70
KZ
M
A
X
Шаюға көмекші
зат және тазаланған тұз
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
өнімдерді ғана қолданыңыз.
Ас тұзын, өндіріс тұзын немесе қолмен ыдыс жууға
арналған сұйықтықты пайдаланбаңыз.
Орамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
Бірнеше функциясы бар өнімді қолданатын болсаңыз,
ешбір шаюға көмекші затты пайдаланудың қажеті жоқ.
Дегенмен, тұз қосқанды жөн санаймыз, әсіресе суы қатты
немесе өте қатты жерде тұратын болсаңыз.
(Орамада
берілген нұсқауларды орындаңыз).
Тұз немесе шаюға көмекші затты қоспасаңыз, ТҰЗ АЗ*
және ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамдары
жанып тұра береді.
Шаюға көмекші затты өлшеу
Шаюға көмекші зат ыдыс-аяқты кебуін жеңілдетеді, себебі
су беттерінен жылдамырақ ағып кетеді және сондықтан
сызықтар немесе дақтар қалдырмайды. Шаюға көмекші зат
диспенсері мына жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Басқару тақтасындағы ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ
индикатор шамы* жанған кезде 1-2 циклға жететіндей
шаюға көмекші зат қоры әлі де болады;
1. Қақпақтағы тетікті басып, тарту арқылы «D» диспенсерін
ашыңыз;
2. Толтыратын жердің ең жоғарғы белгісіне дейін шаюға
көмекші затпен абайлап толтырыңыз - төгіп алмаңыз. Бұл
орын алса, төгілген сұйықтықты құрғақ шүберекпен дереу
сүртіп алыңыз.
3. Жабу үшін қақпақты «тық» еткенше басыңыз.
Шаюға көмекші затты құрылғының ішіне тікелей
ЕШҚАШАН құюшы болмаңыз.
Шаюға көмекші зат диспенсерінің параметрі
Кептіру нәтижесіне толығымен қанағат болмасаңыз, шаюға
көмекші заттың мөлшерін реттеуіңізге болады. ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесінің көмегімен ыдыс жуу машинасын қосыңыз, одан
кейін бірнеше секунд күтіңіз де, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің
көмегімен оны өшіріңіз.
Бастау/тоқтата тұру түймесін 3 рет басыңыз; құрылғыны
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен қосып, реттеу мәзіріне
кіріңіз – шаюға көмекші заттың индикатор шамы жанады
(зауыттық деңгейге орнатылған).
ЭКО циклы түймесінің көмегімен шаюға көмекші зат деңгейін
таңдаңыз (0–4).
Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Шаюға көмекші зат деңгейі НӨЛ болып орнатылса, шаюға
көмекші зат қосылмайды. Шаюға көмекші зат таусылса,
ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы жанбайды.
• Ыдыс-аяқта сызықтар бар болса, реттеу құралын төменірек
санға орнатыңыз (1-2).
• Ыдыс-аяқта су тамшылары немесе қақ дақтары болса,
реттеу құралын одан жоғары санға орнатыңыз (3-4).
Судың қаттылығын орнату
Әрбір ыдыс жуу машинасы, дәл осы құрылғы түріне арналған
тазаланған тұзды пайдалана отырып ыдыс-аяқты жуу
үшін пайдаланылатын қақсыз суды қамтамасыз ететін су
жұмсартқышымен жабдықталады.
Бұл ыдыс жуу машинасы қоршаған ортаны ластауды азайтуға
көмектесетін параметрді ұсынады және мекеніңіздегі
судың қаттылығының деңгейіне сәйкес жуу өнімділігін
оңтайландырады. Бұл ақпаратты үйіңізге су жеткізетін
мекемеден алуға болады.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен ыдыс жуу машинасын
қосыңыз, одан кейін бірнеше секунд күтіңіз де, ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесінің көмегімен оны өшіріңіз. Бастау/тоқтата тұру
түймесін басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз; құрылғыны ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесінің көмегімен қосып, реттеу мәзіріне кіріңіз –
тұздың индикатор шамы жанады.
- Қажетті деңгейді таңдаңыз (ыдыс жуу машинасының үлгісіне
байланысты, 1–5
*
).
(су жұмсартқышы орташа деңгейге орнатылған).
Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Тіпті бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолдансаңыз
да, тұз диспенсері толтырылуы тиіс.
(°dH = Герман дәрежелерінде өлшенген қаттылық - °f =
Франсуз дәрежелерінде өлшенген қаттылық – ммоль/л = бір
литрдегі миллимоль)
Тазаланған тұзды өлшеу
Жуу циклын қолдануда барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін, тұз диспенсері ешқашан бос болмайтынын қамтамасыз
етіңіз. Тазаланған тұз суды қақтан тазалайды, осылайды
ыдыс-аяқта тұнбалардың пайда болуына жол бермейді.
Тұз диспенсері ыдыс жуу машинасының төменгі бөлігінде
орналасқан
(«Сипаттама» бөлімін қараңыз) және мына
жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Жасыл қалтқы* тұз диспенсерінің үстінен жай ғана
қарағанда көрінбейтін кезде;
• ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы басқару
тақтасында жанған кезде *;
1. Төменгі тартпаны шығарып алып,
қақпақты бұрап шығарып алыңыз (сағат
тіліне қарсы бағытта).
2. Мұны бірінші рет орындаған кезде: су
ыдысын шетіне дейін толтырыңыз.
3. Шұңғыманы қойып*
(суретті қараңыз)
,
тұз диспенсерін шетіне дейін толтырыңыз
(шамамен 1 кг). Аз мөлшерде судың ағуы
қалыпты жағдай.
4. Шұңғыманы алып тастап*, тесіктен тұз қалдықтарын сүртіп
алыңыз; қақпақты су ағыны астында шайыңыз да, қақпақтың
(жасыл қалтқысы бар қақпақ*) төменгі жағындағы (жұлдыз
пішініндегі) төрт кетіктен су ағып кетуі үшін, бетін төмен
қаратып бұраңыз.
Диспенсерге тұз қосқан сайын бұл процедураны
орындаған жөн.
Жуу циклы барысында контейнерге жуғыш зат кіріп
кетпейтіндей қақпақ мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз
(әйтпесе, су жұмсартқышы жөндеуге келмейтіндей бұзылуы
мүмкін).
Қажет кезде, жуу циклынан бұрын тұзды өлшеп алыңыз,
солайша тұз диспенсерінен шыққан кез келген тұз ерітіндісі
жойылады.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Су қаттылығының кестесі
Тұз диспенсерінің
сыйымдылығының
орташа мерзімі**
деңгей
°dH
°fH
ммоль/л
ай
1
0 - 6
0 - 10
0 - 1
7 ай
2
6 - 11 11 - 20
1,1 - 2
5 ай
3
12 - 17 21 - 30
2,1 - 3
3 ай
4
17 - 34 31 - 60
3,1 - 6
2 ай
5
*
34 - 50 61 - 90
6,1 - 9
2/3 апта
0°f мен 10°f аралығындағы мәндер үшін тұзды қолдану
ұсынылмайды.
*
«5» параметрі цикл мерзімін ұзартуы мүмкін.
**
күніне 1 жуу циклы.
Summary of Contents for LFF 8M116
Page 44: ...RU 44 44 RU LFF 8M116 45 46 47 48 49 50 51 52 53 Ecodesign 54 55 56 57 58...
Page 45: ...RU 45 2012 19 EU WEEE 50 C 65 C...
Page 46: ...RU 46 1 2 3 4 8 3 4 60 C 4 40 80 New Acqua Stop...
Page 47: ...RU 47 1...
Page 49: ...RU 49 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Zone Wash Short Time Zone Wash Short Time...
Page 50: ...RU 50...
Page 51: ...RU 51 Lift Up...
Page 52: ...RU 52 35 35 1 2 3 TABS 1 2 3 4 5 6 7 8 END 9 La...
Page 56: ...RU 56 1 1 2 2 3 3 4 4...
Page 57: ...RU 57 H2O F 6...
Page 59: ...LFF 8M116 KZ 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 59...
Page 60: ...60 KZ WEEE 2012 19 EC 50 C 65 C...
Page 61: ...KZ 61 1 2 3 4 8 60 C 4 40 80 New Acqua Stop...
Page 62: ...62 KZ 1...
Page 64: ...64 KZ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Short Time Short Time...
Page 65: ...KZ 65...
Page 66: ...66 KZ A...
Page 67: ...KZ 67 1 2 3 4 5 6 7 8 9 35 35 1 2 3 TABS...
Page 71: ...KZ 71 1 C 1 2 B 2 3 A 3 4 4...
Page 72: ...72 KZ H2O F 6 195112427 01 05 2013 jk Xerox Fabriano...