52
it
52
kz
бөлшектеуге болады.
8.
Шырын тегеші тұрып қалып, табаннан
алынбаса, «R» тұтқасын 3-5 секунд басыңыз.
Процесті 2-3 рет қайталаңыз.
Тұтқаны ҚОСУЛЫ күйден R күйіне жылдам
бұрмаңыз, ӨШІРУЛІ күйінде бірнеше
секунд күтіңіз.
ШЫРЫН ЖАСАУ КЕҢЕСТЕРІ
•
Шырын шығаруды оңтайландыру үшін
тағамды кіші бөліктерге тураңыз.
•
Мұз немесе мұздатылған жеміс салмаңыз.
•
Тағамды науаға салыңыз. Күштеп итермеңіз.
•
Тағамды бір қалыпты жылдамдықпен
салыңыз, сонда пульпадағы шырынды
шығару өнімділігі максималды болады.
•
Жапырағы көп шөптердің немесе бидайықтың
шырынын шығарған кезде, оңтайлы нәтижеге
қол жеткізу үшін оларды жемістермен немесе
басқа қатты көкөністермен араластырған жөн.
•
Шырынды жаңғақтарды тек жібітілген соя
бұршағы немесе сұйықтықтар сияқты басқа
тағаммен бірге салыңыз.
•
Тегеш бос болғанда құрылғыны қоспаңыз.
•
Қалған шырынды тоңазытқышта сақтау
немесе мұздату керек.
•
Шырын жасау үшін жеміс пен көкөністерді
таңдаған кезде піскен жемістерді/көкөністерді
таңдаңыз. Жаңа піскен жемістер мен
көкөністерде піспеген жемістерге/көкөністерге
қарағанда дәм мен шырын көбірек болады.
Шырынды дайындағаннан кейін бірден ішкен
дұрыс, себебі сол кезде оның құрамындағы
дәрумен мен минералдар мөлшері ең жоғары
болады.
•
Жеуге келмейтін қатты қабығы бар жемістерді
қолданғанда (мысалы, қауын, ананас, манго,
т.б.), оларды шырынсыққышқа салмас бұрын
қабығын ашыңыз.
•
Цитрус тектес жемістерді шырынсыққышқа
салмас бұрын ашу керек.
•
Цитрус шырынының дәмі жақсы болуы үшін
жемістің ішкі ақ түсті қабығын да алыңыз.
•
Шырын жасамас бұрын сүйегі немесе қатты
дәндері бар жемістердің (мысалы, манго,
тегіс шабдалы, өрік және жидектер) сүйегін/
дәндерін алып тастау керек.
•
Алма шырынының түсі қоюланбауы үшін
алма шырынына аз мөлшерде лимон қосуға
болады.
•
Бананнан шырын жасау қиын болуы мүмкін;
банан қолданатын болсаңыз, оны бірінші
немесе екінші ингредиент ретінде қосыңыз,
сонда бананның жұмсағы басқа жемістердің
шырынымен араласып, тарайды.
•
Консистенциясы әр түрлі жемістер мен
көкөністерден шырын жасаған кезде әр түрлі
топтарға бөліп сыққан жөн болуы мүмкін,
мысалы, алдымен жұмыс жемісті (мысалы,
апельсин), одан кейін қатты жемісті (мысалы,
алма) өңдеңіз. Мұндай рет шырын шығару
өнімділігін арттырады.
•
Шөптерді немесе жапырағы көп көкөністерден
шырын жасаған кезде, шырынсыққышқа
салу үшін оларды бумалаңыз немесе басқа
ингредиенттермен баяу жылдамдықта жұмыс
істеп біріктіріңіз.
КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ
ТАЗАЛАУ
Құрылғыға жүйелі түрде техникалық қызмет
көрсету арқасында оның қауіпсіз әрі дұрыс жұмыс
істеуі қамтамасыз етіледі.
Қолданбаған кезде немесе тазаламас бұрын
құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Шырынсыққышты келесі ретпен бөлшектеңіз:
1.
Тағам итергішін шешіп алыңыз.
2.
Бункерді алыңыз.
3.
Шырын шнегін шығарып алыңыз
4.
Елек тұтқышы мен електі шығарып алыңыз.
5.
Шырын тегешін шығарып алыңыз
Алынбалы бөліктерін жылы, сабынды суда қолмен
жуыңыз, одан кейін шайып, барлық бөлшектерді
кептіріңіз. Құрылғының сыртын жүйелі түрде
дымқыл шүберекпен сүртіп, құрғақ орамалмен
сүртіп тұру керек.
Қолданғаннан
кейін
щеткамен
жақсылап
тазалаңыз. Тазалау үшін металл губканы
немесе қырғыш ұнтақтарды қолданбаңыз. Олар
құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Тазалаған кезде резеңке төсем толығымен шешіп
алынғанына көз жеткізіңіз. Тазалағаннан кейін
сұйықтықтар ағып кетпеуі үшін мықтап орнына
бекітіңіз.
Құрылғыны зақымдамау үшін тазалаған
кезде ешқандай күшті еріткіштер, сілтілі
тазалағыш заттар, абразивті тазалағыш заттар
немесе қырғыш заттар қолданушы болмаңыз.
Мотор бөлігін немесе қуат кабелін суға
салмаңыз.
Summary of Contents for SJ 40 EU
Page 2: ...220 240V 400W 1 2 3 4 5 7 10 8 9 SJ 40 EU 6 ...
Page 3: ...A ...
Page 62: ...62 it bg ...
Page 63: ...63 it bg ...