатында
шикізатты қайта қолдану!
Құралды, қосымша жабдықтарды және қаптаманы
экологиялық таза жолмен қайта өңдеуге жіберу
керек.
Пластикалық бөлшектер классификациялық қайта
өңдеуге жіберіледі.
Осы нұсқаулықтар хлор пайдаланбай дайындалған
екінші өңделім қағазына басылған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БҰЙЫМҒА ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІП, ОНЫҢ ІЗДЕРІН
ЖАСЫРУҒА ТЫРЫСУҒА МҮЛДЕМ БОЛМАЙДЫ! Тек қана авторлық құқығы бар қызмет көрсету
орталығының жөндеу жүргізуге және қамтылған техникалық қызмет көрсетуге құқығы бар.
Бұйымның ішкі құрылымына өзгерістер енгізуге тыйым салынады! МҰНДАЙ ӘРЕКЕТТЕР
КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН БАС ТАРТУҒА НЕГІЗ БОЛЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, СОНЫМЕН
ҚАТАР ҚАУІПТІ ЖАРАҚАТ АЛУҒА ЖӘНЕ ЗИЯН КЕЛТІРУГЕ СЕБЕПШІ БОЛУЫ МҮМКІН.
ҚР аумағында сапа бойынша наразылықтарды қабылдайтын ұйым:
«Костанай DWT/ДВТ» ЖШС | Қостанай қ. Целинная
көш., 4 - Қазақстан Республикасы | тел (7142) 28 07 00, -01 |
Организация, принимающая претензии на территории РК: ТОО
«Костанай DWT/ДВТ»
|
г. Костанай, ул. Целинная, 4 - Республика Казахстан | тел (7142) 28 07 00, -01